Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 51-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Оны қақса сәйгүлік,
Таста жүрер асыр сап,
Ол жоқта жай жүріп,
Баса алмайды тосырқап.Таға
Жүргек атқа кісенді,
Салып едім, үзе алмай,
Қос аяқтап күшенді.Тұсау
Қос ілгекті орындық
Атқа мініп алады,
Адам оны орын ғып,
Емін-еркін шабады.Ер-тоқым
Сұлап жатқан діңгегі бар,
Қатар тізген ілгегі бар.Көген
Шыр көбелек айналып,
Жүгіреді бір тынбай.
Беліне жіп байланып,
Шөмеле үйер құртымдай.Ұршық
Әжемнің қалпақты таяғы,
Қолына алса жүгірер,
Шорланып белі бүгілер.
Ұршық
Ерні жырық —
Кішкене сырық.
Ұршық
Бесікке іледі,
Әнін де,
Дәмін де,
Сәбилер біледі.Сылдырмақ
Сәбиге сәнді үй,
Әжеге ән-күй.Бесік
Төрт таяққа керілді,
Әдемі үй боп көрінді.Шатыр
Жиегіне қағылар,
Әр есіктің қалы бар.
Ол болса қақпа да,
Ашылып-жабылар.Топса
Күзетем деп үйді,
Жұдырығын түйді.Құлып
Көмейлете інді,
Сүңгітіп ем тілді.
Темір кісен діні,
Кейін қарай шегінді.Кілт
Түбінен үзген,
Қатарлатып тізген,
Сүйрікті тұттым,
Таза ауа жұттым.Ши
Көк тіреп тұрған,
Көп таяқты буған.Басқұр
Дөңгелек үйдің,
Қара-шұбар жыланмен
Белін будым.Белдеу
Қабырғаның кең төрі,
Ажыратпай ұстап тұр,
Жұмыр болат шеңбері.Белдеу
Түріліп тұрар бір басы,
Бұрышсыз үйдің мұржасы.Түңлік
Ұшы екі айыр ақ таяқ.
Сүйеніп тұр жатпай-ақ.
Бақан
Тақиялы сүмбі тал тізбегі,
Ақ шапан жамылды жүн тегі.Үзік
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Стив Джобс
- Леонардо да Винчи
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі