Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (36) Өлеңдер (18) Мақал-мәтелдер (175) Ұлағатты сөздер (112) Әзіл, анекдоттар (1)

Дұрыс аударма жасау үлкен өнер. Тілдің нәзік сырларын білмей аудару мазмұнды жүдетеді, шығарманың екпінін, ішкі тынысын тарылтады.

Ілмектер: аударма, өнер, тіл, шығарма Бауыржан Момышұлы

Ең терең идеялар - қиын идеялар. Өнердің түбіне сорпа бетіндегі майдай қалқыған түсінікті идея жетеді. Жазушының бір міндеті - идеяны ашу емес, оны мұзартқа көміп, мұнармен бүркеу. «Шайнап берген ас болмас». Оқушы шыңғырғандай болып қиналса несі ерсі? Алсын қамау терін!

Ілмектер: идея, өнер, оқушы, жазушы Асқар Сүлейменов

Мәдениет дегеніміз - кісілер арасыңда адам болу өнері.

Ілмектер: мәдениет, адам, өнер Олжас Сүлейменов

Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек...Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың төресі сол.

Ілмектер: еңбек, өнер, мал Абай Құнанбайұлы

Бір халықтың өз тілінде білім өнері болмаса, ол халықтың тілі бұзылып өзгерді һәм көршілес күшті халықтың тілімен әсірелеп…соған қол болады, оның ішінде жаңалықтар көбейеді. Ол кішкене ұлттарды жаңартып, жандандырылмаған ескі тілі өзінің барлық маңызын жояды һәм жылдам ұмытылады.

Ілмектер: халық, тіл, өнер Ғұмар Қараш

Ақындық – табиғаттың саннан таңдап бірен-саран адамдарға беретін артық өнері. «Көп берілгеннен көп сұранады» деген нақылды ескертіп, аяғына дейін түзетуге керек еді. Тілді бұзбай ұстарту, шеберлету, байыту – ақындардың мойындарына артылған зор борыш.

Ілмектер: ақын, өнер, борыш, тіл Халел Досмұхамедұлы

Жалпы өнер білімнің ішіне ана тілі болуы да кіреді һәм мұның керісінше ана тілі болудан ұлттың білім өнері табылады. Ана тілін білмей тұрып, ешбір білім өнерді таратуға мүмкін емес.

Ілмектер: ана тілі, тіл, білім, өнер Ғұмар Қараш

Тіл өнері дертпен тең.

Ілмектер: өнер, тіл Абай Құнанбайұлы

...адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткіз сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.

Ілмектер: ой, ақыл, ғылым, қайрат, өнер, дүние Жүсіпбек Аймауытов

Үйренсе білім менен сан өнерін,
Білер еді-ау өнердің не берерін.

Ілмектер: білім, өнер Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жастықтың бойынан парықсыз паңдық емес, өз өнерінің күшіне сенер мығымдық тапқан қандай жақсы.

Ілмектер: жастық, жастық шақ, өнер Ғабит Мүсірепов

Мал жұтайды, өнер жұтамайды.

Ілмектер: мал, өнер Абай Құнанбайұлы

Соғыс өнері – бұл жоспарланған және ескерілген тәсілдердің орындалуы.

Ілмектер: соғыс, өнер, жоспар, тәсіл Наполеон Бонапарт

Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеп көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді.

Ілмектер: сөз, өнер, әдебиет, нақыл сөздер Ахмет Байтұрсынұлы

Мен бизнеске шығармашылық тұрғыдан қараймын. Біреулер сурет салады, біреулер өлең жазады. Ал менің жасаған келісім-шарттарым өнер туындысы сияқты.

Ілмектер: бизнес, өнер Дональд Трамп

Ділмарлап сөйлеу — үлкен өнер, бірақ тоқтар уақытыңды білуің қажет.

Ілмектер: сөйлеу, өнер, тоқтау Волфганг Амадей Моцарт

Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер.

Ілмектер: театр, өнер Ғабит Мүсірепов

Бұл ғұмыр тойына шақырылған көптің бәрі бірдей өз өнеріне тиісті орын ала бермейді.

Ілмектер: ғұмыр, өмір, нақыл, афоризм, өнер Әлихан Бөкейханов

Өз жазғанының өнерсізін өшіре алмаған - өнерімен оқырманын өсіре алмас.

Ілмектер: өнер, нақыл, афоризм Мұзафар Әлімбаев

Дариға, жігіт қайда өнер тапқан,
Жан қиып, қызмет қылып, халыққа жаққан?

Ілмектер: өнер, халық, қызмет, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Пікірлер