Аузы бар да тілі жоқ,
Құйрығы бар да жүні жоқ.Мес
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Ымпиттым да жымпиттым,
Жүнін алып сымпиттым.Мес
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Кішкене ұлым бар,
Кірген-шыққан сүйеді.Кесе
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Он екі аққу, бір тақыр,
Бір тақыр көлді жағалайды.Шыныаяқ, поднос
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Тұтқасы бар ұстайтын,
Алақандай жерге қыстайтын,
Сағат болмай көшеді,
Тиіп кетсең ұшады.Шыныаяқ
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Ерте тұрып шатыра жайдым.Шыныаяқ
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Таңертең тұрып шатырымды құрдым.Шайтабақ
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Бір қарыс, екі тұтам бойы бар-ды,
Өзінің сақилықтан ойы бар-ды.Құман
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
От басында омпиған,
Омырауы томпиған.Құман
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
От басында таукешік.Құман
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
От басында бүкір шал,
Тірлігіне шүкір шал.Құман
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Мұрны ұзын, аузы көрдей қара кемпір,
Төркіні Бұқар жақта, өзі жесір,
Бір күні бұл қашып кетер-ау деп,
Сыртынан бес кісіні қойдық кепіл.Құман
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Бір нәрсе өзі жансыз,аяғы жоқ,
Су менен шөптен басқа қорегі жоқ,
Ішін ашып қарасаң бір мезгілде,
Тұрады жеген жемі жабағы боп.Шәйнек
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Адамға қарайтұғын қабағы жоқ,
От пенен судан басқа тамағы жоқ.
Біраздан соң қарасаң аузын ашып,
Ішіндегі қалады жабағы боп.Шәйнек, шәмбі
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Көзіме көрінеді сары болып,
Ішінде от пен су жары болып,
Төрт аяғы түйенің табанындай,
Екі құлағы шошқаның қабанындай.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Көзіме көрінеді сары болып,
Ішінде от пен су жары болып,
Төрт аяғы түйенің табанындай,
Екі құлағы шошқаның қабанындай.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Сылдыр-сылдыр сары айғыр,
Ашуланса кісінер,
Құлындары құла ала,
Құйрық жалы қара ала.Самауыр, шәй, шыныаяқ
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Аузы бар арқасында иегі жоқ,
Далаға кіріп шығар тірегі жоқ,
Күл менен жаңқа жеп, су ішеді,
Байғұстың онан басқа қорегі жоқ.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Арығы жоқ, жабы жоқ,
Су ағады сыртылдап,
Ортасында бір нәрсе,
Қызарады жылтылдап.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Қоқан бөркі басында, қос қоржыны қолында,
Ханда жақсы көрініп отырады қасында.
Өзен емес, көл емес, су ағады жылпылдап,
Ортасында бір нәрсе қызарады қылтылдап.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Жылғасы жоқ, саясы жоқ,
Су ағар жылтырап.
Ортасында бір нәрсе,
Қызарады қылтырап.
Дәлекей қалпақ басында,
Екі бала қасында.
Қайда тақыр көрінсе,
Қақаяды қасында.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Ғаламат төрт аяғын басып тұрған,
Сырғасын құлағына асып тұрған.
Ысқырған айдаһардай айдыны бар,
Аузынан гауһар отын шашып тұрған.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Айтайын бір жұмбағымды саған нұсқап,
Басына бөрік киер, құндыз ұстап;
Үстіне ақ бешпетін киіп алып,
Жүреді екі қолын артына ұстап.
Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Айуан төрт аяғын басып тұрған,
Аузынан заһар отын шашып тұрған.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Су келеді сылдырап,
Қос қоржыны жанында,
Қоңыр телпек басында,
Ұзын бойлы қарадан,
Жолдасы бар қасында.
Бұрқан-талқан болады,
Шыдамаса ашуға.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Базардан алып келген алтын сандық,
Он жігіт омыраудан кілт салдық,
Су ішіп, көмір жеп, күл түскен.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Кішкене ғана келіншек,
Екі шелек су ішеді,
Бір адамды қинайды,
Көп адамды сыйлайды.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Ішпей-жемей тұрады суға тойып,
Жар басынан кетеді құдық ойып.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Бір нәрсе аш жыландай жылап тұрған,
Көзін жұмып, ақырын бұлап тұрған.
Төбесінен азырақ алтын құйсаң,
Бұрқыраған бұлағы құлап тұрған.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Бір жәндік айдалада жүрген неғып,
Киімін мінсіз қылып пішкен неғып?
Киімі: бөрік, тақия, бір қамзол,
Алып тұр екі иініне үкі тағып.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Анау тұрған нар ма екен,
Нар ботасы бар ма екен?
Табанында тас қойып,
Дәрет алған бар ма екен.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Төрт аяғы астында,
Ақ сәлдесі басында,
Нелер жақсы келгендер
Ұялмай ішер қасында.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Көрдім бір зат расында,
Ақ қалпағы басында,
Үлкен-кіші жиылса,
Отырады қасында.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Бір ердің қарнында от жанады,
Қарамай өлгеніне шоқ салады,
Халықты айналдырып жиып алып,
Ол ердің бергеніне жұрт қанады.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Қарны қартас,
Мұрны бұртас,
Атқа мінбес,
Жаяу жүрмес.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Бір таудан бір тау көрдім биік тұрған,
Ішіне от пен суын жиып тұрған.
Не қылған мейірімді зат біле алмадым,
Тиіп кетсең желіні иіп тұрған.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Сары ағаштан сарайым,
Ішінде жаққан қалайым,
От пен су бір жерде
Табылып тұр бір жерден әрдайым.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Көрінер анадайдан сары болып,
Қайнайды от пен су сары болып,
Өзінің ұстайтұғын құлағы бар,
Және де ағызатын бұлағы бар.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Ақ сәлделі қожалар,
Зікір салып сұңқылдар,
Өз тамағы тойған соң,
Бейне жынды бұлқылдар.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Жансызда төрт аяғын басып тұрған,
Аузынан гауһар отын шашып тұрған.
Айналып машинасы келгенінде,
Өзіне көп адамды асық қылған.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі