Себелеп інжу шашады,
Сергітіп көңіл ашады.Жауын
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Там басына тары жайдым.Жұлдыздар
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бір емен жеті терек, алты қайың,
Бұтағы толып жатыр дайым-дайым.
Ішінде шынар терек үш қарағай,
Өңгесін айта беріп не қылайын.Шолпан, Жеті қарақшы, Үркер, Үш таразы
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Екеуі де анасы,
Үш жүз алпыс бес баласы,
Отыз ор дуадақ,
Бес балақ сан,
Қырық сегіз патшасы.Ай мен Күн, бір жылдағы және бір айдағы күндердің һәм бір жылдағы жұманың саны
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Керегенің басында кетпен жаулық,
Кет десем де кетпейді неткен жаулық.Күннің сәулесі
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Тақия толы сөк,
Таң атқанда жоқ.Жұлдыздар
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Керегенiң басында кепкен бауыр,
Кесiп алсаң таусылмас неткен бауыр.Ай
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Азаяр қыста қызуы,
Молаяр жазда шыжуы.Күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аспаннан күбi түстi,
Күбiнiң түбi түстi.Күннің күркіреуі
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жағалдайдың түйесi
Жар жағалап келедi.
Сауырында таңбасы
Күйiп-жанып келедi.Күн
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жансыздан жалғыз шыққан боз арғымақ,
Арқаны бар арқасында жұмақ-жұмақ.
Ер ерттеп, екі айылын тартып алып,
Қамшыласа кетеді зулап-зулап.
Мініп ап боз жорғаны күйге салдық,
Мойнына қатар-қатар түйме салдық.
Он жігіт жол бойында қызмет етеді,
Құбылып неше түрлі әнге салып.Гармонь
Салдырдым екі жорға жалтыр мұзға,
Он жігіт қызмет қылып жалғыз қызға.
Күніне жалғыз бекет жерді аралап,
Он жігіт тынығады әрең сонда.Домбыра
Қос қазық екі жерден шынжыр арқан,
Сылдырап әр буыны үнін қосқан.
Он адам жолдас болып еңбек етсе,
Аралап он екі үйге қонақ болған.Домбыра
Жоқтан бар қып сайратқан,
Тыңдаған жан жай тапқан.
Таңғажайып бір нәрсе,
Үйдің ішін жайнатқан.Граммафон
Қояды әркім оны бұрап-бұрап.
Бар екен маңдайында жалғыз көзі,
Болады тоқсан түрлі айтқан сөзі.Домбыра
Басы бар денесі жоқ, бойы бір кез,
Табарсың болсаң зерек осыны тез.
Қозғалсаң қос құлағын тігіп алып,
Тамаша әр тараптан айтады сөз.Домбыра
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Көңілге түрлі ой салар.Ән-күй
Жоғарыдан айдадым,
Белін жіппен байладым.
Сыпыра тақта астында,
Шалып, қағып ойнадым.Іс машинасы
Қара күшігім қаңқ етті,
Дауысы Бұхарға жетті.Мылтықтың даусы
Өмір-өмір өмірден,
Жаққан оты көмірден.
Шыңырау деген бір құс бар,
Жұмыртқасы темірден.Мылтық, оқ
Судыр-судыр жүрегім,
Судыр қара дөненім.
Желіп кетсе жеткізбес,
Түсіп кетсе таптырмас.Ор
Болғанда екі құлақ, екі шелек,
Бітіпті ортасында шынар терек.
Теректің сабынан ба деп ойлаймын,
Тұрады жауын жауып, күн себелеп.Насос
Бір нәрсе жіппен байлап қойған мықты,
Адаммен қатынасы сондай күшті.
Саңқылдап керек затқа хабар берер,
Бір жерін аңдаусызда басса жетті.Телефон
Бір нәрсе әуенменен сөйлеп қатты,
Әуеден оның өзі керек тапты.
Сөйлесе маңызды сөз әңгімесі,
Қаратады аузына жамағатты.Радио
Бір нәрсе бар дүниеде тұмсығы ұзын,
Әп-сәтте аралайды жердің жүзін.
Санап көрсем көп адам таниды екен,
Таптырмайтын десе де басқан ізін.Радио
Бір жәшік төртбұрышты сырғасы бар,
Көтерсең сырғасынан дауыс шығар.
Қанша алыс болсаңдағы екі сырға,
Естіліп бір-біріне жақын қылар.Телефон
Су ішінде өрмек құрдым,
Ала жаздай ермек қылдым.Ау
Судан шыққан тасбақа жалмаңдаған,
Тұмсығын қайқаңдатып сумаңдатқан.
Денесі болат темір сондай мықты,
Артқы жағы бұрқылдап сырдаңдаған.Моторлы қайық
Бір хайуан зырлап ұшады екі аяқ,
Көлденең тірегені айқыш таяқ.
Екі қол-аяғында дабыл болмас,
Жүреді тілін білсең шапшаң жай-ақ.Велосипед
Бір құс бар өзі үлкен көп аяқты,
Қанаты, жүні әдемі салтанатты.
Адамды қиқу салып шақырады,
Қанатын су үстіне шылпылдатты.Пароход
Бір зымырық дүниеде екі аяқ,
Күш берген оған дағы аямай-ақ.
Адамды көтеріп ол ұшады екен,
Былқылдап құс төсектен жұмсақ тұяқ.Велосипед
Жақындаған нәрсенің,
Бірі өзгермей қалмаған,
Жегендері қайталап,
Ағып жатыр артынан,
Шыққандай-ақ қоймадан,
Кейін керек болар деп,
Асылын сақтап ойлаған.Комбайн
Бір алыпты мен көрдім,
Көрінгенді қармаған.
Болғанда екі қанат, отыз қолы,
Қалады тап-тақыр боп жүрген жолы,
Бар екен алақандай аралшығы,
Адамзат пайдаланып жүр ғой оны.Шөп тырма
Келетін ғажайып бар әр тараптан,
Екпіні бір кем емес, атқан оқтан.
Үстінде неше түрлі нәрсесі бар,
Бу шығып құлағынан бұрқыратқан,
Ысқырып, ыңыранса азан-қазан,
Қос көзін маңдайында жылтыратқан.Поезд
Қалмайды бір-бірінен, тағы озбайды,
Аяғын көз ілеспес ол қозғайды.
Үстіне не салсаң да тиеп алып,
Қара інген ботасы жоқ құр боздайды.Паровоз
Пісетін кезі дәл Күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты...
Шабдалы
Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр.Құмырсқа
Санаты: Жәндіктер туралы жұмбақтар
Ауылдан ауылға асады,
Іргесін бірге қосады.
Жатыр ұзын көсіліп,
Белден әрмен жосылып.Жол
Бір алып мыңды тартады,
Үстіне жүгін аямай артадыПоезд
Тұрса түйедей,
Жатса қояндай.Ертоқым
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі