Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады.Пияз
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Қос басы жұмыр,
Жiңiшке құбыр,
Iшiне жиған,
Дәмi де шымыр.
Жiлiк майы
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Мұз сынды түрi,
Тәттi дәмнiң бiрi.Науат
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Әжем уыстап сығып,
Далада кептiрген.
Қатты әрi тәттi дәмiн,
Кiм бар жеп көрген?
Құрт
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Тобатайға құртымдай,
Жаз бойы бiр тынбай.
Жинаған гүл сөлiн,
Не?
Бiлсең, айтшы өзiң?
Араның балы
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Өзi ащы,
Бiрақ,
Дәмдi етер асты.Тұз
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Шиге жайып кептірген,
Өзі қышқыл, түсі ақ,
Сорсаң дәмді, түсі ақ,
Жаңғақтай-ақ домалақ.
Құрт
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
![]()
Пішінді бірдей 4 бөлікке бөліңіз
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
![]()
Саусақ ізінде ненің суреті бар?Иттің суреті бар
Санаты: Cуретті жұмбақтар
![]()
Суретте неше сіріңке бар?7,5
Санаты: Cуретті жұмбақтар
![]()
Санды табыңыз18
Санаты: Cуретті жұмбақтар
Кесе, шыны, пиала –
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?
Ыдыс
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Қара сиырым қарап тұр,
Қызыл сиырыс жалап тұр.Қазан, от
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Терi құдық қауғасын,
Тарттым да,
Қанып iштiм дәмдi асын.
Саба
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Құлағы бар қалқиған,
Аузы бар аңқиған.
Шығып алып ерте-кеш,
Төрт аяққа талтиған,
Қыздырады жалынға
Дәу қарынын қампиған.
Қазан
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Көлшiкте жүзiп
Түбiн шарлап шығады.
Қауғасы сүңгiп,
Балығын аулап шығады.Кепсер
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Күмiс күбi –
Ортасында құбыры бар,
Тесiк түбi.
Самаурын
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Аузы төбесiнде,
Тұтқасы денесiнде.
Құман
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Отқа қойсаң елпiлдеп,
Быж-быж етiп тұншығар.
Тақиясы селкiлдеп,
Танауынан бу шығар.
Шәйнек
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Сабы бар,
Басы шатыр.
Табысын өлшеп әкеп,
Құдыққа тасып жатыр.
Қасық
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Мөлдiр түрi,
Шеңбер түрi.
Аузы тарлау,
Шыны күбi.
Құмыра
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Ыстықты суытпайды,
Суықты жылытпайды.Термос
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Өткiр жүздi келедi,
Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледi,
Ұсақтап та тұрар ол.
Пышақ
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Қорғаны дөңгелек,
Майда мен iрiнi,
Шығарар бөп-бөлек.
Елгезер
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Тұрса, үйдей,
Жатса, қояндай.Ертоқым
Санаты: Үй заттары туралы жұмбақтар
Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.Сандық
Санаты: Үй заттары туралы жұмбақтар
Шыр көбелек айналар,
Беліне жіп байланар.Ұршық
Санаты: Үй заттары туралы жұмбақтар
Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.Киіз үй
Дауысы бар, жаны жоқ,
Шертсең күйі, әні көп.
Құлағын он бұра.
Ол не?....
Домбыра
Санаты: Әдеби жұмбақтар
3 адам ортадан ақша шығарып 30 теңгеге нан алдырмақшы болыпты. Әр қайсысы 10 теңгеден шығарып, кішкентай баланы нанға жұмсап жібереді. Бала нанды 25 теңгеге сатып алады. Наннан артылған 5 теңгенің 2 теңгесін өзіне алып, қалған 3 теңгені үш адамға бір-бір теңгеден бөліп береді. Бұл кісілер басында 10 теңгеден берген еді. 1 теңгені қайтарып алғанда 9 теңге берген болады. 3 адам 9 теңгеден бергенде үшеуінің қосындысы 27 теңге болады. Баладағы 2 теңгені де қосқанда 29 теңге болады. Сонда бір теңге қайда кетті?Баладағы 2 теңге 27-нің ішіндегі ақша, 27-ге адамдардағы 3 теңгені қосқанда 30 болады
Санаты: Математикалық жұмбақтар
Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат,
Байлауынан бір босамас қызық ат.
Тіл
Ерте тұрдым,
Екі айыр жолға түстім.Шалбар
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
![]()
Суреттен адамды тап
Санаты: Cуретті жұмбақтар
1) Бір сан ойлаңыз!
2) Бұл санды 4-ке көбейтіңіз!
3) Оған 18-ді қосыңыз!
4) Шыққан санды 2-ге бөліңіз!
5) Нәтижеден 7-ні алыңыз!
6) 3-ке көбейтіңіз!
7) 6-ға бөліңіз!
8) Баста ойлаған санды алып тастаңыз!Нәтиже үнемі 1 шығады.
Санаты: Математикалық жұмбақтар
![]()
Суреттен мысықты табыңыз
Санаты: Cуретті жұмбақтар
![]()
Бөлмеден баланы табыңыз
Санаты: Cуретті жұмбақтар
![]()
Бала қораға қарап нені армандап тұр?Көлікті армандап тұр
Санаты: Cуретті жұмбақтар
Альберт пен Бернард Шерилмен достасты. Достастқаннан кейін олар Шерилдің туған күнін білгісі келіп, одан туған күнін сұрады. Шерил оларға 10 вариант ұсынды:
15-Мамыр, 16-Мамыр, 19-Мамыр,
17-Маусым, 18-Маусым,
14-Шілде, 16-Шілде,
14-Тамыз, 15-Тамыз, 17-Тамыз.
Сосын Альбертке қай ай екенін, Бернардқа қай күн екенін айтты. Осыдан кейін Альберт пен Бернард арасында мынадай диалог болды:
Альберт: Мен Шерилдің туған күнін білмеймін, бірақ Бернардтың да білмейтінін анық білемін.
Бернард: Мен Шерилдің туған күнін білмейтін едім, енді білемін.
Альберт: Енді мен де білемін.
Шерилдің туған күні қашан?Берілгені 10 күн, күндер 14 пен 19 арасы. 18 және 19 тек бір ғана рет кездеседі. Егер, Шерилдің туған күні 18-і немесе 19-ы болғанда, Бернард қай ай екенін де сол мезет білуші еді.
Ал Альберт Бернардтың білмейтінін қайдан біледі?
Егер, Шерил Альбертке мамыр немесе маусым айында туылдым деп айтқан болса, оның туған күні 18-і немесе 19-ы болу ықтималдығы бар еді. Бұл жағдайда, Бернардтың білуі де мүмкін еді. Ал шын мәнісінде, Бернард білмеді, мұны бізге Альберт:
"Бернардтың білмейтінін нақты білемін" деп айғақтап тұр. Демек, Шерилдің туған айы мамыр және маусым айларында бола алмайды.
Бірінші Бернард Шерилдің туған күнін білмеді. Альберттің сөзінен кейін, ол қалай біле қойды?
Шілде мен тамыз айындағы берілген күндердің ішінде 14-і ғана екі рет кездеседі. Егер, Шерил Бернардқа оның туған күні 14-і деп айтқанында, Бернард Альберттің сөзінен кейін де қай ай екенін біле алмас еді.
Бернардтың, Альберттің сөзінен кейін туған айды дереу біле қоюы - 14-і емес екенін білдіреді. Демек, бізде 3 вариант қалады: 16-шілде, 15-Тамыз, 17-Тамыз.
Бернардтың сөзінен кейін Альберт те Шерилдің туған күнін біле қойды. Егер, Шерил Альбертке тамыз айында туылдым деп айтқанда,
Альберт біле алмаушы еді, өйткені 3 варианттың екеуі тамыз айына түседі.
Демек, жауап: 16-шілде.
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
![]()
Бір сіріңкені жылжытсаң теңдеу дұрыс болады.
Санаты: Сіріңке жұмбақтары
Жеген сайын жылататын нәрсе?Таяқ
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі