Тойға тілек
Жалғастырып кеше мен бүгінгіні,
Еске сап ата дәстүр – бұрынғыны.
Міне, тағы бас қосты ортамызда
Екі жас ұнатқан соң бірін - бірі.
Жалғастырып кеше мен бүгінгіні,
Еске сап ата дәстүр – бұрынғыны.
Міне, тағы бас қосты ортамызда
Екі жас ұнатқан соң бірін - бірі.
Жемқорлыққа жастар түгел қарсымыз
Тамырымен түгел жою шартымыз
Дәл қазірден күреспесек бұл дертпен
Болып шығар алдың жалын артың құз
Қарап тұрсаң байда көп кедей де көп
Тірлік етсең хақ Алла жебейді көп
Үйде жатып барлығын көрге тығып
Жаннатты жерде жасау тілегі тек
Тарихты сараласам сан ақтарып
Өр мәнез қазақ деген ғажап халық
Мақтаны мың жылдыққа дастан болып
Жазылған шежіреде парақталып
Болашақ Жарқын болар білімменен
Пайдалы кәсіп үйрен ілімменен
МұнайГаз қолдау беріп тұрған кезде
Тездетіп құжат тапсыр бүгін дер ем
Білесің бе тегім кім мына менің?
Мен Адаймын ардақты менің тегім.
Бөлініп жатқаным жоқ қазағымнан,
Тек тегімді айтайын деген едім.
Таудай бізге көрінетін Нағашым
Елі сыйлап берген алтын бағасын
Мақсаттары орындалып аңсаған
Ізін басқан ұлы жолын жалғасын.
Қазағымның еңселі өжет жастары
Ұлы дала, текті ұлттың ұрпағы.
Мәдениет пен білімнің нар толқынын
Жарыстырар еліміздің жастары!
Күйін білмей, шашылатын қазақ бар,
Бай болуға асығатын қазақ бар.
Шашылатын-асығатын қазақты,
Берешекке батыратын қазақ бар.
Пенде едім мұңға көп малынбайтын,
Бір уайымнан болыппын арылмайтын.
Соңғы кезде жақынның ұялыма,
Қоңырауы болыпты шалынбайтын.
Сен аман бол, менің жақсы адамым,
Сен қуансаң, мен дағы мәз боламын.
Тоқтамасын жүрегіңнің соғысы,
Тоқтатқанша айналуды ғаламым.
Шымқаланың әр жаңбыры сені еске салатын,
Сол үніңді есту үшін әлем тына қалатын.
Сен жазар деп елегезіп, қиын күйде жүрсемде
Күтемін деп, таусылмайтын тағатым.
Мағжан ақын азаттықты жырлады.
Талай қиын кезеңдерде мойымады, сынбады.
Елі үшін аянбады жыр жазып
Сол жырлары қуат беріп, орындалды арманы.
Мен сені күтіп жүрмін БАЛАПАНЫМ !!!
Бүгін, ертең келер деп алаңдадым.
Құдіретті Алладан қолдау күтіп,
Бұйрық болса берер деп бағамдадым.
Мін айтып сын айтпаңдар маған ешкім.
Аллаға шүкір деймін, жынды емеспін.
Бар болғаны ана болу бар мақсатым
Келмедіі өкінішпен өмір кешкім.
Менің батыр ұлым бар о, адамдар!
Тең келмейді дүниеде оған небір алтындар.
Бұл өмірде мен іздеген баға жетпес бақытым
Тек ұлымның жүрегінің соғысынан табылар.
Ұлы ақынның ұлы тауын көрсем дегем,
Қарасазға бір барып келсем бе екен?
Ұлы ақыннан түсімде бата алып,
Ұлы шыңды бағындырып келсем бе екен?
Ойнап жүріп байқамай, біз ерте есейіппіз
Бақыттың не екенін, түсіндік есейіп біз...
Бізде енді уақыт жоқ ойнайтын баяғыдай
Ақша тауып, күн көреміз себебі есейдік біз
Бәйтерегім, Ілиясым, құлагерім,
Құлагердей шалынып құлап едің.
Жарты ғасыр жүре алмай бұл жалғанда,
Қалды артыңда амалсыз жылап елің.
Тоғыз айым таусылып жыл жеткен бе?
Амалсыздан қоштасып бұл көктемде.
Ұшып барам ұяңнан алтын мектеп,
Нағыз ақын өлеңсіз құр кеткен бе?
Абай деген ұлы ақыны қазақтың
Қара сөзбен қара өлеңі ғажап тым
Өкініш пен мұңға толған санамды
Абайдың өлеңімен тазарттым
Абай деген ұлы ақыны қазақтың
Қара сөзбен қара өлеңі ғажап тым
Өкініш пен мұңға толған санамды
Абайдың өлеңімен тазарттым
Арайлап атқан таңдай жарқыраған жұлдызым,
Сені көріп ең алғашқы махабатпен басталсын.
Күлімдеген сұлу жаным бірге бақыт табасын,
Күндей жайнап тұратын аққу гүлім боларсын.
Қара сөзбен ,өлеңнен өрнек өрген
Еңбек қылған қазаққа маңдай термен.
Сұлу сөздің сүлейі сері Сәкен
Халқы үшін тар жолмен тайғақ кешкен
Алаштың алдаспаны ақын Мағжан
Бір ғасырда біртуар өзіңдей жан.
Ұмытпаймыз ешқашан есіміңді
Ұрпақ үшін , елдік үшін құрбан болған
Өлеңмен өмір сырын тербеледім,
Өлеңді жанға берер ем дер едім.
Кезгенде тіршіліктің мың белесін,
Жырыменен өз-өзіме дем беремін.
Қандай қиын өзге елден кемдігі,
Туған елдің азаттығы,теңдігі.
Сол уақытта сыналдығой ең басты,
Туған тілмен,Туған жердің кеңдігі.
Қадыр Мырзалиевке арнау
Жауһазындай жырларыңнан сұлулықты таныдым,
От жырларың берді жанға өшпейтіндей жалынын.
Елі менен ер мінезін ұштастырған ақынды,
Байқай алсаң,керемет¬-қой үндестігін жаны...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі