Қайда қазған,
Тағдырда жазған,
Барлық жұртқа бір ана.Су, дария
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Базардан әкелген бұлымыз,
Жон терісін тіліңіз.
Еті арам, сорпасы адал,
Мұны не деп біліңіз.Құдықтың суы, топырақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бар екен бір мақұлық өзі жансыз,
Келеді кей жері әлді, кей жері әлсіз.
Кеудесі жерден шығып, жерге кірген,
Шешуін мұның біраз ойланарсыз.Аққан су
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аяғы жоқ жүреді,
Сылқ-сылқ күледі.Су
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бар-бар, бар атым,
Бар бойынша жорға атым.
Ажырақ көрсең, тістеме,
Байтал көрсең, кісінеме.Су
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бір жылан жол салыпты әрбір сайға,
Сай түгіл жол салыпты әрбір жайға.Су
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қара атым қалтырауық,
Қабырғасы жалтырауық.Су
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ұзын-ұзын ұз келеді,
Ұзын бойлы қыз келеді.
Қасы қалтырап,
Көзі жалтырап.Су
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен.Су
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ақ боз атым арынды,
Ақ көйлекке малынды,
Таудан тасты атқылап,
Таудан түсті шапқылап.Тау бұлағы
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бір шұқырда көп шұқыр,
Іштен түртіп көп шұқыр.Бұлақ суы
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бар-бар, атым бар,
Жүйрік қана затым бар.
Жылқыға ұқсап кісінемес,
Қолға ұстасам, тістемес.Арықтың суы
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Шыққанда шығыны жоқ,
Жауса жауын бүйірі тоқ,
Қыста жылтыр қақ болар,
Түртінектеп тынымы жоқ.Өзен
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ақ жылан аяғы жоқ, көзі де жоқ,
Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ.
Тоқтамай қысы-жазы кезе берер,
Үстінде бір жапырақ бөзі де жоқ.
Өзен
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін
Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым.
Тау
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Үлкен, үлкен түйені
Тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.Тау
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ұзын кілемім бар,
Көтеріп ала алмаймын.
Ұзын арқаным бар,
Оны жиып ала алмаймын.
Жер мен жол
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аждаһа жерден шығып көкке өрлер,
Қысылып өзгелерден бұрын терлер.
Түрі бар аждаһаның неше түрлі,
Алады қолы жеткен мініскерлер.Жер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жайы-жайы, жай кілем,
Жайылып жатқан бір кілем,
Түр-түр кілем,
Төгіліп жатқан кір кілем.Көктемдегі жер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жүресің-жүресің, ұшын таппайсың,
Ары жүрсең, қайтып келесің.Жер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат, жан-жануар арасында
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.Жер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көкторғын көрдім мен
Көп асыл қадаған.
Адам жоқ өмірде
Асылын санаған.Жер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көк жүнді бір өгіз бар еті қара,
Тілгіле өне бойын етіп пара.
Етін жеп жатсам-дағы майын сорып,
Болмайды өлмек түгіл титтей жара.Жер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жаһанда бір алыпты көрдім күшті,
Барлық салмақ дүниеде соған түсті.
Қандайын дүниеде барлық жеміс,
Солардың атрабында құрап пісті.Жер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жамандық қып, шапқылап жарсаң басын,
Жақсылық қып аямас сенен асын.
Күні-түні сонда да тепкілейсің,
Айтпайсың оған тәңір жарылқасын.
Жер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бір жатқан зор кемеңгер қара кісі,
Қимылдар сол кісіден елдің тісі.
Талқандап беті, жүзін тырнасаң да,
Бір ауыз неге үйттің деу емес ісі.Жер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қағар, қағар, қағар кілем,
Қағайын десе ауыр кілем.
Жер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Зер, зер кілем, зер кілем,
Көтерейін десем зор кілем.Жер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Өлшеусіз піштім,
Жіпсіз тіктім.Жер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Өртесең де ерімейді,
Не тот басып шірімейді,
Өн бойына су сіңбейді,
Ылғал тартып, ірімейді.Тас
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қурап тұрған кеңістік,
Күн күйдірер маңдайды.
Аптабы бар ең ыстық,
Кебірсітер таңдайды.Шөл
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Шөміші жоқ,
Теңізді сапырады.
Кебісі жоқ,
Егінді жапырады.Дауыл
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көрінбейді өзі,
Терезені ұрады.
Айтатын жоқ сөзі,
Ысқырып тұрады,
Болмаса да аяқ-көзі,
Серуен де құрады.
Бұл не?Боран
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бір дүлей күш — қас пейілді,
Итереді кеудеңнен.
Алысайын десең,
Қолға түкте іліктейді.Боран
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жерді тырнап,
Бұтаны ырғап.
Шөпті сипап,
Ұшады зырлап,
Жанын қинап,
Ұлиды зарлап.Боран
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Шөпті жапырып,
Құмды сапырып,
Қоқысты үйіріп,
Әкеткен не шүйіріп?
Құйын
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты.
Керемет-ау кернеуі,
Тасты тесіп, жарыпты.Өзен
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бірде былдыр-былдыр,
Сәбилердің тіліндей,
Бірде сыңғыр-сыңғыр,
Қоңыраудың үніндей,
Ән сап жатқан ерінбей,
Бұл не?Бұлақ
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды.Су
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күннің көзі түйілді,
Көкте бұлт үйірілді.
Сұйық моншақ шашылып,
Жерге нәр боп құйылды.
Тамшы
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі