Формы бар домалақ,
Көміп қойдым сығалап,
Жақсы болса тұрмысы,
Шығады екен қоғалап.
Бес ай тамам біткенде,
Қаптап алдым құмалақ.Картоп
Бір күмбездің ішінде мың күмбез.Жуа
Бар екен жер астында түйме басты,
Мәнісін адам тауып айта алмасты.
Өзінің кемеліне әбден келіп,
Басына көріктей ғып ығыр шашты.Жуа
Жер астында ақбоз ат,
Терісі бар он қабат.
Жалынан ұстап соярсың,
Жей бастасаң жыларсың.Пияз
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.Пияз
Қанттан ақ, бүйірі тоқ,
Жерден алар керегі көп.
Киетіні қызыл, жасыл көйлектер
Ол не екен; кәне, достар, ойлап көр?
Пияз
Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар.Сарымсақ
Тоғыз қабат қызыл торқасында,
Өседі екен ақ сүйрік ішінде.Сарымсақ
Жер астына түседі,
Сап-сары боп өседі.Сәбіз
Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым.Сәбіз
Қызыл, қызыл, қызыл қыз,
Бұрымы кеткен ұзын қыз.
Өзі ұйқыға батады,
Бұрымы сыртта жатады.Сәбіз
Сары балам ішкері,
Сақалдары тысқары.Сәбіз
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.Сәбіз
Жер астында жез қазық,
Жеуге болар ас қазық.Сәбіз
Жер астында қызыл қыз отыр.Сәбіз
Жер астында темір қазық.Сәбіз
Әңкүр-мәңкүр әкесі бар,
Жайлы шыбық шешесі бар.
Сұлу бикеш қызы бар,
Арамзада ұлы бар.Жиде тал
Болат жапырақ шешесі бар,
Тәтті бике қызы бар,
Тастай қатты баласы бар.
Жиде
Сары қапта бір қап ұн,
Ұн ішінде бір ұстұн.
Жиде
Сырты қызыл, іші ақ,
Ортасында бір таяқ.
Жиде
Гүлсіз миуа піседі,
Көп жесең тіл жарады.
Ай сияқты дөңгелек,
Бұны кім табады?
Әнжір
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.Алма
Түсі бар ақты, көкті, қызыл ала,
Пайдасы адамзатқа тиген жаңа.
Қойыпты ортасына қазық қағып,
Сүйкімді көреді екен бала-шаға.Алма ағашы
Отырған мекен етіп жапан дала,
Бір талай мақұлыққа болған ана.
Мезгілі жеткен шақта жүкті болып,
Алты айда табады екен сансыз бала.Алма ағашы
Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
Жеміс
Азар, азар кетті,
Әкесі мазар кетті,
Баласы базар кетті.Жүзім
Қыста-мазар,
Жазда-базар.Жүзім
Бұты, бұты ұзын,
Бұтынан да қолы ұзын.Жүзім
Бір анадан жүз бала,
Жүзі де боз бала.Жүзім
Атасы бүкір қожа,
Анасы жайма шелпек.
Баласы шырын, шекер,
Бір сабақта ғұж-ғұж жентек.Жүзім
Арбайған әкесі бар,
Тарбайған шешесі бар.Шие ағашы
Ирек-ирек әкесі бар,
Желбіреген шешесі бар,
Тәттібике деген қызы бар.Шие
Біз, біз, біз едік,
Біз де бір топ қыз едік.
Бізді бізіп қойды,
Бір жіпке тізіп қойды.
Шие
Болған соң түсі қызыл, түсі шұбар,
Адамзат жеп көруге оны құмар.
Тегінде өне бойы болып тұрмас,
Біраз ғана боп тұрар уақтысы бар.Бүлдірген
Қыналы бармақ,
Жез оймақ.Бүлдірген
Үлпершекке қан құйып,
Үріп талға байладым.Бүлдірген
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр.Қызылша
Өзі қызыл, өзі қызық,
Ортасында бір сызық.Шабдалы
Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от,
Ішін жарып қарасаң-
Майда, майда қызыл шоқ.Анар
Алма дерсің, түсіне қарап,
Жүгері дерсің, ішіне қарап,
Татсаң тәтті, бал шәрбәтті.Анар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі