Сағат туралы жұмбақ жауабымен


Күндіз-түн сарнайды,
Жағы бір талмайды.
Тоқтамай безеді,
Бір ізден танбайды.
Қалсаңыз көз жазып
Өкінтіп алдайды.

Сағат

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Басқа да жұмбақтар


Құраса да бір атау
Бүтін болып қос мұңлық,
Құра алмайды бір отау,
Әлімсақтан ол – шындық.




Алпыс қырат, он екі өзекпенен,
Жүремін деп өзімді тежеп келем.
Үш арғымақ астымда; бірі шабан.
Бірі жүрдек, біреуі безектеген.




«Тик-так», «так-так»,
«Тұр-тұр», «Жат-жат»
– деп әмір береді,
Шаршамай келеді.




Таңдайы тақ, тақ,
Талмайтын неткен жақ!
Бір өзінде екі тіл,
Сөйлемейді бірақ.




Тық-тық ұрып
Шегесін қадап,
Мезгілді саған
Айтады санап.



Жұмбақ бөлімдері мен түрлері