Түбі мықты жаралған сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып келе жатыр.
Кезек-кезек соғысып, жатып-тұрып,
Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық
Дауыл дәнді ұшырып,
Шарлар жауды аспаннан.
Шекемізді ісіріп,
Қаштық үйге сасқаннан.
Ортасында діңгегі бар,
Толып жатқан ілгегі бар.
Шөп үстінде қалтырап,
Моншақ жатыр жалтырап.
Жер астынан су шығарып аспанға,
Мәз болады моншақтарын шашқанға.
Қақпаларды ашады,
Жапырақты шашады.
Балалардың қалпағын
Жұлып алып қашады.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі