Тақиям толы сөк,
Ерте тұрсам дым да жоқ.Жұлдыздар
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Алдымда әр түрінен жібек жіптің,
Аспанға әшекейлеп кесте тіктім.Кемпірқосақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Себелеп інжу шашады,
Сергітіп көңіл ашады.Жауын
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Там басына тары жайдым.Жұлдыздар
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бір емен жеті терек, алты қайың,
Бұтағы толып жатыр дайым-дайым.
Ішінде шынар терек үш қарағай,
Өңгесін айта беріп не қылайын.Шолпан, Жеті қарақшы, Үркер, Үш таразы
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Екеуі де анасы,
Үш жүз алпыс бес баласы,
Отыз ор дуадақ,
Бес балақ сан,
Қырық сегіз патшасы.Ай мен Күн, бір жылдағы және бір айдағы күндердің һәм бір жылдағы жұманың саны
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Керегенің басында кетпен жаулық,
Кет десем де кетпейді неткен жаулық.Күннің сәулесі
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Тақия толы сөк,
Таң атқанда жоқ.Жұлдыздар
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Керегенiң басында кепкен бауыр,
Кесiп алсаң таусылмас неткен бауыр.Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Азаяр қыста қызуы,
Молаяр жазда шыжуы.Күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аспаннан күбi түстi,
Күбiнiң түбi түстi.Күннің күркіреуі
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жағалдайдың түйесi
Жар жағалап келедi.
Сауырында таңбасы
Күйiп-жанып келедi.Күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Түбі мықты жаралған сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып келе жатыр.
Кезек-кезек соғысып, жатып-тұрып,
Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Отты өшіреді,
Шөпті өсіреді.Су
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қысты күні қаптап,
Қонып жатыр бақбақ.Жапалақ қар
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Түнеріп келіп,
Гүл егіп кетеді.Жаңбыр
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Өзі көкте,
Келбеті көлде.Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күндіз беті таза,
Түнде бетін әжім басты.Аспан
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көрінбей-ақ көзіңе,
Күш танытар өзіңе.
Шайқап шарбақ, тал-бақты,
Зыр жүгіртер қанбақты.Жел
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бары-жоғын білмейсің,
Онысыз өмip сүрмейсің.Ауа
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Түнде күлімдейді,
Суда дірілдейді.Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бейне бір жас балақан,
Шапалақтап алақан,
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады,
Қыста түсі оңады,
Бұл қандай зат болады?Жапырақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ертеңгілік үлкен,
Кешкілік үлкен,
Талма түсте кішкентай.Күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көк аспанды байытқан
Қара бұлтқа тәп-тәуір
Пайда болып ғайыптан,
Ғайып болды от-тамыр.Найзағай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көбелек секілді келгенде,
Кеткенде әбжылан сияқты.Қар
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Тіріде, басы аманда
Асылып тұрар әмәнда.
Аяғы жерге тимейді,
Аязсыз күнді сүймейді.Сүңгі
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Шешесі — су да,
Әкесі — суық.
Көктемде өлер,
Күз күні туып.Мұз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көл бетінде керуен жол.Құс жолы
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бояуларым қашып кетті,
Көк қағазды басып кетті.
Қатарларын тізіп алды,
Арттарында ізі қалды.Кемпірқосақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қазан толды кілкілдеп,
Қайнайды жәй бүлкілдеп.Жаңбыр кезіндегі айдын
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады.Бұлт
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күн күледі,
Жер түледі.
Бұл қай мезгіл?Көктем
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Дәмі де жоқ, түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ.Су
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қара таудай буралар,
Қара бұйра шудалар.
Бура жерге шөгеді,
Бұлау терін төгеді.Бұлт пен жаңбыр
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бой жаза алмай, ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?Күз
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Құйсаң шығар гүл өсіп,
Қатады қыста сіресіп.Су
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көз жасты – жылауық,
Келе жатыр бір алып.
Жабырқаса жылайды,
Жадыраса тарайды.Бұлт
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аппақ, бірақ сүт емес,
Аппақ, бірақ бор емес,
Аспаннан ол түседі,
Даланы ақпен жабады.Қар
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жабағыны ұшырдым
Жерге моншақ түсірдім.Жаңбыр
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Гуілдейді құлаққа
Оны ешкім көрмейді.Жел
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі