Қонақтап күнде келер су бетіне,
Пар келмес гауһар заты келбетіне.
Сәулесі су жүзінде дірілдейді,
Тамаша қарап тұрсаң суретіне.
Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жабықта жарты нан.Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Кішкентай нан барша ғаламға жетеді.Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күндіз әйнегі сынады,
Түнде орнында тұрады.
Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Айдаһар күндіз жатып, түнде шығар,
Қаһарлы қалыбына әркім құмар,
Болыпты туғаннан-ақ күнмен талас,
Күнді көрсе айдаһардың жүзі солар.
Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Керегенің басында кепкен бауыр,
Кесіп алса таусылмас неткен бауыр?!Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көп моншақ ішінде бір түйір қалам.Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ.Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Үй астында ақ тоқым.Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жабық астында жарты күлше.Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Төсек астында жарты нан.Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ақырған айдаһардай арыстаным,
Айтысып тағы жұмбақ қалыспағын.
Екі өркеш, жеті башпай жұмбағым бар,
Осыны ойламай тап, данышпаным.Ай, күн, апта
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қарындасы қонаға
Ағасын іздеп келгенде,
Ағасы қашып кетеді,
Үйден шығып бір жерге.Ай мен күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ғажайып сылақтаған бір арғымақ,
Бірі алтын, бірі күміс екі құлақ,
Болғанда жеті әйелмен аямай-ақ.Күн, ай,отыз күн, апта
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көк жүзіне қарасаң, төбеңде тұрады,
Көл бетіне қарасаң, төменде тұрады.Күн, ай, жұлдыздар
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Керегенің басында кепкен жаулық,
Кет десем де кетпейді, неткен жаулық?Күннің кереге басына түскен сәулесі
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ақ сандығым ашылды,
Қызарып жалын шашылды.Күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен дүрлер шашылды.Күннің көзі
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ұзын-ұзын сырғанақ ,
Ұшығына кім жетер?
Асыл бесік күйкентай,
Жұмыртқасын кім табар?
Күннің батуы, шығуы
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аспанда бір айна бар,
Әлемді көріп айналар.
Күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қызыл күлше тау асады,
Ыстық нұрын шашады.Күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Дүниеде бір алыпты көрдім күшті,
Бар салмақ дүниедегі соған түсті,
Құнарлы қуатынан тояттанып,
Әр түрлі жер бетінде жеміс пісті.
Күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ар жағында орманның,
Ар жағында таулардың,
Алтын кеспек домалар.Күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Табан, табан, табан ақ,
Табаны жалпақ қоян ақ.
Күлген көзі күмістен,
Келе жатыр қоян ақ.Күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жалғанда бір нәрсе бар аяқ қапты,
Ұшады кешке дейін дамыл таппай.
Күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ай далада ақ шатыр,
Ақ шатырдың ішінде
Қызыл көзді шал жатыр.Аспан, күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көрінді ту алыстан көкше теңіз,
Тырнадан он бірі арық, бірі семіз,
Бөлініп бір топ үйрек кетті-ау ұшып,
Ол үйрек әлде жеті, әлде сегіз.Аспан,он екі ай, бір ай ораза, үркердің бірде жеті, бірде сегіз болып көрінуі
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бір анасы, бір атасы,
Бірнеше мың баласы.Ай, күн, жұлдыздар
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Дарияда жайын жүзер дөп-дөңгелек,
Қанаты асты қара бір көбелек.
Жанады бір шаһардан сансыз шырақ,
Адамға қиын екен санап білмек.Ай, күн, күндіз, түн, жұлдыздар
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Алтын кетті,
Күміс келді.Күн мен ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Біреудің бір ұлы бар және қызы,
Біледі ол екеуін дүние жүзі.
Ұйықтайды ұлы түнде, қызы күндіз,
Жүргенде білінбейді басқан ізі.Күн мен ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Тең,тең, тең киіз,
Екі ортасы кең киіз.
Арасында киіздің
Сайрандаған қос мүйіз.Ай, күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Айтайын мен жұмбақ сексен сегіз,
Шешуі қиын емес ескерсеңіз.
Болады бірі өткір, бірі өтпес,
Ақылы мұны тапқан ұшан-теңіз.Ай мен күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Су ішінде екі жайын,
Бірі кетсе, бірі дайын.Ай, күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды,
Екеуі қызықтырған талайыңды.
Жүдемес төрт маусымда мұңаймаса,
Тұрады нұрға малып маңдайыңды.Ай, күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бір қоян қайың тауды арқалаған,
Ертерек қоян еді марқалаған.
Жолында алтын гауһар толып жатыр,
Еш адам ала алмайды балталаған.Күн мен сағым
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Екі тері,
Екеуі де кең тері.Аспан, жер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Түбі көк дария,
Іші мұнара,
Отыз шешегі.Аспан, отыз күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жапанда жайнап тұрған бір бәйтерек,
Заты бар бұтақ сайын жанға керек.
Балта, шөміш, түрен мен мойынтұрық-
Төртеуін таңдап алдым ерекше елеп.Түнгі аспан, Үш арқар, Жетіқарақшы, Көкбозат, Ақбозат, Арқан,Таразы жұлдыздары
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бір түкті кілем,
Бірі түксіз кілем.Аспан, жер
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі