Білім өз иесін білдіріп тұрады.
Ілмектер: білім
Білім мен ізгілік қана мұратқа жеткізеді.
Ілмектер: Білім, ізгілік, мұрат
Білім — малы жоққа түгесілмес мал,
Ілмектер: мал, білім, қаржы
Қаржысы жоққа — таусылмас қаржы.
Білім ел ішінде.
Ілмектер: Білім, ел
Білім білген пілге мінер,
Ілмектер: білім, піл, көр
Білім білмеген көрге түсер.
Білім болса, бектер биік заңғар-ды,
Ілмектер: білім, биік, заңғар
Жақсы атанып, ашар ізгі заңдарды.
Білім ал, ол өмірдің жолын ашар,
Ілмектер: білім, өмір, жол
Кісіден білім білген бәле қашар.
Білім — таусылмайтын байлық.
Ілмектер: Білім, байлық
Білім — иесінің дәулеті, білімді қайда барса да,
Ілмектер: білім, дәулет, алтын
Алдына алтын тартылады.
Білім — байлық таусылмайтын, бітпейтін,
Ілмектер: Білім, ұры, байлық, қу
Ұры-қары, қу жоқ оны үптейтін.
Білім — адамның байлығы.
Ілмектер: Білім, байлық, адам
Біліктінің сөзі — жанып тұрған жас гүл.
Ілмектер: біліктілік, білікті, гүл
Біліктіні білігі үшін сыйлайды.
Ілмектер: біліктілік, білікті, сый, құрмет
Біліктіден шыққан сөз — әдеп үлгісі.
Ілмектер: біліктілік, білікті, сөз, әдеп, үлгі
Білікті кісі тәнінен ет сыдыртып,
Ілмектер: біліктілік, білікті, білім
Біліммен жанын семіртер.
Білікті кісі — баға жетпес алтын,
Ілмектер: білікті, біліктілік, баға, алтын, бақыр
Біліксіз кісі — бес тиын бақыр.
Білікті бір де шығар,
Ілмектер: біліктілік, білікті, білім
Білімсіз мың да шығар.
Білікті біліп айтар, сөзін ұтар,
Ілмектер: біліктілік, білікті, тіл, білім, білімсіз
Ол емес бос сөзіңді бедел тұтар.
Білімсіз не айтса да, білмей айтар
Өз тілі өзінің кеп басын жұтар.
Білікті біліммен білінеді.
Ілмектер: білікті, білім
Білікті білім біліп, зерделі ұғар,
Ілмектер: біліктілік, білікті, білім, зерде
Жүзеге осы екеуі алып шығар.
Білікті адам сөйлемей-ақ білініп тұрады.
Ілмектер: біліктілік, білікті, сөйлеу
Білікті адам қайда барса да, төрге шығады.
Ілмектер: біліктілік, білікті, төр, адам
Білікті адам керекті сөзін ғана айтады,
Ілмектер: білікті, біліктілік, адам
Керек емесін бүгіп қалады.
Білікті адам жұрт тынғанда сөйлейді.
Ілмектер: адам, жұрт, біліктілік, сөйлеу
Мен сенi көруiм үшiн, сөйлегiн.
Ілмектер: көру, сөйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сократ
Уақыт ағымынан үйренбегендi ешқандай ұстаз үйрете алмайды.
Ілмектер: уақыт, ұстаз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әбул-Хасан Рудаки
От айналу барысы — аңсау мен тойыну.
Ілмектер: аңсау, ақыл, афоризм, қанатты сөздер, нақыл Гераклит
Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы.
Ілмектер: заман, мінез, намыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
Қарап отырма, бiр нәрсеге жарап отыр; кәсiп болмай, нәсiп болмас.
Ілмектер: кәсіп, нәсіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Төле би Әлібекұлы
Маған менiң қалағанымды берiңiздер, сонда мен сiздерге сiздердiң қалағандарыңызды беремiн!
Ілмектер: қалау, беру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Адам Смит
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі