Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 37-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Болғанменен көп инесі,
Іс тікпейді оның иесі.Кірпі
Сопақша көк өңі бар,
Пайдалы мөлдір сөлі бар.
Піскен кезде жияр,
Оның аты...Қияр
Ақбоз десең ақбоз,
Көкбоз десең көкбоз.Мұз
Аяқ-қолсыз өсіпті,
Ашып-жабар есікті.Жел
Жас кезіңде өзіңмен қатар.
Қартайғанда алда.Еңкейген кәрінің басы, кеудесі.
Бәрі, бәрі тұйық,
Іші толы сұйық.Жұмыртқа
Желіні тас,
Тұяғы ағаш.Бесік
Іші жыртық,
Сырты тыртық.Кедейдің киімі
Аралайсың әлемді,
Шаршамайды ол енді.Көз
Көк теңіздің бетінде көпіршіген жүгері.Аспан мен жұлдыздар
Қатуды білмейтін қос қайнар.Көз
Орғыған қорқақ көзі еді
Қыс пен жазда түрлі тон киеді.Қоян
Атасы қисық ағаш
Анасы жайма шелпек,
Бір сабақта құж-құж жентек.Жүзім
Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ,
Сусыз оның күні жоқ
Жүріп кетсе соңында,
Қалып жатқан ізі жоқ.
Бұл не?Балық
Қырға қызыл кілем жайылды.Қызғалдақ
Гүл гүл жайнап жер аспан
Гүрілдейді сайда өзен
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезең?Көктем
Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан,
Жұмыс істейді әрқашан.Энергия
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді.Күш
Көкке қараған, жұлдыз санаған.Телескоп
Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала-шаға ұсағын,
Бауырына қысады.Магнит
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Стив Джобс
- Леонардо да Винчи
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі