Сырт-сырт етіп соғады,
Кеудесінде жүрегі,
Өзі тілсіз сөйлейді,
Өзі жансыз жүреді.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Денесі бар, сөзі жоқ,
Аяғы жоқ жүреді.
Күнді, түнді өлшейді,
Екі тілді жүрегі
Шешуін кім біледі?Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Қозғалады орнынан,
Бірақ рет күнінде.
Ел ұйықтаса ол ояу -
Тыныштық жоқ үнінде.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Бір нәрсе күні бойы санап тұрады,
Оған жұрттың бәрі қарап тұрады.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Болаттан салған жүрегі,
Сырт-сырт соғып жүреді.
Үйде арқандаулы тұрады,
Тыста кісендеулі жүреді,
Күнді метрсіз өлшейді,
Сөзсіз түсіндіреді.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Сырт-сырт сыртылдайды,
Тілі екеу, сөзсіз үн шығады.
Кейде екеу бір жерде,
Қосылып бірге дем алады.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Сырт-сырт соғады,
Уақыт озады.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Тағы бар өнер біткен асыл шөлмек,
Бір толып, бір басылып, қайтып келмек.
Күні-түн жиырма төрт жұмыртқасы,
Қанаты ақтан сары бір көбелек.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Шіңгірлеген жеңешем,
Шыр етті де оятты.
Гуілдеген ағекем
Гу етті де ұзатты.Сағат, гудок
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Бір кісі бар дүниеде,
Шемішке шағып тұрады.
Бұл кісіден әр уақыт
Әркім мезгіл сұрады.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Өмірді өлшейді,
Ешкімнен сұрамай.
Тіліңді алмайды,
Тетігін бұрамай.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Келгенде күн төбеге болады түс,
Кезегін ұмытады жаз бенен қыс.
Күніне он екі айлық жол жүреді,
Өзінің қанаты бар, бір жансыз құс.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Бір нәрсе күндіз-түні шыр айналған,
Есебін оның айтқан кім ойлаған.
Қарайды анда-санда аузын ашып,
Жаңылмас есебінен қара басып.
Мойнында бір құлаштай шынжыры бар,
Жүреді адамзатпен араласып.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Дегенде алпыс бұтақ, алпыс бұтақ,
Бір бұтақта бар екен алпыс жапырақ.
Өзі жансыз, жандыдай қызметі бар,
Үлкендігі түйенің көзіндей-ақ.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Өзінен өзі айналған бір диірмен,
Көрінеді әр парасы бір бүйірден.
Қылдан нәзік ішінде бір жібі бар,
Қолы епті екен, шіркін-ай, кім иірген?Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Мен көрдім күн шығыстан бір диірмен,
Түс болса тұрады екен оң бүйірден.
Ішінде қылдан нәзік бір жібі бар,
Ол жіпті қолы епті, кім иірген.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Желсіз, сусыз айналған бір диірмен,
Шыққан күннен айналып бірдей жүрген.
Қылдан нәзік мойнында бір бауы бар,
Ақылың жетік данасың ойлап білген.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Бір нәрсе дөңгелейді шыр айналып,
Келеді бір жеріне қайта айналып,
Қызықты мұндай нәрсе бола ма екен,
Отырар оны көрсе ер жайланып.Сағат
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Үйрегім бар еді үйде үш жүз алпыс,
Мұнша үйректі санап алу елдің салты.
Күніне бір үйрегім жоғалады,
Айтшы сен сол үйректі кім алады?Күнтізбе
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Жабысқан жар бетінде көрдім бір зат,
Ай, жұлдыз,күн мен түнді тұрар санап.
Жанында шешен де бар, көсем де бар,
Мүшесі үш жүз алпыс алты қабат.Күнтізбе
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Үш бірдей бағып жүрмін арғымақты,
Біреуі біреуінен қарғымапты.
Үш бірдей үшеуінен қаққан қазық,
Біреуі біреуінен тар болмапты.Таңертен, түс, кеш
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Бірі - ақ, бірі - оның туған қара,
Отыздан он екі рет өскен дара.
Үш жүз алпыс әрбірінің серігі бар,
Жұп қылып бөліп алған екеу ара.Күн,түн,он екі ай,әр айдағы отыз күн
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Баяғыда болыпты екі патша,
Бірі қуып бара жатса, бірі қашса,
Артында он екіден баласы бар,
Үш жүз алпыстан болады тұқым шашса.Күн мен ай,он екі ай - үш жүз алпыс
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Алдымен қара тұлпар озық келер,
Арғымақ мойнын созып кейін келер,
Соңынан боз арғымақ басып озып,
Айналып бірін-бірі жүре берер.Түн, таң, күн
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Жаралған бұл дүниеде екі қақпақ,
Мезгілімен ашылып және жаппақ.
Болғанда бірі қара, екіншісі -
Күмістей жарқыраған сүттен де аппақ.Күн, түн
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Бір ұяда жеті жұмыртқа.Апта
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Бір адамға он екі егіз,
Бір егізде біреусіз сегіз.Ай мен апта
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Шілдедей шуақ күні бар,
Бұлбұлдайын үні бар.
Көк шалғыны құлпырған,
Масатыдай түрі бар.
Қызықтырған адамды,
Неше түрлі гүлі бар.Мамыр айы
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Екі үлкен нар көрдім,
Бірінің жақсы нұры бар,
Бірінің жаман түрі бар,
Арасында үзілмес бұйда жібі бар.Жаз бен қыс
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Жерде жоқ, көкте жоқ,
Бір әңгелектен әңгелек шығады.
Он екі бөлек,
Біреуі-ащы,
Біреуі-тұщы.Он екі ай, жаз бен қыс
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Шақырса келмес,
Жаяу жүрмес.Жаз
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Көрсең реңді, қарасаң көрікті,
Ол болмаса жұрттың бәрі
Бір бәлеге жолықты.Жаз
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Жолда кеткен ақ қоян,
Жолға қарап отырды.
Қарға менен құзғынды,
Ұйқыменен жоқ қылды.Қыс
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Аспанда қаһарланған алты терек,
Ұясы алтауының бөлек-бөлек.Алты ай қыс
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Алпыс аттың етін жер,
Жілігін шақпай майын ішер.Алты ай қыс
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Алтауы ала қасқыр, алтауы қара қасқыр,
Біріккен он екісі қара басқыр,
Жиылып бір тырнаны бәрі жеген,
Көрейік сол тырнаны жақындастыр,
Бір сирағы тырнаның ой,жамағат,
Үйге тіреу болғандай алты қанат,
Сол үйдің үлкендігі сондай екен,
Артылар алты нарға қаттап қабат,
Ол нарды кіші десең, ей, жарандар,
Бір үлкен бәйтеректің басын шалады,
Бітіпті сол бәйтерек құба жонға,
Түбінен ерте ұшқан бір тұрымтай,
Басына кешке қонар әрең зорға.
Демеңіз күнді қысқа тағы нашар.
Семіз бар таңдағанға көңіл ашар
Әреңмен кешке барып бұзаулайды,
Болғанда таң мезгілі қашқан қашар.Алты ала қасқыр - алты ай қыс, алты қара қасқыр - алты ай жаз, бір тырна - бір жыл, бір сирағы - жарты жыл, алты нары -алты ай, бір нары - 30 күн, бәйтерек - бір ай, тұрымтай - туған ай, қашар - шыққан күн
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Алты арыстанды үш бөрі сорған,
Жілігін шақпай майын сорған,
Терісін теспей қанын сорған.Алты арыстан - алты ай жаз, үш ай тоқсан
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Руымыз әнжан,
Атқа міндік алты адам,
Алтымыз да балуан,
Тұра қашты бір қоян,
Басып қалдық жалма-жан.
Басып тұрдық бесеуміз,
Бауыздадық біреуміз,
Мойны шықты қырық сабын,
Бұзаушығы былай тұр.
Терісі шықты алпыс етік,
Қырық ұлтан,
Сыздығы былай тұр,
Мұны өтірік демессің,
Ойланып ал, шыдай тұр.Алты ай жаз, бір жыл, бес ай қыс, қыстан жазға аударылған ай, қырық сабыны - қырық күн шілде, терісі алпыс етік шықты дегені - көктемнің екі айы, алпыс күн
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Күзетші бір-екі адам ол жаһанда,
Ораулы он екісі бір шапанда.
Ұстайды он екісі отыз шоқпар,
Қырық құрық даярлаулы қашағанға.
Қарасам жеңі бесеу ол шапанда,
Көрмедім бұндай шапан бұл жалғанда.
Аузы жеңдерінің бүрмеленген
Анықтап он екі пар түймеленген.
Апырмай, есебі жоқ толып жатқан,
Қиындық ойлап тұрсам тарау-тарау бұл не деген?Жыл, күн, жұма
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Басына биік таудың бітеді раң,
Жайлайды ол раңды екі түрлі аң.
Қолына өткір семсер қылыш алып,
Шығады аң аулауға салып ұран.
Ат мінген бұл екеуі жүгендемей,
Дүниені кетпекші емес түгендемей,
Астында екеуінің аты бар,
Құрығы шолақ болған бөгендемей.Жыл, жаз, қыс
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі