Кірпік пен көз туралы жұмбақ жауабымен


Сырты қылшық,
Іші былшық.

Кірпік пен көз

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Кима

Сырты былшық,іші қылшық.Деген жұмбақтың жауабы: көз.

Басқа да жұмбақтар


Біз едік, біз едік,
Отыз екі қыз едік.
Қатар-қатар тізілдік,
Кезек-кезек үзілдік.

Тіс



Жанды мотор сынбайды,
Күні-түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін
Дәрігер де тыңдайды.

Жүрек



«А» мен «қ»-ның арасы,
Бір-ақ әріп, санашы!
Онсыз аттап жүре алмас,
Адамзаттың баласы.

Аяқ



Бір дария жерде де емес, көкте де емес,
Болғанда түбі терең, аузы кемеш,
Ішіне ит түссе де арам емес.

Адамның көзі



Бір таудың алпыс екі саласы бар,
Он екі жанында қаласы бар.
Бау-бақша, түрлі өсімдіктер,
Барлығын біліп тұрған анасы бар.

Адамның алпыс екі тамыры, он екі мүшесі


Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.