Оқу құралдары туралы жұмбақтар

Бұл бөлімде оқу құралдары туралы жұмбақтар жинақталған. Мектепке қатысты заттарды ойын түрінде тануға көмектесетін қызықты сұрақтар берілген. Мұндай жұмбақтар балалардың білімге қызығушылығын арттырады. Жауаптары бірге көрсетілген.

Ең көп қаралған жұмбақтар

Жаңа жұмбақтар


Сиқырлы таяқ -
Ойдың өрнегі,
Зырласа саяқ,
Көп-аң көргені.
Тұмсығын тіреп,
Шарлайды жазықты.
Сөздерді күреп,
Өзі әбден азыпты.
Түк қалмай жүдеп,
Тауысады азықты.

Автоқалам



Аппақ, аппақ ақ таңдай,
Жарқырап айдын жапқандай.
Алыстан келген тырналар
Тізіліп қонып жатңандай.

Ақ қағаз, жазу



Алуан түрлі із салғанның өзі еді,
Өзінен де пайдалысы өзегі.

Қарындаш



Қала кетті домалап,
Обал-ақ.
Дала кетті домалап,
Обал-ақ.
Көл де кетті,
Шөл де кетті домалап,
Обал-ақ.
Тау да кетті
Бау да кетті домалап,
Обал-ақ.
Не туралы айтып тұрмын,
Тауып көрші жобалап.

Глобус



Оқушыға мақтанды
Бір серігі аз ғана:
«Күнде кешем ақ қарды,
Қыс түгілі жазда да».

Қалам



Тұрады ылғи сөреде,
Іші толы өнеге.

Кітап



Емес ол кітап та, дәптер де,
Жүреді бірақ та портфельде.
Көрсетіп ондағы бағаңды,
Қуантып қоясың ағаңды.

Күнделік




Тау, қыр, жазық, өзен, көл –
Қабырғада биік тұр.
Нансаң, кел, өзің көр –
Бір қағазға сыйып тұр.

Карта




Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама.

Кітап



Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.

Кітап



Қобдиында қайырлы,
Қазынаның бәрі бар.
Тауыссаң көз майыңды,
Қалағаның табылар.

Кітап



Темір аяқты,
Ағаш таяқты.

Циркуль мен қарындаш


Оқу құралдары туралы жұмбақтар туралы

Оқу құралдары туралы жұмбақтар бөлімінде қазақша жұмбақтар жауабымен жинақталған. Бұл беттен балаларға, оқушыларға және ересектерге арналған қызықты, логикалық және танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жұмбақтар ойлау қабілетін дамытып, тапқырлықты арттыруға көмектеседі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Оқу құралдары туралы жұмбақтар деген не?

Оқу құралдары туралы жұмбақтар – ойлауды дамытуға арналған қазақша жұмбақтар жинағы.

Оқу құралдары туралы жұмбақтар кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға және ересектерге де арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері