Борп-борп борпылдақ, Борпылдақта қызыл тақ. туралы жұмбақ жауабымен


Борп-борп борпылдақ,
Борпылдақта қызыл тақ.
Қызыл тақта үш тармақ,
Үш тармақта шұқыршақ,
Шұқыршақта бал қаймақ,
Балқаймақта сұр жайдақ,
Сұр жайдақта сері бойдақ.

күл, от, үш аяқты темір ошақ (мосы), қазан, ішіндегі тамақ, қақпақ, ожау


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Басқа да жұмбақтар


Астына шоқ қаладым,
Үстiне шоқ қаладым,
Iшiнде пiсер тамағым.

Таба



Жер баспайтын аяғы,
Апамның ақ таяғы.
Жұдырықтай қамырды,
Жаулықтай ғып жаяды.

Оқтау



Өзі жаңа,
Өзі тесік.

Елеуіш



Кесе-кесе мұқалды,
Жони-жони жұқарды.

Пышақ



Аяғы жоқ, басы бар,
Іліп алған асы бар.
Тиген кезде қолыңа,
Аузыңа тез асығар.

Қасық


Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.