Бес жігіт біреуінен біреуі аласа,
Тұрады төрті көрші, бірі оңаша.
Бастары бірікпесе кетер әлі,
Ырқына бір-бірінің ұнамаса.
Тастайды тау қпарып, көл қотарып,
Бесеуі бір ниетпе шыға қалса.Бес саусақ
Біз едік, біз едік,
Отыз екі қыз едік.
Қатар-қатар тізілдік,
Кезек-кезек үзілдік.Тіс
Жанды мотор сынбайды,
Күні-түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін
Дәрігер де тыңдайды.Жүрек
«А» мен «қ»-ның арасы,
Бір-ақ әріп, санашы!
Онсыз аттап жүре алмас,
Адамзаттың баласы.Аяқ
Бір дария жерде де емес, көкте де емес,
Болғанда түбі терең, аузы кемеш,
Ішіне ит түссе де арам емес.Адамның көзі
Бір таудың алпыс екі саласы бар,
Он екі жанында қаласы бар.
Бау-бақша, түрлі өсімдіктер,
Барлығын біліп тұрған анасы бар.Адамның алпыс екі тамыры, он екі мүшесі
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
Анэлья
Өтінем жауыбын айтыныздаршы
Ания
Бес саусақ