Базардан бір текемет алдым сатып,
Алты айдай текеметте жүрдім жатып.
Бұл іске мен ғажайып болып тұрдым,
Қалды ғой алты айдан соң айран қатып.Жаз бен қыс
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Ботасы жоқ нар құр боздайды,
Әр заманда аяғын бір қозғайды.
Әр заманда аяғын қозғаса да,
Ұшқан құс та, жүгірген аң да бір озбайды.Жыл мен ай
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Атасы мен анасы,
Үш жүз алпыс бес баласы,
Он екі ауыл шамасы,
Отыз ор дуадақ,
Бес балақ сан,
Елу екі қарашы.Күн мен ай, үш жүз алпыс бес күн, он екі ай, бір айдағы отыз күн, айлардан тыс алынып жылға қосылатын бес күн, бес қонақ, жыл ішіндегі елу екі апта
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Келеді үлкен алып аузын ашып,
Жүреді он екі аяқ қадам басып,
Отыздан әр бірінде саусағы бар,
Құтылмас ешбір адам одан қашып.Жыл, он екі ай, отыз күн
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Тауда дарақ, екі бұтақ,
Біреуі гүлді, біреуі гүлсіз.Жыл, жаз, қыс
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Бір ағашта он екі ұя,
Әр ұяда отыз жұмыртқа.Жыл мен ай
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Лұғат жұмбақ қылып, сөз бастадым,
Жаралған бір мақұлық үлкен жайын.
Өзінің басы жеті, қолы он екі,
Отыздан саусағы бар қол бас сайын,
Жиырма төрт құлағы бар бір басында
Жолдас боп жүрер оның кім қасында?
Бірі - ақ, бірі - көк, екі көзі
Тұрады бақырайып арқасында.Он екі ай,отыз күн,бір күндегі жиырма төрт сағат, күн мен ай
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Үй артында бір дуан,
Бір ұлы бар ханға дуан,
Қырық сегіз қызы бар,
Бәрі жуан.Бір жыл,бір ай ораза,бір жылдағы қырық сегіз жұма
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Үш жүз алпыс алты анасы,
Қырық сегіз болар баласы.
Он сегіз бөлек ұясы,
Ішінде екі ақ жұмыртқасы.Жыл,бір жылдағы апта,күн,ай
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Үш жүз алпыс бес шығыршық,
Қырық сегіз тығыншық,
Аққу жылына екі рет балалайды.Үш жүз алпыс бес күн,қырық сегіз жұма,екі айт
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Ойдан шықты бұл жұмбақ,
Ойшыл ерлер ойлан тап.
Өзгермейді өзінен
Бұл жаһанда бір дарақ.
Ол дарақтын бойында
Дәл он екі бар бұтақ.
Бұтақтардың басында,
Үш жүз алпыс жапырақ.
Жапырақты қарасақ,
Бір жағы қара, бір жағы ақ,
Бұл жұмбақты кім шешсе,
Болсын дейміз жасы ұзақ.Жыл он екі ай,үш жүз алпыс күн, күн мен түн
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Бір жайын тынбай жүзер дөп-дөңгелек,
Ұясы үш жүз бес, алпыс, бөлек-бөлек,
Сөткеде жиырма төрті жұмыртқалап,
Ақ,қара қанаты бар бір көбелек.
Тағы да нұрға толмақ асыл шөлмек,
Таусылып алмағайып қайтып келмек,
Әлемде алты арыстан ысқырғанда,
Жиылып құрт-құмырсқа бәрі де өлмек.
Айтуға сонда қиын болғанмен де,
Тұрады барлығын да заңы билеп.Бір жыл,үш жүз алпыс бес күн, жиырма төрт сағат, бір ай
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Үш жүз алпыс бес жасадым болып жуан,
Қырық сегіз қызды болдым бір алуан.
Қатар өскен бар менің он екі ұлым,
Бір ұлым бар олар да ерек туған.Бір жыл, қырық сегіз жұма,он екі ай,бір ай
Санаты: Уақыт туралы жұмбақтар
Түйеде жоқ, ешкіде бар,
Доңызда жоқ, қоңызда бар.Мүйіз
Түрлі-түрлі түр кілем,
Түр аласы бір кілем.Малдың шуы
Он екі түйе, он жылқы, тоғыз сиыр,
Бес ешкі, бір жарым қоян.
Малдың бала көтеретін уақыты
Он екі қысырағым бар:
Екеуі - жуан буаз,
Екеуі - күмән буаз,
Екеуі - анық буаз.
Екеуі - танық буаз,
Екеуі - жіңішке қысыр,
Екеуі - ат қысыр.Екі ортан жілік, екі тоқпан жілік, екі асықты жілік, екі қары жілік, екі жанбас, екі жауырын
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Алтынын алып,
Әбдіресін лақтырдым.Жілік
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Жол, жол, жол жатыр,
Жол айнала қол жатыр.
Тамақ қолдың ішінде,
Айдаһар жегір хан жатыр.Малдың өті
Айтайын айт дегенде, ая батыр,
Болғанда асты гауһар, үсті шатыр.
Қазандай қара тастың дәл түбінде,
Бір түрлі адам таппас зәһәр жатыр.Малдың өті
Бір шал бар ауылымызда барпылдаған,
Басында екі найза жарқылдаған.
Іш майын құмырадан аңқытып ап,
Кімді көрсе, артынан жалпылдаған.
Өзі кәрі болғанменен сылқым сері,
Ақ сокна белбеуі салпылдаған.Теке
Сақалы бар,
Санасы жоқ.Ешкі
Асты пышақ, үсті істік,
Өзіне лайықтап киім пішкен,
Секіріп-секіріп түскен.Ешкі
Қайырып басын тастаған,
Қайқайып қойды бастаған.Ешкі
Төрт аяқ ортасында бүгілі бар,
Сөйлейтін өз алдында пиғылы бар.
Халінше сайманы ғой керек заты,
Көтерген екі дана құрығы бар.
Беретін жақынына жаны ашып,
Ашытқан бір аяқтай қымызы бар.Ешкі, төрт аяғы, екі мүйізі, сүті
Абылай айтқан жұмбақ,
Тоғай толған жұмбақ,
Біреуін бірі өлтірді,
Ақылды кісі шешкен жұмбақ.Мал сойған адам
Санаты: Әдеби жұмбақтар
Тоғай іші толған жұмбақ,
Ақын жігіт айтқан жұмбақ,
Шешен қатын шешкен жұмбақ.Қойдың ішек-қарны және оны аршу
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Абылқайым айтқан жұмбақ,
Айналысып жатқан жұмбақ.Ішек-қарын
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Ашылмаған сандықта,
Пішілмеген құндыз бар.Қозы
Ерте кетіп, кеш келе,
Тері тонды жануар.
Моншақ төгіп кетеді,
Жылтыраған суы бар.Қойдың құмалағы
Ауылдан ерте тұрып, кетер сыртқа,
Көп жанға жалғыз нәрсе болды тұтқа,
Сол жерден аз жұмысын бітіріп ап,
Қайтады қуанышпен бір уақытта.Жайылған қой, қозы
Шапаным да, тоным да,
Арқаның жүр жонында.
Атам соның соңында,
Таяғы бар қолында.Қой, қойшы
Азанда кетер ләйлекен,
Кеште келер ләйлекен.
Түрлі-түрлі жібектен,
Түймесі бар ілгектен.Қой, ешкі
Баурындағы бұлағын ел ішеді.
Шабылады жотасынан пішені.Саулық қой
Екен, екен, екен жұмбақ,
Екі етегін түрген жұмбақ.
Қазалыға барған жұмбақ,
Қақтың суын ішкен жұмбақ.Қой
Төрт тағанды бойы бар,
Момындық дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар.Қой
Арқасы бар, аунамайды,
Аузы бар, күйсемейді.Сиыр мен ат
Түйір-түйір төртеу,
Түймеменен бесеу.
Жалғыз тайы жалғыз,
Темір қазық екеу.Сиырдың төрт емшегі, кіндігі, құйрығы, екі мүйізі
Төрт туысқан бір шұңқырға құяды.Сиырдың емшегі
Төсек астында төрт бауырсақ.Сиырдың желіні
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі