Кең алаң – тақырдан,
Шиырлап қайтады.
Ақ қант қатырған.Бор
Иiр-иiр құбыр,
Үрлесең бұлбұл.Керней
Оқуыма төрешi,
Тоқуыма төрешi.
Парақтасам байқалар.
Бiлiмiмнiң өресi,
Онда және жазылған,
Кестем де бар келесi.Күнделік
Әңгiме, аңыз, ертегi,
Нотасы мен әнi бар.
Суретiн де көр тегi,
Қандай журнал бәрi бар?«Балдырған» журналы
Бiлiм менен тәлiм,
Парақты ашқанда
Беттерiнен мәлiм.Күнделік
Қырық екi жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бұлдiршiндер
Қауымды ел,
Сырын терең ұғады.Алфавит
Елдерi мен қаласы,
Ойпаты мен даласы.
Теп-тегiс тақтай-ды,
Өзенi де ақпайды,
Тоғайы мен тауы бар,
Бұл не, өзiң тауып ал.Карта
Бiрiн-бiрi қоштаған,
Бiр үйден көрдiм,
Қырық екi дос-жаран.42 әріп
Оқу-бiлiм аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу,
Тиегi бар ашпалы.Сөмке
Доп сынды келбетi,
Онда бар түп-түгел,
Әлемнiң әлпетi.Глобус
Бiр санға өсiрдi,
Өзi қалып орнында,
Бiздi алға көшiрдi.Сынып
Бөлiнгендi табыстырып,
Бiрiктiрсе қабыстырып.
Жымдастырған жiгiт де,
Байқамайсың түгiн де.Желім
Денесi бар шыбықтан,
Темiр тұмсық құдықтан,
Сусын алып iшедi,
Ойы iз боп түседi.Қаламсап
Iлулi тұр кең алаң,
Керегiмдi мен одан.
Жазып алам көшiрiп,
Сүртем сосын өшiрiп.Тақта
Үстiнде есiгi,
Өзi орындық, әрi үстел,
Оқушылар бесiгi.Парта
Ай далада ақ отау
Аузы, мұрны жоқ отау.Жұмыртқа
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Сұйық едi аппақ,
Бауырдай боп қатыпты,
Iшсең дәмi тәттi ақ.Айран
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Есiгi жоқ,
Тесiгi жоқ,
Ақ доптың iшiнде,
Несiбi көп.Жұмыртқа
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Түсi аппақ,
Тысы қатты-ақ,
Екi түрлi уызы,
Жесең тәттi-ақ.Жұмыртқа
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Ақ қиыршық еритiн,
Ас жоқ одан жеритiн.Тұз
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Бiрi – ыдысқа керек,
Бiрi – жүрiске керек.Аяқ
Жел соқса,
Жайқалып толқиды.
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды.Өлең
Санаты: Әдеби жұмбақтар
Бiрi – ағаш кесу құралы,
Бiрi – шырынды бал бұлағы.Ара
Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Бір итім бар үрмейді,
Ары-бері жүрмейді.
Тамақ берсең жемейді,
Су ішуді білмейді.
Ол тұрғанда еш адам,
Үй ішіне кірмейді.Құлып
Санаты: Үй заттары туралы жұмбақтар
Тетіктерін игеріп,
Алсаң тілін үйреніп.
Ұшырады аспанда,
Алып қанат «инелік».Ұшақ
Күндіз бар,
Түнде жоқ.
Түзде бар,
Үйде жоқ.
Көз жұмсаң
Мүлде жоқ.
Көлеңке
Бес жігіт біреуінен біреуі аласа,
Тұрады төрті көрші, бірі оңаша.
Бастары бірікпесе кетер әлі,
Ырқына бір-бірінің ұнамаса.
Тастайды тау қпарып, көл қотарып,
Бесеуі бір ниетпе шыға қалса.Бес саусақ
Денесі жүрген сайын аласарып,
Сызады алуан кесте тамаша ғып.
Болғанмен діңі қатты, тілі тәтті,
Балалар жатады оны таласа алып.Қарындаш
![]()
Өткен ғасырдың 60-шы жылдары екінші сынып оқушыларына төмендегі жұмбақ ұсынылған. Суретке мұқият қарап 6 сұраққа жауап беру керек:
1. Кеме ағынмен жоғары немесе төмен қарай жүре ме?
2. Жылдың қай мезгілі бейнеленген?
3. Өзен осы жерде терең бе, таяз ба?
4. Айлақ алыс па?
5. Айлақ өзеннің қай бетінде орналасқан (оң, сол)?
6. Суретші күннің қай уақытын бейнелеген?
Оқулықтың жауаптары:
1. Бакендер орнатылған ағаш ұшбұрыштар ағысқа қарсы орнатылады. Яғни кеме өзенмен жоғары жүзіп бара жатыр.
2. Суретте құстар бейнеленген; олар бұрыш түрінде ұшып бара жатыр, бұрыштың бір жағы қысқарақ: бұл тырналар. Тырналардың топтасып ұшуы көктемде немесе күзде болады. Тырналар оңтүстік жаққа ұшып бара жатыр. Демек, суретте күз бейнеленген.
3. Өзен бұл жерде таяз, матрос фарватер тереңдігін сырық арқылы өлшеп тұр.
4. Кеме айлаққа жақындаған: бір топ жолаушы заттарын алып, кемеден түсуге дайын болып тұр.
5. 1-ші сұраққа жауап беру арқылы біз өзеннің ағысын анықтадық. Өзеннің оң немесе сол жағасын анықтау үшін ағыс бойына қарап тұруымыз керек. Кеме айлаққа жақындағанын білеміз. Жолаушылар біз суретке қарап тұрған беттен түсуге дайындалып тұр. Яғни, ең жақын айлақ өзеннің оң жақ жағасында орналасқан.
6. Бакендерде шамдар орнатылған. Оларды кештен алдын қойып, таңда алады. Малшылар малды ауылға айдап бара жатқаны көрініп тұр. Яғни суретте кешкі мезгіл бейнеленген.
Санаты: Cуретті жұмбақтар
Жасыл адамды көргенде не істеу керек?Жолдан өту керек
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Қай кезде аспан жерден төмен бола алады?Судағы бейнесінде
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Тоғыз қабатты үйден биік секіруге бола ма?Болады, себебі тоғыз қабатты үй секіре алмайды
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Аш қарынға қанша жұмыртқа жеуге болады?1, себебі екіншісін жегенде асқазанда бірінші жұмыртқа болады
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Көл бетінде 6 үйрек жүзіп жүрді. Аңшы біреуін мылтықпен атып тастады. Көл бетінде неше үйрек қалды?0, қалғандары ұшып кетті
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Үлкен шар басып кетпеуі үшін кішкентай шарды бөлменің қай жеріне сақтау керек?Бөлменің бұрышында
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Бір қаладан екінші қалаға барады. Бірақ қозғалмайды. Ол не?Жол
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Машина оңға бұрылған кезде қай дөңгелегі қозғалмайды?Запастағы дөңгелегі
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Бір жылда қанша айдың 28 күні бар?12
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
![]()
Маймыл тісті доңғалақты айналдырғанда тілше қандай санды көрсетеді? 1 немес 2? Жұмбақты шешудің екі жолы бар.Тілше 2 санын көрсетеді. Шешімнің бірінші жолы суретте көрсетілген. Екінші жолы:
Тісті доңғалақтарды зерттейік:
— әр тісті доңғалақ тіркелген келесі доңғалақты кері бағытта айналдырады,
— белбеулі доңғалақ айналу бағытын өзгертпейді,
— сегізді-белбеулі доңғалақ қарапайым тіркестегідей доңғалақтың бағытын өзгертеді.
Доңғалақтарды санап шығайық. Айналу бағытын өзгертетін беріліс жұп болған жағдайда, соңғы доңғалақтың айналу бағыты өзгермейді. Тақ болса – кері бағытқа өзгереді. Бізде 16 беріліс: 14 жағдайда бағыт өзгереді, 2 жағдайда өзгермейді.
Нәтижесінде тілше 2 санын көрсетеді.
Санаты: Cуретті жұмбақтар
Әрі төсек, әрі үй.
Иесі оның сәби.Бесік
Санаты: Үй заттары туралы жұмбақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі