Көк жүнді бір өгіз бар еті қара,
Тілгіле өне бойын етіп пара.
Етін жеп жатсам-дағы майын сорып,
Болмайды өлмек түгіл титтей жара.Жер
Жер астынан су шығарып аспанға,
Мәз болады моншақтарын шашқанға.
Қақпаларды ашады,
Жапырақты шашады.
Балалардың қалпағын
Жұлып алып қашады.
Түрлі сәуле төгілген,
Көпір көкте керілген.
Біреуі от болып жанып тұр,
Жарығы ғаламат – анық бұл.
Біреуі тек қана жарқырап,
Қуатты жарықтан алып тұр.
Бір-біріне жете алмай,
Бірін бірі басып-озып кете алмай,
Екі мықты жағаласып келеді
Шекарадан өте алмай.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі