Аппақ, ұзын қозғалмай жатыр сулап,
Сол нәрсе қолға түссе кетер турап.Пышақ
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Сүбелі, бүйірі бар, қабырға жоқ,
Жүреді екі қолымен омыртқа жоқ,
Ал өзі өмір бойы жер баспайды,
Бақай, тірсек, тілерсек, тобық та жоқ.Оқтау
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Асқа бармайды,
Аспаздан қалмайды.
Кекпір
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Басы ұяда,
Құйрығы қияда.Шөміш
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Үйректің өзі тереңде,
Ақ құйрығы ернеуде.Шөміш
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Ішкен суын шұңқырға құяды.Шөміш
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Жаңа табақ түбі тесік,
Тақ-тақ етті,
Астынан керуен өтті.Елеуіш астынан өткен ұн
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Бір жансыз, өзі жаңа, дөп-дөңгелек,
Жұтатын қисабы жоқ тамақ керек,
Өзіне керек асын бере берсең,
Қылады ірлі-уақты екі бөлек.Елеуіш
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Өзі - жаңа,
Өзі - тесік.Елеуіш
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Көз алмассың жүзінен,
Үй өткерер көзінен.Елеуіш
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Кішкене ғана аран,
Асты толған боран.Елеуіш
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Үйге біткен бәйтерек,
Жапырағы жыртық терек,
Жапырағы жыртық болса да,
Бәйбішеге сол керек.Елгезер
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Аласа үйден қар борайды.Елгезер
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Тап-тап етеді,
Астынан керуен өтеді.Елгезер
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Ана беттен бір ұрды,
Мына беттен бір ұрды.
Апам ұра берген соң
Аппақ тозаң құйылды.Елгезер
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Жоғарыдан асқан,
Ортасына көр-жөр басқан.Аяқ қап
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Тамаша құстар көрдім құйған қыштай,
Қапаста жатыр алтау іші пыспай,
Қапастан сол алтауы шыға келсе,
Қылады әркім құрмет қолын ұстай.Кесе қап
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Бір ағаштан үй тіктім, тиып-қиып,
Ішіне неше мың жан кетер сыйып,
Тек біріне ғана сен тиіп қалсаң,
Баршасына кетеді бүлік тиіп.Күбі
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Кең балақтың ішінде
Кетпен сап болады.Күбі
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Жансызда бір жансыз бар тоймайтұғын,
Қолында шоқпары бар қоймайтұғын,
Белінде үш-төрт жерден белбеуі бар,
Өзі өлмесе, белбеуі тозбайтұғын.Күбі
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Аузы бар да тісі жоқ,
Оны ұрмаған кісі жоқ.Келі
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Үлкен келін есік ашты,
Кіші келін ұрып қашты.Келі мен келсап
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Буынын басса, былқ етер,
Тайып кетсе, шық етер.
Бәкі
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Айдаһар жылан көрдім екі басты,
Бір басы бір басынан екі елі асты.
Аузына қанша нәрсе түссе-дағы
Аптығып өз-өзінен жұта алмасты.Бәкі
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Түнде буаз, күндіз қысыр,
Күндіз буаз, түнде қысыр.Саба, етік
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Бір бием желіні жетіп егіз тапқан,
Айғыры туар күні үйірін тапқан.
Бірі ұлпал, ласының бірі жаңқа,
Япырай, неткен зерек мұны тапқан.Саба, піспек, май, құрт
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Көк өгізім гүрілдейді,
Жансыз ағаш дірілдейді.Саба піспек
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Бір нәрсе аяғы бар, тұяғы жоқ,
Мойны бар, басы менен құлағы жоқ.
Артында бір көлденең ағашы бар,
Сонда да мал секілді сияғы жоқ.Мес
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Аузы бар да тілі жоқ,
Құйрығы бар да жүні жоқ.Мес
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Ымпиттым да жымпиттым,
Жүнін алып сымпиттым.Мес
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Кішкене ұлым бар,
Кірген-шыққан сүйеді.Кесе
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Он екі аққу, бір тақыр,
Бір тақыр көлді жағалайды.Шыныаяқ, поднос
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Тұтқасы бар ұстайтын,
Алақандай жерге қыстайтын,
Сағат болмай көшеді,
Тиіп кетсең ұшады.Шыныаяқ
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Ерте тұрып шатыра жайдым.Шыныаяқ
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Таңертең тұрып шатырымды құрдым.Шайтабақ
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Бір қарыс, екі тұтам бойы бар-ды,
Өзінің сақилықтан ойы бар-ды.Құман
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
От басында омпиған,
Омырауы томпиған.Құман
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
От басында таукешік.Құман
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
От басында бүкір шал,
Тірлігіне шүкір шал.Құман
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Мұрны ұзын, аузы көрдей қара кемпір,
Төркіні Бұқар жақта, өзі жесір,
Бір күні бұл қашып кетер-ау деп,
Сыртынан бес кісіні қойдық кепіл.Құман
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі