Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 48-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп.Поезд
Аспанда жүзеді,
Қанатын қақпайды.
Жерде де жүреді,
Бауырлап жатпайды.
Ұшақ
Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.Зымыран
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
Ағаш
Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.Көгершін
Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.
Мысық
Қиналып көтеріп,
Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді,
Жүкшідей кәдімгі.Құмырсқа
Шұқшитқан кеп әуелі,
Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі,
Бұл қай кітап?Әліппе
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.Бор
Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат.
Бұл не сонда?…Сағат
Екі басты айдаһар
Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп.
Қағазды жеп қояды.Қайшы
Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.Қарындаш
Ағайынды бәрі:
Шықса-көк,
Түссе-сары.Жапырақтар
Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.Қияр
Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
Қауын
Сырты жасыл қатты,
Іші қызыл тәтті.Қарбыз
Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді.Орамжапырақ
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
Жуа
Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы.Мұғалім
Бiлiмнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.Мектеп
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Стив Джобс
- Леонардо да Винчи
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі