Жұмбақтар жинағы – 41-бет

Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.

Бұл 41-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.

Ең көп қаралған жұмбақтар


Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.

Қарындаш,қалам


Денесі жоқ, аузы қас,
Аузына түскен құтылмас.

Қақпан


Дыбысы жоқ өзінше,
Тынысы жоқ өзінше,
Қатаңдатып жіберер,
Өзге әріпті көзіңше.

Ъ белгісі


«Ащы» дейсің қазақта,
Келу үшін осы әріп.
Құрық жалғап азапқа,
Түсті «ш»-ға дос әріп.

Щ әрпі


Өмірде жоқ,
Өңірде бар.
Ауырда жоқ,
Жеңілде бар.

ң әрпі


Қарда бар,
Мұзда жоқ.
Жарда бар,
Құзда жоқ.

Р әрпі


Қыста демалып, жазда тынбайды,
Көкке атылып, жерге құлайды.

Субұрқақ


Сырты сары, іші дәрі.

Лимон


Құм сиақты ұсақ болғанымен,
Жер бетін жауып үлгереді.

Қар


Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді,
Бір көзім «абайла» дейді,
«Қарап ал маңдайға!» - дейді.

Бағдаршам


Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.

Сиыр


Өзінше ноян
Қорқақ кім?

Қоян


Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар

Сағат


Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.

Мысық


Қаңғырамын үйім жоқ,
Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім,
Тамақтанар-нәсібім.

Қасқыр


Мамықтай жұмсақ болады,
Ұстасаң қолың тонады.

Қар


Жазда жатсаң - көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң – жаның рахат табады.

Ағаш


Дөңгелек пішінді шелпекті пышақпен 3 рет түзу кесу арқылы 8 бірдей бөлікке бөле аласыз ба?

Шелпекті ортадан теңдей етіп бір бөлеміз. Кейін перпендикулярынан тағы бір бөлеміз, сонда бізде теңдей төрт бөлік пайда болды. Осы төрт бөлікті бір-бірінің үстіне қойып орта тұстан тағы бір кессек теңдей сегіз бөлікке бөлінген болады.


Екі бүтін сан табыңыз олардың көбейтіндісі бірлік сан, ал қосындысы ондық сан болсын.

1 және 9


Жұлдыздай жарқырайды,
Күндіз бірақ байқалмайды.

Ай

Жұмбақтар жауабымен туралы

Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмбақтар жауабымен деген не?

Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.

Жұмбақтар жауабымен кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.