Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 42-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Күрең қызыл түсi бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күшi бар.Таба нан
Алға жайып тұз-дәмiн,
Келтiредi үй сәнiн.
Ол халқымның ақ жаны,
Жақсы дәстүр маржаны,
Кеңпейiл де арайлы,
Осы жерден тарайды.Дастархан
Ұранды, шаттықты,
Өкiнiш, аптықты,
Бiлдiрiп ойын талайдың,
Шарға ине қадаймын.Лептi сөйлем
Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады.Сұраулы сөйлем
Сөздi құрап, доп тiземiн,
Қоя салсаң бiр тары,
Жаңалықты жеткiземiн.Хабарлы сөйлем
Ойды аяқтап қорытады,
Соңында доп тұрады.Сөйлем
Мектептiң алтын орағы,
Зейiндiлер одағы.
Жақсы көрер бар бала,
Зерекке дос ол дағы.Бестік
Жалқаумен бiр жүретiн,
Құдды қармақ iлетiн.
Жоламайды зерекке,
Сабақтарын бiлетiн.Екілік
Шәкiрт кездегi,
Бiлiмнiң безбенi.Баға
Бар бiлiмнiң бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кiтап тiл ашқан?Әліппе
Кең алаң – тақырдан,
Шиырлап қайтады.
Ақ қант қатырған.Бор
Иiр-иiр құбыр,
Үрлесең бұлбұл.Керней
Оқуыма төрешi,
Тоқуыма төрешi.
Парақтасам байқалар.
Бiлiмiмнiң өресi,
Онда және жазылған,
Кестем де бар келесi.Күнделік
Әңгiме, аңыз, ертегi,
Нотасы мен әнi бар.
Суретiн де көр тегi,
Қандай журнал бәрi бар?«Балдырған» журналы
Бiлiм менен тәлiм,
Парақты ашқанда
Беттерiнен мәлiм.Күнделік
Қырық екi жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бұлдiршiндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады.Алфавит
Елдерi мен қаласы,
Ойпаты мен даласы.
Теп-тегiс тақтай-ды,
Өзенi де ақпайды,
Тоғайы мен тауы бар,
Бұл не, өзiң тауып ал.Карта
Бiрiн-бiрi қоштаған,
Бiр үйден көрдiм,
Қырық екi дос-жаран.42 әріп
Оқу-бiлiм аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу,
Тиегi бар ашпалы.Сөмке
Доп сынды келбетi,
Онда бар түп-түгел,
Әлемнiң әлпетi.Глобус
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Стив Джобс
- Леонардо да Винчи
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі