Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың.
Жол
Екі тас беттесіп,
Жұтады бидайды.
Бір дәнін бірақ та,
Жеуге өзі қимайды.
Майдалап қайтадан
Адамға сыйлайды.
Зырылдаса айналып,
Беліне шар байланып,
Алғандай бір тон киіп,
Шыға келер томпиып.
Сиқыр да жоқ ісінде,
Алды иесі жүлдені.
Сақталады ішінде
Барлық көрген-білгені.
Бағалаймыз еңбегін
Оны ұстаған сабаздың.
Көшіреді көргенін
Ақ бетіне қағаздың.
Жылжымалы баспалдақ
Бара жатыр аспандап.
Азу тісін қара жерге батырып,
Тұр бір алып топырақты сапырып.
ӨТЕ КЕРЕМЕТ ОСЫЛАЙ ІЗДЕНІП, ҒАЛАМТОРҒА САЛУЫ. КӨМЕК БОЛАДЫ МЕН ҚАДИРКУЛОВА АЙКҮН БАХЖАНҚЫЗЫ!
Өте керемет