Айдаһар күндіз жатып, түнде шығар,
Қаһарлы қалыбына әркім құмар,
Болыпты туғаннан-ақ күнмен талас,
Күнді көрсе айдаһардың жүзі солар.
Ай
Дауыл дәнді ұшырып,
Шарлар жауды аспаннан.
Шекемізді ісіріп,
Қаштық үйге сасқаннан.
Ортасында діңгегі бар,
Толып жатқан ілгегі бар.
Шөп үстінде қалтырап,
Моншақ жатыр жалтырап.
Жер астынан су шығарып аспанға,
Мәз болады моншақтарын шашқанға.
Қақпаларды ашады,
Жапырақты шашады.
Балалардың қалпағын
Жұлып алып қашады.
Ай