Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты.Велосипед
Өздігінен жүрмейді, жарыспайды,
Кісі мінсе жарыстан қалыспайды.
Аяғы екеу болғанмен ізі жалғыз,
Сағатта талай жерді қарыштайды.Велосипед
Бір нәрсе қозғалады желіп, жортып,
Көзіне көрінгенді жейді жұтып,
Жұтқанын бір ұртынан түсіреді,
Адамзат пайдаланар керек етіп.Молотилка
Бір нәрсе келе жатыр сондай епті,
Сайраған сақылдаған тісі көпті,
Жұтпайды, тістегенмен қайта құсар,
Мал, мақұлық сол құсықтан қорек етті.Шөп машина
Болғанда екі қанат, отыз қолы,
Қалады тап-тақыр боп жүрген жолы,
Бар екен алақандай аралшығы,
Адамзат пайдаланып жүр ғой оны.Шөп тырма
Бас салып талқандайды қырқып, кертіп,
Адамзат зыр жүгірер құрмет етіп,
Тамағын тойғыза алмас кешке дейін,
Барша адам жұмыс қылған, қызмет етіп.
Комбайн, жұмысшы
Сабан той бастап,
Салды бір әнді.
Сабанды тастап,
Сыпырды дәнді.Комбайн
Бір батыр тамақ берсең, жұта берер.
Ішінде сүйектері бақша-бақша,
Уатып талқан қылып құя берер.Комбайн
Бір нәрсе ауырлығы алты батпан,
Ызаланса ашуланып жерді қапқан.
Ұстасы адамзаттың соққан емес.
Бағалап сом темірге күміс жапқан.Трактор соқасы
Кеудесі толған күш,
Табаны толған тіс.Трактор
Төрт аяқты, екі көзді,
Кеудесі бар, басы жоқ,
Білегі бар,аяғы бар,
Өзі күшті, қолы жоқ.Трактор
Бұрқылдаған қара нар,
Аласұрар шатынап.
Жүрген жері ор болып,
Қала берер қазылып.Трактор
Отыз аттың күші бар, бір тұлпардың,
Келеді оған әлі топты жанның.
Сом болат тұяғымен тартып жерді,
Табады бір керегін шаруаның.Трактор
Айдалада бір нәрсе көресің бе,
Бар екен жалғыз көзі төбесінде.
Апырай немене деп барып қалсам,
Жаны бар алқам-салқам денесінде.Түнде жер айдап жүрген трактор
Гүр-гүр етеді көкірегі,
Жүрсе көксау секілді,
Күш дегенің өте мығым,
Тасиды кейде егінді.Трактор
Төрт аяғы бар,
Артқы аяқтарының тұяғы бар.
Сирағы темірден,
Тұяғы болаттан.
Май ішеді бензиннен,
Бұл не деген жануар?Трактор
Денесі ирек-ирек жалғыз тісті,
Бір өзі бітіреді сонша істі.
Тісіне қанша салмақ салса-дағы,
Созылғыш, әрі сынбас, әрі күшті.Трактор
Қара азбан дем алыс жоқ бақырады,
Қолы көп сансыз саусақ батырады.
Тісімен қара жерді быт-шыт қылып,
Жер үстін борандатып шарқ ұрады.
Трактор
Қара атан тынбай жүріп ақырады,
Артынан ертіп алып төрт-бес жанды.
Қыртысын қара жердің қақ айырар,
Күшті де көріп пе едің мұндайларды?Трактор
Салалы саусағы бар сабақ тарақ,
Тықпалап біреуіне бірін таяп.
Былғаныш қара күйе қарны айналып,
Текшелеп жиып береді сандықтай-ақ.Баспа машина
Шың, етсе шыңқылдайды әлек-шәлек,
Жыбыр-жыбыр шимайы бөлек-бөлек.
Шырай беріп шимайы барлық жанға.
Несі барын білмеймін көз телміреді.Баспа машина
Бір үйде бір құс отыр мекен еткен,
Он жігіт кезек-кезек қызмет еткен.
Қолына қалам алмай хат жазады,
Келіп тұр түрлі әріп әрбір шеттен.Баспа машинка
Жоқ даусы, жоқ сөзі,
Жарқырайды көп көзі.
Жолыңды ашып тұрады,
Бұйрығын жұрт ұғады.Бағдаршам
Төбесі сымға тимесе,
Ол ешқашан жүре алмас.
Өз иесі басқармаса ,
Оны ешкім бұра алмас.Трамвай, троллейбус
Жүйіткіген дәу үйінде,
Жүйрік деп ел сүйінді.
Тас жолда жұртты тасып жүр,
Жылдамдыққа басып жүр.Автобус
Тау басында кібіт көрдім,
Оны ашатын кілт көрдім.
Екі басты жүйрік-ті,
Ортасына мініп көрдім.Машина
Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында қаны жоқ.
Май жейді,
Су ішеді.Машина
Бір жануар домаланған екі көзді,
Адамның ықпалымен жүреді өзі.
Сияды ішіне оның төрт-бес кісі,
Жарқырап түнде жортса екі көзі.Жеңіл машина
Төрт аяқты, екі көзді,
Өзі жансыз жүреді.
От пен майдан жемі бар,
Құрыш болат жүрегі.Автомобиль
Жаһанда бір жолаушы аузын ашып,
Аяғын келе жатыр жылдам басып.
Жарқырап маңдайында екі көзі,
Қлезде жеткізеді жерге қашық.Автомобиль
Ақырып айқай салар аузын ашып,
Жеп қояр деп ойлама үркіп, сасып,
Адымы бір күншілік жерді басқан,
Жолынан жан мақұлық тұрар қашып.Отарба
Жүйрік бар жер бетімен самғайтұғын,
Жол салса жері бар ма бармайтұғын?
Аяғын жазды күні жерге баспай,
Қыста да қар үстінде талмайтұғын.
Соңына ертіп алған серігі көп,
Зымырай бірге ілесіп қалмайтұғын.
Жануар су ішсе де шөп жемейді,
Шын жүйрік шабысынан танбайтұғын.Поезд
Ұзын-ұзын жолы бар,
Жолмен жүред жануар.
Дауысы зор әндетсе,
Денесі болат жануар.
Өзі жүрсе ертеді,
Жолдасын бастап жануар.Поезд
Ойланып мен жұмбақты енді жазам,
Дүниеде бар бір күшті қара қазан,
Үстіне жанды-жансыз толған мүлік ,
Ән салып кетіп жатыр азан-қазан.Поезд
Қара нар қатарынан бір озбаған,
Боз інген ботасы жоқ құр боздаған.
Қызыл ат желмей, жортпай алысқа ұзап,
Аяғын анда-санда бір қозғаған.Поезд
Бір керуен қатарында өңшең түйе,
Аузынан жалын шығар қара күйе,
Жүрмейді ұрса-дағы басқалары,
Бәріне жалғыз бура болған ие.Поезд
Бар екен бір нақты зат түсі қара,
Сүйрейді неше мың пұт іліп ала.
Болғанмен жүгі ауыр, жүрісі тың,
Таңданады көрген жандар тамашаға.Паровоз
Топтанып келе жатыр қара қабан,
Ойлаған жерлеріне тынбай барған.
Аузынан қара көбік бұрқ-бұрқ шығып,
Болдырып шаршамайтын сондай айуан.Паровоз
Дүниеде бір жүйрік бар,
Жалғыз көзі жайнаған.
Мың кісі сансыз темірді
Арқасына байлаған.
Дем алмастан бақырып,
Жердің жүзін шарлаған.
Тау-тасты қопарып,
Мұрнынан лебі парлаған.Паровоз
Жоқ оның моторыда, қанаты да,
Сонда да ұшқыштардың санатында.Парашют
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі