Ерте тұрып шатыра жайдым.Шыныаяқ
Мына сілтемелерді де қарап көріңіз:
Астына шоқ қаладым,
Үстiне шоқ қаладым,
Iшiнде пiсер тамағым.
Таба
Жер баспайтын аяғы,
Апамның ақ таяғы.
Жұдырықтай қамырды,
Жаулықтай ғып жаяды.Оқтау
Өзі жаңа,
Өзі тесік.Елеуіш
Кесе-кесе мұқалды,
Жони-жони жұқарды.Пышақ
Аяғы жоқ, басы бар,
Іліп алған асы бар.
Тиген кезде қолыңа,
Аузыңа тез асығар.Қасық
Сүті жоқ сыңар емшек,
Сәбилер құмар емшек.Емізік
Сүңгіп жүр, жүзіп жүр:
Судан дәм сүзіп жүр.Кепсер
Түгел айтсақ не барын:
Төрт құлақ та бір қарын.Қазан
Бес қаруы бойында.Универсал бәкі
Дос үйіне түстің бе?—
Түгел соның үстінде.Дастарқан
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі