Кішкентай ғана құтша,
Іші толы мықша.Анар
Домалақ қана албар,
Ішінде қатты дәні бар.Анар
Бар еді бір жұмбағым аты бүрлен,
Шіркінді нәпсі қойып шешіндірген.
Ішінде бір нәрсе бар дүмбірлеген,
Оны аламыз деп қылдық талап.
Алалмай бір қыдыру тұрдық қарап,
Отыз кісі жиылып алсақ қарап,
Нәрсесі ішіндегі доп-домалақ.Өрік
Мәуе ішінде тас,
Тас ішінде ас.Өрік
Кішкене қозымның асы дәмді.Пісте жаңғақ
Алыстан қарасам әңгір-күңгір,
Қасына келсем қаптаулы темір,
Ашып қарасам аппақ,
Жеп қарасам тәп-тәтті.Жаңғақ
Асты тас, үсті тас,
Шағып жесең, піскен ас.Жаңғақ
Сырты тас, іші қуыс бөлек-бөлек,
Базардан оны сатып алса керек.
Алған жанға тағамдық пайдасы бар,
Шешіп бер, жұмбағымды болсаң зерек.Жаңғақ
Ояғы тау, бұяғы тау,
Ортасында бұжыр тау.Жаңғақ
Ұзын-ұзын әулие,
Онан да ұзын әулие.
Тораңғылдың түбінде,
Теңкиіп жатқан әулие.Асқабақ
Құдая, құдіретіңнің панасынан,
Таңым бар мен құдайдың бар күшіне,
Анасы туады екен баласынан.Қауын
Атасынан бұрын баласы базарға барады.Қауын
Бір арқанда отыз қой байлаулы жатыр.Қауын
Алуан түрлі түсі бар, сырты қатты,
Адамзат жеуге құмар, өзі тәтті.
Тоқсан күнде толықсып, күні бітіп,
Есепсіз ақты-қара бала тапты.
Қауын, қарбыз
Қолымда сақинам бар алшығарай,
Қойды қасқыр жейді екен қан шығармай.
Бұл жұмбақты қайсы жігіт табады,
Сол жігітке тиемін мал шығармай.Қарбыздың тіліктері, қарбыз, пышақ
Ара-арасы ақпа тіл,
Арасынан тастап тіл.Ала қарбыз
Жерде жатып желіндейді,
Күзге дейін желінбейді.
Үндеместен төлдеп жатыр,
Су бермесең шөлдеп жатыр.Қарбыз
Өзі аласа, семіз, майы жоқ,
Терісі қалың, жүні жоқ.
Қарбыз
Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ,
Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.
Ішінде көп балапан етер мекен,
Ас қылып сойып жесең балдай екен.Қарбыз
Соғым үшін сайлап қойдым,
Бордақылап байлап қойдым.Қарбыз
Сары қызым көгенде тұрып семірген.Жалбылша
Мұнда тау,
Онда тау,
Ортасында көп шөп.Пісте
Қол басындай ағашта
Сансыз адам байлаулы,
Санасаң саны бар,
Аяғында жаны бар.Жүгері
Жерден шығар көгеріп,
Беліне қылыш байланып.Жүгері
Бойы бір қарыс,
Сақалы екі қарыс.Жүгері
Пәре-пәре болды,
Басы айналып жара болды.
Бастарына жүн шығып,
Басымызға бәле болды.Жүгері
Мынау неге мұңаяды,
Бір жағына қыңыраяды,
Аузы-басын түк басып,
Тұмсығы неге қызарады.Тары
Бір бұтаның қырық ұясы бар,
Қырық ұяда қырық мұрасы бар.Тары
Бала, бала, балалар,
Мүйізінен су ішіп,
Таяғынан балалар.Тары
Қызыл күріш тас болып түседі,
Ақ ұлпа қар болып шығады.Бидай, ұн
Бір ағашта қырық бұтақ,
Қырық бұтақта қырық ұя,
Қырық ұяда қырық жұмыртқа,
Қырық жұмыртқада қырық балапан.Бидайдың масағы
Бек тұрған,
Белін буып,
Тек тұрған.Бай бидай
Өзі қызық,
Бауырында бар
Жалғыз сызық,
Бұған жұрттың бәрі де ынтық.Бидай
Аласа ғана бойы бар,
Қойнына тыққан наны бар.Бидай
Екі жағы бүртік,
Ортасы сызық.Бидай
Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар.Бидай
Мысық мұртты,
Өрмек басты.Бидай
Аласа терек,
Алпыс бұтақ,
Бұтақ сайын ұя,
Ұя сайын жұмыртқа.Масақ
Желі басында бес бие,
Бесеуі де жас бие.
Құлындары құла ала,
Құлақтары сары ала.Масақ
Алтын аяқты,
Алтын десем - азығы жоқ,
Ол жоқ болса - алуы жоқ.
Дүние толған адамның
Баршасы да теп-тегіс,
Біріне бірі қарауы жоқ.Астық пен аштық
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі