Мөлдiреген жүзiмдi,
Ұстап едiм, езiлдi.Шық
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қоймасын қыс ақтарып,
Жердi жапты ақ мамық.Қар
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аспаннан ақ ұлпан борады,
Қырқаны сейсепке орады.Қар
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Әуеде ақ мамық
Қалбалақтап ұшады,
Қанаты талып,
Жердi барып құшады.Қар
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ақ құмалақ шашылды,
Жан-жаққа бірдей боп.
Күн көзi ашылды,
Жер қапты жұрдай боп.Бұршақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Дауыл ақ дән ұшырып,
Шашып өттi аспаннан.
Шекемiздi iсiрiп,
Қаштық үйге сасқаннан.Бұршақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Шашылды көктен ақ моншақ,
Жоғалды бiздер тапқанша-ақ.Бұршақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аспанды от қамшы осады,
Ащы үнiн ышқынып қосады.Найзағай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жаңбыр жуды жерiмдi,
Көкте өрмек керiлдi.Кемпiрқосақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөктi бар алап.
Көкте түрлi жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат!Кемпiрқосақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Келiстiрiп өрнегiн,
Құрып қойды өрмегiн.Кемпiрқосақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгiлдi.
Бусанып жон-алап,
Терледi, керiлдi.Жаңбыр
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Будақ түтiн түсi аппақ,
Көк жүзiне тұзақтап,
Қойғандай-ақ жылжымай,
Тауды өбедi құшақтап.Ақша бұлт
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бiрде – селдiр жабағы,
Бiрде – теңбiл жабағы.Бұлт
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көшiп жүрiп желменен,
Сеуiп шықты тамшысын,
Қыраттарға шөлдеген.Бұлт
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қара алып жарқыратып,
Жасын атып, күркiрейдi.
Суды сайға сарқыратып,
Демi шөптi сiлкiлейдi.Бұлт
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Етек-жеңi жиналмай,
Дауыл тұрса дым қалмай,
Тұйдектелiп көшедi,
Тоз-тоз болып өшедi.Бұлт
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Дәу шүйкесiн,
Күн алды,
Көк теңiзге түсiрiп,
Шығарды да жұлбасын,
Жел әкеттi ұшырып.Бұлт
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Зәулiмде тұрағы,
Тiреусiз тұрады.Бұлт
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ағаштарды шайқайды,
Көзге көрiнбейдi.
Шарлағанда сай-сайды,
Бiр сәт ерiнбейдi.Жел
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күндiз шырақтай,
Тұрады түгел жадырап.
Түнде, бiрақ та,
Түндiгi жабық шаңырақЖарық пен қараңғы
Санаты: Әдеби жұмбақтар
Ештеңеден қаймықпай,
Көздi арбаған өрнекпен.
Сурет салар айнытпай,
Шебер едi ол неткен?Аяз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Түсi бар көрiнбейтiн,
Бiр тұтас бөлiнбейтiн.
Тынысы ол тiршiлiктiң,
Ешқашан жерiнбейтiн.Ауа
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күн көзiнен құйылады,
Жер бетiне жиылады.
Құшақ ашап барша тiрлiк,
Қуанады, сыйынады.Нұр
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Терезеден есiледi,
Қараңғыны көшiредi.Сәуле
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жыл мезгiлi шуақты,
Жердiң бетi нұрланған.
Сайды қуып су ақты,
Гүлдер өстi ырғалған.Көктем
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Алып кiлем –
Гүлге толы
Үстi кiлең.Жер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Дұрыстап аңғарсаң,
Көктегi бағдаршам.Үркер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күзде шығыстан,
Қыста төбеден,
Көктемде батыстан көрiнетiн,
Шiлдеде күн қасында боп,
Түнде жоғалатын не?Үркер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күндi айналып қозғалады,
Артында жарық жол қалады.Құйрықты жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Мөлдiр көкте бiр ғана,
Шоқтай жайнап тұр дара.Шолпан
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Айсыз түнде қараңғы,
Түнекте де боранды.
Бiр орнынан жылжымай,
Бағыт берер бұлжымай,
Қандай жұлдыз шырағы,
Жол көрсетiп тұрады.Темiрқазық
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көк жүзiнде ай батқан,
Жолақ жатыр,
Аумаған
Төгiп алған қаймақтан.Құсжолы
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күндiз бiлiнбейдi,
Түнде күлiмдейдi.Жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жылт-жылт етiп төбемде,
Түсе алмай тұр төменге.Жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Сарайдың сансыз шырағы,
Нұр шашып, самсап тұрады.Жұлдыз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көк төрiнде жоғары,
Iлулi тұр атамның
Сапталмаған орағы.Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бейнесi суда дiрiлдейдi,
Қармаққа бiрақ iлiнбейдi.Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Орақ болып туады,
Табақ болып тынады.Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Алып мұхит – ақ алау,
Шетi шексiз жағалау.Көкжиек
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі