Ойдан шықты бұл жұмбақ,
Ойшыл ерлер ойлан тап.
Өзгермейді өзінен
Бұл жаһанда бір дарақ.
Ол дарақтын бойында
Дәл он екі бар бұтақ.
Бұтақтардың басында,
Үш жүз алпыс жапырақ.
Жапырақты қарасақ,
Бір жағы қара, бір жағы ақ,
Бұл жұмбақты кім шешсе,
Болсын дейміз жасы ұзақ.Жыл он екі ай,үш жүз алпыс күн, күн мен түн
Алпыс қырат, он екі өзекпенен,
Жүремін деп өзімді тежеп келем.
Үш арғымақ астымда; бірі шабан.
Бірі жүрдек, біреуі безектеген.
Күндіз-түн сарнайды,
Жағы бір талмайды.
Тоқтамай безеді,
Бір ізден танбайды.
Қалсаңыз көз жазып
Өкінтіп алдайды.
«Тик-так», «так-так»,
«Тұр-тұр», «Жат-жат»
– деп әмір береді,
Шаршамай келеді.
Таңдайы тақ, тақ,
Талмайтын неткен жақ!
Бір өзінде екі тіл,
Сөйлемейді бірақ.
Тық-тық ұрып
Шегесін қадап,
Мезгілді саған
Айтады санап.
Бір жыл жауабы
Жыл он екі ай,үш жүз алпыс күн, күн мен түн
Себебі бір жылда он екі ай бар .360 күн бар .Ақ қара жапырақтары ол күн мен түн