Ұлағатты сөздер – дана, нақыл, мотивациялық сөздер жинағы

Өзің қаламайтынды өзгеге жасама.

Дереккөзі:
Конфуций, «Лунь юй» (论语, Analects), 15-бөлім, 23-афоризм

Ілмектер: Әділдік, адамгершілік, афоризм, Конфуций, Адамгершілік туралы, адамгершілік құндылық Конфуций
WhatsApp Telegram

Барлығы әлемді өзгерткісі келеді, бірақ ешкім өзін өзгерткісі келмейді.

Ілмектер: адамзат, даму, өзгеріс, өзгеру, өзі, мін іздеу, соқыр Лев Толстой
WhatsApp Telegram

Әлемді жаман адамдар емес, жамандыққа үнсіз қарайтындар құртады.

Ілмектер: жаман адам, жамандыққа, жауапкершілік, немқұрайлылық, жаман, жақсы Альберт Эйнштейн
WhatsApp Telegram

Әлемде көргің келген өзгеріс бол.


Be the change you wish to see in the world.

Ілмектер: Өзгерісті Өзіңнен Баста, Әлемді Өзгерту, Жеке Жауапкершілік, Ізгі Өзгеріс, Өзіңді Дамыт, Нақыл Сөз, Махатма Ганди, Шынайы Өмір Махатма Ганди
WhatsApp Telegram

Жауапкершілік алған сәттен бастап адам өседі.

Ілмектер: жауапкершілік, адам, даму, өсу, адамгершілік Белгісіз
WhatsApp Telegram

Адамды биік ететін атақ емес, ар алдындағы адалдық.

Ілмектер: адам, атақ, адалдық, ар, биіктік, Ұлылық Белгісіз
WhatsApp Telegram

Адамды күшті ететін – бұлшықет емес, жауапкершілік.

Ілмектер: адам, күш, бұлшықет, жауапкершілік Белгісіз
WhatsApp Telegram

Білім – дайын жауап емес, дұрыс сұрақ қоя білу қабілеті.

Ілмектер: білім, жауап, сұрақ, дұрыс Интернет
WhatsApp Telegram

Бақытты іздегенге уақыт қысқа емес, бірақ оны жоғалтқанға әр секунд ауыр.

Ілмектер: уақыт Оразбай Сарыбаев
WhatsApp Telegram

Адамнан бәрін тартып алуға болады, бірақ жағдайға деген көзқарасын таңдау еркіндігін емес.

Қайдан алынған:
Man’s Search for Meaning (Өмір мәнін іздеу, 1946)
— концлагерь тәжірибесіне негізделген психологиялық-философиялық еңбек.

Ілмектер: Виктор Франкл, көзқарас, еркіндік, еркіндік жайлы ой, адам, психология Виктор Франкл
WhatsApp Telegram

Өзің мойындағың келмеген қасиеттер тағдыр болып алдыңнан шығады.

Қайдан алынған:
Aion: Researches into the Phenomenology of the Self
және «Shadow (Көлеңке)» концепциясына қатысты еңбектері.

Ілмектер: қасиет, тағдыр, Карл Густав Юнг Карл Густав Юнг
WhatsApp Telegram

Көп адам еркін болғысы келеді, бірақ еркіндіктің жауапкершілігінен қорқады.

Қайдан алынған:
Escape from Freedom (1941)
— еркіндіктен қашу, жауапкершілік психологиясы туралы негізгі еңбек.

Ілмектер: еркіндік, еркін адам, жауапкершілік, жауапкершілік психологиясы Эрих Фромм
WhatsApp Telegram

Ойланбай әрекет ету – зұлымдықтың ең қауіпті түрі.

Қайдан алынған:
Eichmann in Jerusalem: A Report on the Banality of Evil (1963)
— «зұлымдықтың банальдылығы» ұғымы осы еңбекте талданады.

Ілмектер: зұлымдық, ойлану, әрекет ету, қауіп Ханна Арендт
WhatsApp Telegram

Байлық — көп адам үшін жалғыз ғана құндылық, бірақ өмірдегі шынайы құндылық – байлықта емес адамдардың жан-дүниесінде, адамдар арасындағы адалдықта, қамқорлықта және қиындық бен сынақ кезінде бір-біріне жәрдемдесуінде, жанашырлық танытуында.

Ілмектер: байлық, адам, жалғыздық, өмір, құндылық, шынайы, адалдық, қиындық, сынақ, жәрдем, жан, дүние, қамқорлық, жанашырлық Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Ақша қолда мәңгі тұрмайды, ал имандылық пен адамгершілік – мәңгілік байлық.

Ілмектер: ақша, имандылық, адамгершілік, мәңгілік, байлық Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Адам өмірін ақылының құлаштап, түйсігінің түрткілеп, санасы мен өрісінің мүмкін болған логикалық шегі’ жеткен жеріне дейін қауқарласып, келбетін сомдап үлгереді! Өзі қалыптап, қамти алған кеңістік” пен оған тән болған УАҚЫТ* шеңберінде фазасы «БАР» болып көрініп, бағасын «Өзі» құрайды. Одан әрі аспайды.
Адамзат қоғамы содан қалыптасады...

Ілмектер: ақыл, сана, ой, ой-өріс, Өмір, адам
WhatsApp Telegram

Махаббат — күн сайын дәлелдеуді талап ететін теория.

Ілмектер: Махаббат, махаббат туралы нақыл сөздер, қазақша нақыл сөздер, теория Архимед
WhatsApp Telegram

Махаббат — екінші рет дүниеге келу.

Ілмектер: Махаббат, махаббат туралы нақыл сөздер, қазақша афоризмдер, қанатты сөздер Оноре де Бальзак
WhatsApp Telegram

Махаббатқа жетпейді өлең-жырдың өресі, махаббаттың өзі ғой өлеңдердің төресі.

Ілмектер: махаббат, махаббат туралы нақыл сөздер, афоризмдер, қазақша, қанатты сөздер Александр Пушкин
WhatsApp Telegram

Сүйіп үйлену ғана қызық, әдемілігіне ғана қызығып үйлену базардан керексіз нәрсені жақсы болғаны үшін ғана сатып алғанымен бірдей.

Ілмектер: махаббат, үйлену, махаббат туралы нақыл сөздер Антон Чехов
WhatsApp Telegram

Ешегі судан өткенше араласатын достан, өлсе өлігін көрсетпейтін ит жақсы

Ілмектер: дос Мәулітбек Ұлас
WhatsApp Telegram

Теңіздің де тілі бар.

Ілмектер: теңіз, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Немістердің көпшілік қолды рəмізі — əскер болатын: бірақ ол əскерден əлдеқайда артық-тын — марштағы орман десе де болатын еді.

Ілмектер: рәміз, әскер, марш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Көпшілік қалай тез жиналса, солай тез тарайды.

Ілмектер: Көпшілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Көпшілік ешқашан қанағаттанбайды — бұл оның басты белгісі.

Ілмектер: көпшілік, қанағат, афоризм, қанатты сөздер, нақыл, қанағаттанбаушылық Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Заң және тәртіп.
Ақтөбе қаласы
Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған
гимназияның 8 класс оқушысы
Асқарұлы Санжар


1) Заң мен тәртіп сақталу үшін не істеу керек?
Қоғамда бейбіт өмір сүру үшін заң мен тәртіптің сақталуы аса маңызды. Заң адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін басты құрал.
Ал тәртіп - сол заңды орындау мәдениеті. Әр азамат заңды құрметтеп, тәртіпті ұстанса, қоғамда тыныштық пен әділдік орнайды.
Заңды орындау қоғамның тұрақты дамуына жол ашады. Себебі әділеттік сақталған ортада адамдар сеніммен өмір сүреді, еңбек етеді. Қылмыс азайып, халықтың әл-ауқаты жақсарады. Мемлекеттің өркендеуі - әрбір азаматтың заңға деген жауапкершілігіне байланысты.
Мен қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлесімді тәртіпті жүру, өзгелерге үлгі болу арқылы қоса аламын. Қоғамда кішкентай жақсылықтардан үлкен өзгерістер басталады. Заң мен тәртіпті сақтап, оны қадағалау тек полицияның ғана ісі емес, әр адамның борышы.
Қорытындылай келе, заңды сақтау қоғам және адам үшін өте маңызды. Тек адамдарға айтарым: заң мен тәртіпті сақтап жүрейік! Егер де сақтамасақ, қоғамда күрделі мәселелер туындап, қауіп төнуі мүмкін.


















Ілмектер: Өз ойыммен жазылған эссе Асқарұлы Санжар
WhatsApp Telegram

Көпшілік тығыздыққа құмар, көпшілік бағыт-бағдар бергенді қалайды.

Ілмектер: Көпшілік, тығыздық, құмар, бағыт-бағдар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Көпшілік қорыққан кезде қатты ұйысып, бірігуге ұмтылады.

Ілмектер: Көпшілік, қорқыныш, қорқу, бірігу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Адамдар қызу қанды əрі албырт келеді: анаған да, мынаған да ұмтылуға құмар, өзіне-өзі кумир жасап алады да, соның шашбауын көтеріп дедектейді де жүреді жəне басқа дүниенің бəрін ұмытып, тек соған деген құштарлықпен күйіп-жанады.

Ілмектер: қызу қандылық, құмарлық, құштарлық, кумир, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Адамдар бұйрықтың ырқына көнген кезде оның қаншалықты қауіпті екенін онша терең сезіне бермейді: бұйрыққа қарсы шығып, оның билігінің бұйдасын үзуге ерлік керек.

Ілмектер: бұйрық, қауіп, билік, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
WhatsApp Telegram