Қаз қатар қатарынан бір озбайды,
Аяғын анда-санда бір қозғайды.
Бозінген желіп кетсе желден жүйрік,
Жоқ оның ботақаны құр боздайды.Телеграф
Қатар-қатар қоздаған,
Бірінен-бірі озбаған.
Ботасы өлген інгендей,
Аңырап тұрып боздаған.Телеграф
Жапанда біткен көп ағаш,
Көгермейтін қу ағаш,
Асты топырақ, үсті тас,
Бір бұтағына қарасаң,
Петербормен шамалас.
Бір бұтағына қарасаң,
Бұқарамен аралас.
Жаны жоқ десең жырламас,
Жаны жоқ деп біреуін,
Қылышпен ұрсаң қанамас.Телеграф
Жел жұтады бүйірінен,
Қақалуды білмейді,
Құлағынан май құйса,
Сықылдайды, күледі,
Төбесінен жарқылдап,
Жалындатып күйрейді.
Бәсеңдесе жалыны,
Инеменен түйрейді.Примус
Бар екен бір азырақ іште суы,
Бұл өзі бір талайдан екен қуы.
Бір-ақ қарыс темірді түртіп қойсаң,
Шығады ашуланып сыртқа буы.Примус
Бір нәрсе қатпар қарын гүрілдеген,
Ішінде қуаты бар көрінбеген.
Адамзаттың қолында ықтияры,
Жұмыстан өзі ешбір ерінбеген.Ет турайтын машина
Тамыр-тамыр тамаша,
Тұрған бойы аласа.
Дүниенің жүгін бітіреді,
Адамға барып жанаса.Тігін машина
Шұбар ала қызым бар,
Тұмсығында бізі бар,
Келіп кетер тоқтамай,
Артынан түскен ізі бар.Қол машина
Ой желке, қамыс құлақ, жібек жалды,
Иесі мәпелейді жануарды,
Суарып анда-санда бір шалдырса,
Білмейді қысы-жазы арығанды.Қол машина
Базардан келген бір тайлақ,
Басын қойдым байлап.
Байласам да тұрмады,
Ор текеше ойнап.Қол машина
Күміс құйрық, жібек жалды,
Ой желке, қамыс құлақ, серке санды.
Әрі бері жауменен шапқыласып,
Бәрін де қырып-жойып басып алды.
Қол машина
Бар екен бір жеңешем қап-қара тас,
Жемейді, ішпейді де, болмайды мас.
Халықтың бәрін тегіс киіндіріп,
Дүниеден өткен өзі жалаңаш.Қол машина
Ғажайып кемпір көрдім жалғыз аяқ,
Аузына тістегені жалғыз таяқ.
Табаны жалтыр мұздан бір таймайды,
Зырлайды күні-түні аянбай-ақ.Қол машина
Жансызды жалғыз аяқ зарлатады,
Аяғын бір көтеріп, бір басады.
Апырмай бұл не екенін біле алмадым,
Айында тітімдей-ақ нәр татады.
Қол машина
Жоғарыда айдадым,
Белін жіппен байладым.
Сыпыра тақта астында,
Шалып, қағып ойнадым.
Қол машина
Жайма жалды, серке санды,
Ұстағанда құйрығын түріп алады.Қол машина
Бүп-бүккіш күміс құйрық, серке санды,
Ой желке жалпақ маңдай ,жібек жалды.
Бекініп жар астында жатқан жауға,
Барды да кешікпей-ақ найза салды.
Суарып анда-санда шалдырмады,
Білмейді қысы-жазы арығанды.Қол машина
Ән салады чемодан,
Қшінде тұр көп адам.
Естімейді сөзіңді,
Сөйлесең де сен оған.Теледидар
Қараңғы тамның ішінде,
Ақ төсектің үстінде.
Бір-бір жарым сағат ішінде,
Бір адамның тағдыры шешіледі.Көгілдір экран
Сөйлейді жан жоқ кеудесінде,
Қызықты мағына бар кеңесінде.
Суретін шежіре етіп тартып берер,
Болғанын қанды майдан егесінде.Кино
Жаны жоқ сөйлеп тұрған денесінде,
Ұмытпай мәңгі қалған сөз есінде.
Тарихтан бұрынғы өткен хабарлайды,
Мәделі тығулы тұр кеудесінде.Кино
Есіксіз үй кішкене,
Әңгіме айтар кей шақта.
Жан адам жоқ ішінде,
Ән де салады кей уақытта.Радио
Ай болмас айдан айға ауыспаған,
Ақылын пенде біліп тауыспаған.
Дүниеде өзі жансыз, ғажап екен,
Адамзат тиіп кетсе дауыстаған.Радио
Адам емес, тілі бар,
Әрбір үйден табылар.
Үй емес жалғыз тұрағы,
Көшеде де тұрады.Радио
Бір бұлбұл отырады салып әнді,
Жүруге аяғы жоқ, емес жанды.
Өнері қандай асқан деп ойлаймын,
Әп-сәтте жер түбінен хабар алды.Радио
Бір нәрсе қуыс-қуыс болған өзі,
Адамша естіледі айтқан сөзі.
Дауысы анық болып шыққанменен,
Көрінбес бас-аяғы екі көзі.Радио
Бір нәрсе доп-домалақ ақылы зерек,
Қолына ұстағаны ағал терек.
Беліне орағаны мәсен белбеу,
Ауыздан шыққан сөзді білер зерек.
Телефон мен сымы
Бір жәшік төрт бұрышты сырғасы бар,
Көтерсең сырғасынан даусы шығар.
Қанша алыс болсаң-дағы екі сырға,
Есітіп бір-біріне жақын қылар.Телефон
Шыр-шыр етеді,
Құлағыңнан өтеді.
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді.Телефон
Көзге түртсең сөйлейді,
Көзім ауырды демейді.
Сұрауға жауап береді,
Адамға осы керегі.Телефон
Бір құсым бар жаны жоқ,
Қанатының саны жоқ.
Кісіге өзі тым жақын,
Сөйлесуге дамыл жоқ.Телефон
Жылдам барып қайтады,
Не айтсам соны айтады,
Жатырқамайды ешкімді,
Бекер деп кім айтады.Телефон
Судан шықты тасбақа жылмаңдаған,
Қайқайтып ап тұмсығын сумаңдаған.
Денесі болат темір сондай мықты,
Артқы жағы бұрқылдап, сырдаңдаған.Моторлы қайық
Үйрек емес, қаз емес,
Балық емес судағы,
Өзі жүзе біледі.
Жемі көмір және май,
Шешуін кім біледі?Пароход
Дүниеде бір нәрсе бар бек қуатты,
Бойына жиып алған салтанатты.
Төбеде екі түрлі айдары бар,
Жүреді су сабалап құс қанаты.
Пароход
Бардым базарға,
Алдым бір жорға,
Жорғалаттым жолдан жолға.Мотоцикл
Мысықтан зор бойы бар, бірақ жансыз,
Адамға пайдасы көп тіпті сансыз.
Бірдей қызмет атқарды малменен ол,
Үстіне шығарар ол еш амалсыз.Мотоцикл
Кем көрмеймін аттан өзін,
Мініп жүрем баптап өзін.
Бірақ аттай жем жемейді,
Болдырмай, шөлдемейді.Велосипед, мотоцикл
Бір зымырақ дүниеде екі аяқ,
Күш берген оған дағы аямай-ақ
Адамды көтеріп ол ұшады екен,
Былқылдап құс төсектей жұмсақ тұяқ.Велосипед
Екі аяқты жануар,
Жаны жоқ, басқан ізі бар.
Үзенгілі, жүгенсіз,
Тартпасы жоқ, ері бар.Велосипед
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі