Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2914)

"нақыл" Ұлағатты сөздер

Бұл бөлімде "нақыл" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді.

Ілмектер: жүрек, қызық, тән, қуат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Iс бiткен соң емес, оған кiрiспес бұрын ойлан.

Ілмектер: іс, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Демокрит
WhatsApp Telegram

Бiлiм алу надандыққа қарсы егiлген дәрi.

Ілмектер: білім, надандық, дәрі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ян Амос Коменский
WhatsApp Telegram

Мұңдасқан көңілде кір қалмайды.

Ілмектер: Мұң, көңіл, кір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Өмір үшін істесең де, өлім үшін істесең де, жұмысыңды тиянақты істе.

Ілмектер: өмір, өлім, тиянақтылық, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин
WhatsApp Telegram

Өз ақылы туралы жоғары пiкiр ұстанған адамды үйреткiсi келген адам уақытын босқа жоғалтар.

Ілмектер: ақыл, пікір, уақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Демокрит
WhatsApp Telegram

Арыз-құрыз, жiк, жала, есеп өссе,
Бiр-бiрiңдi жоқ қылар өсек өссе,
Өз шешеңнiң емшегiн өзiң турап,
Итке тастау дегенiң осы емес пе?

Ілмектер: арыз, жала, өсек, шеше, ана, ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сүйінбай Аронұлы
WhatsApp Telegram

Өзі жат елде қайыршылық қылып жүріп, елін бай деп мақтайтындар — құдай қарғағандар.

Ілмектер: жат, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қайыршылық, бай, мақтау, қарғыс Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Талғам дегеніміз — адам руханиятының көрінісі. Сіз маған нені жақсы көретініңізді айтыңыз, мен сізге кім екеніңізді айтамын.

Ілмектер: Талғам, адам, руханият, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин
WhatsApp Telegram

Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.

Ілмектер: мал, жау, бас, дау, қорлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Ақиқат шырағы оны алып жүрушiнiң қолын жиi күйдiредi.

Ілмектер: Ақиқат, шырақ, қол, күйдіру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пьер Буаст
WhatsApp Telegram

Дегендер «Мен жақсымын» толып жатыр,
Жақсылығы өзiнен артылмаған…
Бәрiнен тыныш ұйқтап жатқандар көп,
Ұмтылып, талап ойлап, талпынбаған.

Ілмектер: жақсылық, талап, ұйқы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Ақылмен iс қылған бек елге сүйкiмдi болады.

Ілмектер: ақыл, ел, сүйкімді, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Әркезде қоғам тiршiлiгi өнiмсiздiкке ұшырап, iштей жұтай бастағанда заман әуенiне қарай не дiнге, не саясатқа қамшы басады.

Ілмектер: қоғам, тіршілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өнімсіздік, заман, дін, саясат Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Ең алынуы қиын қамал — адамдардың бас сүйегi.

Ілмектер: қамал, адам, бас, сүйек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Карл Маркс
WhatsApp Telegram

Өзiңдi әр қадам сайын тоқтата бiлу керек, және бұл әдетке айналғаны жөн. Өзiн тоқтата бiлмейтiн адам тежегiшсiз машина сияқты.

Ілмектер: қадам, әдет, тоқтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Антон Макаренко
WhatsApp Telegram

Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар.

Ілмектер: шошқа, ит, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Жақсы дос білген сырын сыртқа жаймас.

Ілмектер: дос, сыр, құпия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Әр адамның үш мiнезi бар: бiрiншi — оған телiнетiн мiнез, екiншi — оның өзiне телитiн мiнезi, үшiншi — оның жүзiндегi нақты мiнезi.

Ілмектер: мінез, нақыл, афоризм, құлық, қанатты сөздер Виктор Гюго
WhatsApp Telegram

Ерiксiз пайда болатын ой ақылдың сырқаты, оны ауыздықтау ақылды ауыздықтағанды бiлдiредi және бұл желдi ауыздықтағаннан да қиынырақ.

Ілмектер: ой, ақыл, сырқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Махатма Ганди
WhatsApp Telegram