Таудан тас құлады.Көз жасы
Бір көлде екі түрлі сүт бар.Көздің ағы мен қарасы
Ары жүгір қаратай,
Бері жүгір қаратай.
Тал түбіне барғанда,
Тайып жығыл қаратай.Көздің қарашығы
Сырты қылшық,
Іші былшық.Кірпік пен көз
Қара суда суат жоқ,
Қалың талда бұтақ жоқ.Көз бен кірпік
Көрші отырған көршілер
Бірін бірі көрмейді.
Қара түнек қос үңгір
Діңгегі асу бермейді.Көз бен мұрын
Ағайынды екеу болыпты,
Екеуі тату жүріпті.
Ортасында тау болып,
Бірін бірі көрмепті,
Екеуінің міндеті орындайтын бір бопты.Көз бен мұрын
Ала тайынша шаң көтермейді.Көз
Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін.Көз
Екі бала қатар тұрса да,
Бірін-бірі көрмейді.Көз
Кішкентай бір мақұлық торы ала,
Ағаштан атрапына соққан қала.
Ішінде сол қаланың өмірі өтер,
Сабыр қып сахараға шықпас жана,
Жаралған өзі ғана артық болып,
Болжайды әр нәрсені айтып шама.Көз
Ала арқаным жетпес жер жоқ.Көз
Бір тауда жанады екі шырақ,
Бір жанады, бір өшеді.Көз
Құстан ұшқыр, тездігі оқтан бетер,
Бес жүз жылқы аспанға оқтай жетер.
Ақылменен ойланып қарасаңыз,
Жылдамдыққа нәрсе жоқ онан өтер.Көз
Кішкене ғана бетерім,
Жер түбіне жетерім.Көз
Кіп-кішкене қараша,
Тұрған жері тамаша.
Бір секундта жер-көкті
Алады шарлап қараса.Көз
Көріп едім бір үлкен дарияны,
Барша қыз мекен етіп жатыр оны.
Ішінде ерлі-байлы екі аққу бар,
Жарықтық жеті сарбас балалары.Көз
Жар қабақта екі бастау,
Жапсар тастың астында
Жасыл ала құс жатыр.Көз
Әрі жүрер қараша ат,
Бері жүрер қараша ат.
Су бойында тұнық су,
Таңдап ішер қараша ат.Көз
Қос әйнек шыны да емес, темір де емес,
Бұзылса оны адам түзер емес.
Кезінде өзі ашылып, жабылады,
Мағынасы қымбат нәрсе, арзан емес.Көз
Бір қария жерде де емес, көкте де емес,
Болғанда түбі терең, аузы кемеш.
Ішіне ит түссе де арам емес.Көз
Меккеде бір ағаш бар түбі жуан,
Он екі ұл, алпыс екі қызы бір күні туған.Он екі мүше, алпыс екі тамыр
Ағады алпыс екі бұлақ бір қайнардан,
Он екі бұлағы бар шыр айналған.
Ісіне таң қаламын құдіреттің,
Бәрі де бір нәрсеге ыңғайланған.Алпыс екі тамыр, он екі мүше
Бір таудың алпыс сегіз саласы бар,
Он екі жанында қаласы бар.
Бау-бақша түрлі өсімдіктер,
Барлығын билеп тұрған анасы бар.Алпыс сегіз тамыр, он екі мүше
Бір “әліп” мұнарадай көзім көрген,
Екі “мәт”, екі “сәкін” оған ерген.
Болғанда “иа” ден камал, нұрдан гауһар,
Болады кім данышпан мұны білген.Адам, көз, жас, екі құлақ, cөз
Алпыс екі мәуелі шынар ағаш,
Ағашқа біткен бұтақ жалғас-жалғас.
Және де екі тесік бір мешітте,
Қаланған кірпіші бар іргесінде.
Бір әйнек шыны да емес, темір де емес,
Жасауы сынып кетсе қолдан келмес.
Жұмбағым тез ойланып тауып берші,
Сен-дағы жігіт едің өзім теңдес.Адамның жаратылысы
Даусы бар, жаны жоқ,
Шертсең күйі, әні көп.
Құлағын он бұра.
Ол не?....
Домбыра
Қол созсаң, ақ күміс
Алақаңға толады.
Ашып-жұмсаң, із-түссіз
Лезде жоқ болады?
Қар
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Мөлдір түрі,
Шеңбер түрі.
Аузы тарлау,
Шыны күбі.
Құмыра
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Үсті жазық —
Төрт қазық.Үстел
Санаты: Үй заттары туралы жұмбақтар
Төртеу адамы,
Біреу алаңы.Үстел
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Ағайынды төрт батыр,
Көтергені бір шатыр.Үстел
Санаты: Үй заттары туралы жұмбақтар
Ыдыс-аяқ бөлмесі,
Тазалықтың көрмесі.Әбдіра
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Қынама бел толықша,
Тапал ғана бойы бар.
Адамдарға жолықса,
Таяқ жейтін жайы бар.
Өзінің дәу аузы бар,
Түбі бітеу, аяғы бар,
Дәнді түйер қауызы бар,
Шомбал таяғы бар.Келі мен келсап
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Шеңберлі есігі бар,
Жүздеген тесігі бар.
Ішіне кіргендердің,
Ұсағы жол табады,
Ірісі тор қабады.Елеуіш
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Біреу есігі,
Түбінің
Көп-ақ тесігі.Елгезер
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Өткір жүзді келеді,
Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледі,
Ұсақтап та тұрар ол.Пышақ
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Ұшы үшкір, сабы бар,
Екі жүзі қайраулы
Бауы менен қабы бар,
Белде жүрер байлаулы.Қанжар
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Көлшікте жүзіп,
Түбін шарлап шығады.
Қауғасы сүңгіп,
Балығын аулап шығады.
Кепсер
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Басы құдық —
Сабы сырық.Ожау
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі