Анаға алғыс сыйым бар
Қабыл ал Ана,
Бұл сыйға әбден лайықсыз..!
Сізге арқа сүйеп, өмір сүріппіз уайымсыз.
Аллаһқа шүкір! Осындай АНА бұйыртқан,
Жүрегіміздің төрінде сіздің жайыңыз!
Мақалалар Өлеңдер Жоспарлар Ұлағатты сөздер
Гүлмекен Қасенбай жариялаған өлеңдер осы бетте берілген.
Қабыл ал Ана,
Бұл сыйға әбден лайықсыз..!
Сізге арқа сүйеп, өмір сүріппіз уайымсыз.
Аллаһқа шүкір! Осындай АНА бұйыртқан,
Жүрегіміздің төрінде сіздің жайыңыз!
Шалықтап күлдім,
Ең алғаш сүтке тойғанда.
Иісін білдім,
Анашым қолға алғанда.
Даусын таныдым,
Әлдилеп мені ұйықтатса.
Жылуын сездім,
Құшағына жайлап қысқанда.
Босамайтын қолы еш,
Менің анам - мұғалім!
Оның ауыр жұмысын,
Жан-тәніммен ұғамын!
Сәлем бердім ұстаздар, сыныптастар,
Жеті оқитын замандас, беу-құрдастар!
«Сөздің басы сәлем» - деп бабам айтқан,
Бармысыңдар қарсылас, құрбы-достар?!
..... қызы .....мін ....... тегі,...
Жәннатқа кірсем, уайымдамаймын әжімді,
Өйткені Раббым, мәңгі жас етер тәнімді.
Шашым ағарып, тістерім мүлдем түспейді,
Аяқ-қолым да, сезбейді ешбір ауруды.
Сұлу ма әлде, сүйкімді ме, суық па?
Орта бойлы, арық па, әлде толық па?
Әйел деген - нұрын шашқан шамшырақ,
Әйелдерсіз үй толмайды бақытқа!
Ренжісіп қалсаңыздар жақынмен,
Кешірім сұрау қиын болса сөзбенен.
Жүректерді жібітетін сезіммен...
Тапсырысқа шығартыңыз игі өлең.
Қызым сенің аппақ жүзің,
Айдан сұлу әдемі.
Сол жүзіңе суық көздер,
Қадалмасын дәмелі.
Еркелетіп келіні емес қызындай,
Немересін өбектеген бір тынбай.
Иманжүзді, мейірімді апама —
Жүрекжарды жыр арнайын құттықтай!
Ақ әжем желбіреген кимешегі,
Елжіреп, айырықша сүйген мені.
Өзгелер еліктесе сәнгерлерге,
Немерең бір өзіңе еліктейді.
Опмай, опмай, опмай, опмай..
Қарсыластар қайтеді?
Біздің бірлестіктің қыздарын «зың» дейді,
Өйткені олар жеңілуді білмейді.
Бірі — басшы, бірі — қосшы, әкімші,
Бұл мектепті біздің қыздар билей...
Нәзік қолдар, нәзік белдер, үзіліп,
Том-том кітап тасып жүрген жүгіріп.
Мұғалім мен оқушылар "талайды",
Одан қалса "кітап бер"- деп, жүгініп.
Айналасы кітап тола сөрелер,
Еңбегі оның көрінбейді,
Себебі ол:
Жазып, сызып, түптеп, санап жүреді,
Оқушының оқулығын таудай мол.
Әкесі:
- Айқайлап жатырмын мен "Бауыржан" - деп,
Ән айтып сен отырсың "ау әке!" - леп.
Әкесі шақырғанда шықпайтындай,
Білгім келеді ұстаған сені не деп?
І. Сары менен Шобалдың құт мекені,
Тоғызбұлақ - Қапездің туған жері.
Самал желмен ырғалып би-билейтін,
Белуардан келеді шүйгін шөбі.
Жылқы жылы кеп жеткен құтты болсын, Ұстаздар!
Рейтингісі мектептің мықты болсын, Ұстаздар.
ҰБТ-дан шәкірттер тек жоғары бал жинап,
Абыройын ауылдың аспандатсын ұл-қыздар!
Асыл ұлы алаштың - Қызыр-Ілияс,
Шыбынға да жан еді қастық қылмас.
Мыңнан озған қазақтың Құлагері -
Салып кеттің қайғыға орны толмас..!
Ұстазым ізгі еді нәзік жаның,
Біздерге еш қаталдық танытпадың.
Сабырмен білім нәрін сіңіріп ең,
Мейірімге бөлеуші едің сәби жанын.
Неге сені жылатып алдым мен еркем?
Күлкің үшін бола ма мың бір гүл берсем?
Әлде саған ғажайып ертегідегі -
Зәулім үйдей бола ма, сарай сап берсем?
Зинақорлық өріс алған заманда,
Тек жайында сұрай көрме адамнан.
Жеті атасын білмей өскен баланың,
Артында тұр зымиян ойлы талай жан!
Әйел адам - сезімдерден тұрады,
Оңай оның күлуі де, жылауы...
Әйел сүйсе көкірегіңді көтерме,
Бар оның әр көз жасының сұрауы!
Қайдан ғана жолықтың жарық күнім?
Шалықтырып дертіне ғашықтықтың..
Кездескелі өзіңмен мазам қашты,
Бөтен болып кеткендей жар, ұл-қызым.
Абайдағы үй, болатын шағын ғана,
Алма, апорт, шие өскен үйді айнала.
Осы шағын жер үйде, ел білетін -
Өмір сүрді хирург Серік ата.
Ерік:
Жиырма жаста кездестім де өзіңмен,
Көз айырмай қарап қалдым көзіңнен.
Бірден сездім "менің жарым осы" - деп,
Алғаш рет ғашықтықты сездім мен!
Күннен де жарық, мейірлі анамның көзі,
Жаныма майдай жағады еркелеткені.
Анамдай мені уайымдап, жаны күйетін,
Таба алмаспын-ау адамды адал жүректі.
Енеге келіні жақпай,
Қайын жұрт күйеуді ұнатпай.
Ит пенен мысықтай болып,
Өмірдің сырғып аққаны-ай.
Бай болсаң - беделің асқақ,
Жарлыға - жақын да жаттай!
Мұсылман - періште емес,
Иманды жай адам.
Нәпсі мен шайтаны,
Күні-түн азғырған.
Сонда да жеңілмей,
Қаншасы келеді.
Иманның бал дәмін,
Олар шын сезеді.
Я, РасулуЛлаһ!
Сізді сағындым!
Арманым бір көру, жүзіңді лағыл нұр.
Мейірімге шөлдесем Өзіңді ойладым,
Қатыгез қоғамда қиналса жаным бір.
Орамал - ең үлкен сый мұсылманға,
Ұсынса біреу оны тастай салма.
Аналар ақ сезімін білдіретін -
Кестелеп, шашақ салып орамалға.
Апам-ау кеткенің бе шыныменен?!
Топыраққа көмілді ме суық денең.
"Рақмет, айналайын!" - деп анама,
Айтатын оянушы-ем сөздеріңнен.
Әке, сізді.. сыртыңнан бір көруге...
Дүниемді түгел құрбан етейін,
Ең жоғарғы ақыны да төлейін.
Бүйрек, бауыр, жүрегім мен тәнімді -
Реніштен асқан дұшпан көрмедім,
Миыма оның кіргенін де сезбедім.
Жанымда ылғи ол болғанда байқасам,
Ашу-ыза тәнді ауыртып, сенделдім.
Бөпе болған қандай жақсы?
Бәрі жақсы көреді.
Көтереді кезекпенен,
Ең дәмдіні береді.
Жыласаң да сүйкімдісің,
Еркелейсің, шулайсың.
Сәл өскен соң ақыл кіріп,
Үлкендерді тыңдайсың.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі