Примус туралы жұмбақ жауабымен


Жел жұтады бүйірінен,
Қақалуды білмейді,
Құлағынан май құйса,
Сықылдайды, күледі,
Төбесінен жарқылдап,
Жалындатып күйрейді.
Бәсеңдесе жалыны,
Инеменен түйрейді.

Примус

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Басқа да жұмбақтар


Үш тармақты – денесі,
Кеменің шойын өресі.




Екі тас беттесіп,
Жұтады бидайды.
Бір дәнін бірақ та,
Жеуге өзі қимайды.
Майдалап қайтадан
Адамға сыйлайды.




Зырылдаса айналып,
Беліне шар байланып,
Алғандай бір тон киіп,
Шыға келер томпиып.




Сиқыр да жоқ ісінде,
Алды иесі жүлдені.
Сақталады ішінде
Барлық көрген-білгені.
Бағалаймыз еңбегін
Оны ұстаған сабаздың.
Көшіреді көргенін
Ақ бетіне қағаздың.




Жылжымалы баспалдақ
Бара жатыр аспандап.



Жұмбақ бөлімдері мен түрлері