Жан-шырағым
Жан-шырағым,
Оң мен солың теңелмей,
Жазығың не –
Мұншама ерте сөнердей?!...
Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Иран-Ғайып ілмегіндегі өлеңдердің 7-беті.
Теспей терімді іреді,
Бауыздады қанатпай.
Тірлігімнің тірегі –
Ботамды атты,...
Шырылдаған шындықтың –
Соқыр тиын бағасы.
Ұйытқысы сұмдықтың –
Алтын тонның жағасы....
Қажалып зілден тақымы
Белі құнысқан сұраумын.
Болар ма кеніш ақыры
Жазықсыз еңіреп жылаудың?!...
«Атаның көңілі балада-ай,
Баланың көңілі далада-ай» –
Далада қалған баламды
Таба алмай естен танам-ай!...
Адам түрімді жоғалттым,
Қара, сұрыма?!
Неге нала – оқ аттың
Сүйген құлыңа!...
Аруақтай арыдым,
Тұл кейпіне ендім де.
Білмей далмын әлі күн –
Өлген сен бе,...
«Алып-ұшқан жүрегі
Андатқандай талайын.
Болайын деп тұр еді» –
Деді ілкі ағайын....
Жарық күнін Сананың
Күмән бұлты жасырды.
Табытыңа қарадым –
Жүдеп жаным ашынды....
Фәни жалған сорлысы –
Жапа шеккен жалқымын.
Табиғаты-болмысы –
Тайтұяқ саф алтыным....
Бересіңді – бердің,
Аласыңды – алдың.
Құл екенімді көрдің,
Құдай қалпыңда қалдың....
Үлкенге ғайыр кішік ең,
Кішіге құрақ ұшып ең –
Ұғымың үйлесе алмады
Құдайдың құдірет күшімен –...
Жұбанбасыма шарам жоқ,
Шоқ бастым қызыл тіліме –
Тынардай түбі қараң боп,
Мағынасыз, мәнсіз дүние....
Атаңды қайтем көп мінеп,
Уы жоқ оның ішпеген:
Артынан шықса – тепкілеп,
Алдынан келсе – тістеген......
Құс ілмеген сұңқарым,
Мұз құрсанған темірмін.
Түсінбеген іңкәрім,
Күйтұрқысын өмірдің....
Мені құрбан қылмас па еді,
Турасында Құдірет?!
...Екі дүние тұрмас сені
Иіскегенге бір рет!...
Қыларға іс қалмады,
Таусылды ермегім.
Кірген із бар дағы,
Шыққанын – көрмедім......
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі