Шаруашылық құралдары туралы жұмбақтар – 6-бет

Бұл бөлімде шаруашылық құралдары туралы жұмбақтар ұсынылған. Еңбекке қатысты заттарды тануға арналған қызықты сұрақтар берілген. Мұндай жұмбақтар балалардың тұрмыстық білімін кеңейтеді. Жауаптары бірге көрсетілген.

Бұл 6-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.

Ең көп қаралған жұмбақтар


Бір итім бар қабаған,
Маңдайына темір жамаған.

Шапашот


Жетпіс аяқ бауырында,
Екі қолы жауырында,
Тындырады істі ол,
Жеңілін де, ауырын да.

Ағаш кесетін үлкен ара


Тізіле өскен тісі бар,
Көп істеген ісі бар.

Қол ара


Қаңылтыр қара мейіз, мыстан шеге,
Келбеті бұл жұмбақтың келер неге?

Темір ара


Бас аяғы теп-тегіс боп біткен,
Селкілдесе денесі дір-дір еткен.
Өзіне қандай жуан кез келсе де,
Күшімен қақ айырып бөліп кеткен.

Темір ара


Елу аяқты,
Екі қолды.
Салады елу аяқпен
Жалғыз жолды.

Ара


Басы жоқ, екі беті, тісі бар,
Қақ бөлер бөренені күші бар.

Ара


Тісі көп, аузы жоқ.

Ара


Көк өгізім көл жапырып бара жатыр.

Орақ


Өзі бүкір,
Бүтін қырды таусады,
Қырдан қайтып,
Үйде бір жыл жатады.

Орақ


Ұзын-ұзын із кетті,
Ұзын бойлы қыз кетті,
Қабырғасы қалт етті,
Омыртқасы жалт етті.

Шалғының шөп шабуы


Жаһанда бір айдаһар иір тілді,
Серуендеп сахараға серуен құрды.
Нақақтан өз басына пайдасы жоқ,
Алдына бет келгеннің бәрін қырды.

Шалғы


Жалғанда бір нәрсе бар боз құнандай,
Өзінің ұзындығы оқ жыландай.
Жапырып шөпті бұзып кетеді екен,
Өзінен кейінгіге жол қылғандай.

Шалғы


Алдын ойпар,
Жанын жайпар.

Шалғы

Шаруашылық құралдары туралы жұмбақтар туралы

Бұл бөлімде Шаруашылық құралдары туралы жұмбақтар бойынша жұмбақтар жинақталған. Жұмбақтарды жауабымен бірге оқу ойлау қабілетін, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектеседі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаруашылық құралдары туралы жұмбақтар деген не?

Шаруашылық құралдары туралы жұмбақтар – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.

Шаруашылық құралдары туралы жұмбақтар кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.