Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 49-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Кірге суда кезігеді,
Сүйкенем деп езіледі.Сабын
Кір киімді қалайды,
Өзі кірді жалайды.
Суға түссе шомылып,
Дақты жояр талайғы.Сабын
Сүрткен киімі тазарып,
Өзі қалды тым арып.Сабын
Екі басы қалта,
Ортасы алқа.Тұтқыш
Кір-қоқысты сүймейді,
Сыртқа қуып сүйрейді.Сыпырғыш
Еденді кеп жаласа,
Қалдырмас ол түгіңді.
Аузына таласа
Бар қиқым жүгінді,
Тазалауы тамаша,
Кілем мен алаша,
Жайнайды қараса.Шаңсорғыш
Іші салқын, мұзы бар,
Күнкей қашқан қой сынды,
Жылыда тез бұзылар,
Барша тағам тығылар.Тоңазытқыш
Сабы — таяқ,
Басы — қалақ.
Ұшын жүрер,
Жерге қадап.Күрек
Мөлдір мұз арқылы,
Нұр төгіп күн тұрар.
Кең бөлме әр күні,
Тазарып құлпырар.Терезе
Екі ұшына
Екі шелек іліп алды.
Қайқы таяқ
Иығыма мініп алды.Иінағаш
Қос рельстің арасын,
Қоссам егер белдеулеп,
Биікке өрлеп барасың.Саты
Жай да үнсіз тұрады,
Біреу келсе тез жет деп,
Қоңырауын ұрады,
Дабыл қағып безектеп.Телефон
Жай да үнсіз тұрады,
Біреу келсе тез жет деп,
Қоңырауын ұрады,
Дабыл қағып безектеп.Телефон
Күндіз-түні шатырдан,
Бір түспейтін қарауыл.
Кіндігі үйге тартылған,
Көрінеді бар ауыл.Теледидар антеннасы
Кино менен концертті,
Үйде қойып беремін,
Жаңалығын бар елдің.
Өз көзіммен көремін.
Теледидар
Терезенің тесігі,
Таза ауаның есігі.
Көгілдір түсі бар,
Тас балқытар күші бар.
Газ
Бассаң түймесін,
Шашады сәулесін.Электр шамы
Таспадай қағазға тізіп,
Жазатын әріптері
Шұрық тесік,
Нүкте мен сызық.Морзе алфавиті
Бұрасаң тетігін,
Соғады жүрегі,
Өлшемін түн мен күн,
Әркім-ақ біледі.Сағат
Үш тілі тақылдап,
Жаңылмайтын ақылды-ақ.Сағат
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Стив Джобс
- Леонардо да Винчи
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі