Техника, көлік, шеберхана құралдары туралы жұмбақтар – 8-бет


Үсті тақтай, асты тақтай,
Балалары ойнайды,
Барып тоқтамай қоймайды.

Паром


Тарыға торғай қонса сақпан біледі,
Түлкіні түнде жорытқан қақпан біледі.
Бір жұмбақ мен айтайын сіз тыңдаңыз,
Ат құсап шалқасынан жатқан біледі.

Қайық


Тап-тап, табаны ақ,
Табаны жалпақ қоян ақ.
Басып кетсе ізі жоқ,
Бауыздаса қаны жоқ.

Қайық


Тоғайда туып, суда өмір сүреді.

Қайық


Бар екен екі басты бір мақұлық,
Жүреді аяғы жоқ ырғатылып.
Жаз болса сары қымыз сапырулы,
Қасығын бір шығарып,бір батырып.

Қайық


Екі басты белі бар, омыртқа жоқ,
Сүбелік бүйрегі бар, қабыртқа жоқ.
Жүргенде құс табаны жерге тимес,
Бақай, тірсек, толарсақ, тобық та жоқ.

Қайық


Сойсаң қаны жоқ,
Жеуге еті жоқ.

Қайық


Шапсаң жаңқасы жоқ,
Жүрсең ізі жоқ,
Кессең қаны жоқ.

Қайық


Адам істеп шығарған бір жануар,
Құрғақ жерде жаны жоқ,суда болар,
Жаз болса күні-түні су ішінде,
Бұл не еткен жануар табыңыздар.

Қайық


Тап-тап,тап басқа,
Табаны жалпақ көк қасқа,
Үйірге салсаң кісінемес,
Шөптің басын тістемес.

Қайық


Бір нәрсе өзі жансыз ырғытылып,
Өзінің аяғы жоқ бір мақұлық.
Жаз болса көк шалапты сапырады,
Шөмішін бір шығарып, бір батырып.

Қайық


Бір заттың салмағы ауыр сансыз тонна,
Ұстаған емес оны ешкім қолға.
Пайдасы барлық заттан артығырақ,
Сәнменен кере тартып жатар жолда

Рельс


Бір жолда екеуі жарысады,
Бір-бірінен оза алмай алысады.

Темір жол


Бір қырман ұп-ұзын қып қойдым шауып,
Помощқа елдің көбін қойдым жауып,
Аспанда бұрқырады,топан ұшты,
Алмады жалғыз дәнді адам тауып.

Қара жол


Адамзаттың баласы,
Менсіз кәсіп қылмас та,
Басымды мен көтерсем,
Аспан көкке жетермін.

Қара жол


Ұзын-ұзын, ұзын жіп,
Ұшы қайдан табылар?

Жол


Ұзын-ұзын ұз келер,
Ұзын бойлы қыз келер.

Жол


Екі бөліп жотаны,
Сұлап жатқан семсердей.
Тас қайрақтай табаны,
Жатады бір теңселмей,
Құмырсқадай қаптап жай,
Машиналар мың қилы,
Тізбектеліп тоқтамай,
Үстіменен сырғиды.

Жол


Iндi көп-ақ қазады,
Өзi шыға қашады.

Біз


Саусаққа киiп ем тобатай,
Иненi жүгiрттiм оп-оңай.

Оймақ


Тұтқасыз тобатай,
Ұнатар, көп апай.

Оймақ


Екi басы дөңгелек,
Екi ұшы сүйiр,
Қиғанға үйiр.

Қайшы


Жалғыз аяқ, тiлiк ерiн,
Тұмсығында найзасы бар.
Киiмдердi тiгiп керiм,
Адамға көп пайдасы бар.

Iс машинасы


Екi бөлiп жотаны,
Сұлап жатқан семсердей.
Тас қайрақтай табаны,
Жатады бiр теңселмей,
Құмырсқадай қаптап жай,
Машиналар мың қилы,
Тiзбектелiп тоқтамай,
Үстiменен сырғиды.

Жол


Тұмсығын көкке шүйіріп,
Жерге де басын салады.
Жүктерді ауыр үйіріп,
Көтеріп көкке барады.
Ісіне оның сүйініп,
Адамдар таң қалады.

Көтергіш кран


Жалпақ тұмсық жайын,
Жүзсе дәнің дайын.

Комбайн


Жарыңбас шегені,
Тәубеге келтірер,
Керекті жеріне
Еріксіз ендірер.

Балға


Қақ бөлетін ісі бар,
Адам күшін қолданса.
Алып түсер тісі бар,
Әлі келерге жолданса.

Ағаш кесетін ара


Көк тіреген қызыл өңештен,
Көк ала шу будақтайды.
Орнап.

Зауыт


Су сияқты мөп-мөлдір,
Қызып кетсе өрт ғой бір.
Суық темір көлігің,
Баса алмастан солығын,
Зыр қағады мүдірмей,
Білсең айтшы, кідірмей.

Бензин


Саусақтарды ойнатып,
Ой жүйесін түсінген.
Саналыны ойлантып,
Ақ қағазға түсірген.

Жазу машинкасы


Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымға сүйкеп, жол жөнейді.

Трамвай


Бірінің ізін бірі басады,
Біріне жеткізбей, бірі қашады.

Дөңгелектер


Тоқпаққа тоямын,
Онсыз аян жүрмесім.
Біріктіріп қоямын
Екі заттың іргесін.

Шеге



Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың.

Жол

Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.