Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім?Басы ең үлкен адам
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі?Алма ағашында
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Бір патша уәзіріне зынданнан бір тұтқынды алғызыпты. Тұтқынға өлім жазасын таңдау құқығын өзіне береді, бір тауық беріп, “осы тауықты қалай өлтірсең, сені де солай өлтіреміз” депті. Тұтқын тауықты өлтіргеннен кейін патша оны босатыпты. Тұтқын тауықты қалай өлтіріпті?Тұтқын тауықтың басын аузына салып, тістеп жұлып алады. Ал тұтқынның басы патшаның аузына симайтын болғандықтан патша тұтқынды босатып жібереді.
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты ол не?Адам
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Патша өте дәмді және мінсіз етіп сорпа пісіртеді. Бірақ патша бұл сорпада бір кемшілік бар дейді. Зындандағы тұтқынға бір кесе сорпа құйдырып бір ұрттатады да «Егер осы сорпаның несі кем екенін тапсаң сені бостамын» дейді. Тұтқын патшаға сорпаның несі кем екенін айтып бостандыққа шығады. Сұрақ: сорпаның несі кем еді?Тұтқын сорпаны ұрттағанда бір ұрттамы кеміген еді. Соны айтып бостандыққа шығады.
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?Өмір
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Қай айда 28 күн бар?Барлық айда
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?Есіміміз
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Адам есектен неге құлайды?Адам есектен жерге құлайды.
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Бір адам құйып тұрған жаңбырдың астында қалыпты. Үйіне келгенде үсті-басы малмандай су, тек шашы су болмапты. Неліктен?Шашы жоқ
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
![]()
Суретте неше пума12 пума
Санаты: Cуретті жұмбақтар
![]()
Суретте неше үкі бар?11 үкі бар.
Санаты: Cуретті жұмбақтар
![]()
Суретте неше аю бар?11 аю
Санаты: Cуретті жұмбақтар
![]()
Суретте неше қасқыр бар?9 қасқыр
Санаты: Cуретті жұмбақтар
Тоқпаққа тоямын,
Онсыз аян жүрмесім.
Біріктіріп қоямын
Екі заттың іргесін.Шеге
Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап-жылдап түспестен күн кешеді.Түйенің өркеші
Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен.Қол
Алыстан қарасам аппақ,
Татып қарасам тәтті-ақ.Қант
Санаты: Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Темір аяқты,
Ағаш таяқты.Циркуль мен қарындаш
От ішінде үш таяқ,
Үшеуі де күшті аяқ.
Ортасында ілгегі.
Ілгегінде ілгені.
Мосы мен шәугім
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Торы тай,
Табанында төрт ай.Таға
Санаты: Әдеби жұмбақтар
Елқорғайтын ерліке
Әуенімен шақырған.
Батылдыққа, елдікке
Әуенімен шақырған
Дабыл
Санаты: Әдеби жұмбақтар
Он екі бием бар еді, алтауы буаз,
Екеуі неғайбыл, екеуі тесік өкпе,
Екеуі күн қақты.
Қойда он екі мүше бар. Алты буаз бие деген ішінде майы бар алты жілік - екі асықты, екі тобықты, екі ортан жіліктер. Тесік өкпе – екі жамбас, күн қақты –екі жауырын.
Санаты: Әдеби жұмбақтар
Борп-борп борпылдақ,
Борпылдақта қызыл тақ.
Қызыл тақта үш тармақ,
Үш тармақта шұқыршақ,
Шұқыршақта бал қаймақ,
Балқаймақта сұр жайдақ,
Сұр жайдақта сері бойдақ.
күл, от, үш аяқты темір ошақ (мосы), қазан, ішіндегі тамақ, қақпақ, ожау
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Кешегі күн ертеңгі күн болғанда, бүгін сенбі болар еді, деген адам қай күні айтқан?Дүйсенбі
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Күні бойы бір сұрақ қойып, бірақ әр сұрағанда әртүрлі жауап алатын сұрағымыз қандай?Сағат қанша болды?
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Бір фабрикада 127 қызметкер жұмыс істейді. Әр жұмысшы басқа 3 жұмысшыны таниды. 1-қаңтар күні фабрикадағы жұмысшылардан біреуі қызықты бір хабар естиді. Бұл хабарды бір күннен кейін танитын 3 адамына айтады. Осылай әр жұмысшы бір күннен кейін өзі танитын 3 кісіге айтып отырады. Қай күні бұл хабарды бүкіл жұмысшылар естіп шығады.6 қаңтарда
1-ші күн = 1 адам,
2-ші күн = 4 адам,
3-ші күн = 13 адам,
4-ші күн = 40 адам,
5-ші күн = 121 адам,
6-шы күн = 127 адам.
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Төмендегі есепте әрбір әріп 1ден 9 ға дейінгі санды білдіреді. Әріптерде жасырынған сандарды таба аласыз ба?
A B C + D E F - G H I = 1 0 0485+312-697=100,
257+189+346=100
Санаты: Математикалық жұмбақтар
Бір дорбада 50 ақ, 40 сары, 30 қызыл, 20 көк, 10 қара, 5 жасыл нәски бар. Дорбаның ішіне қарамай, әр қол салғанда бір дана нәски алуға болады. Бірдей түстегі бір жұп нәскиді шығару үшін дорбаға ең көп қанша рет қол салу керек?7 рет
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
100 алманың үштен бір бөлігі мен үштен бірінің жартысын қосқанда қанша алма болады.50 алма
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Бір микроб 1 минутта көбейіп 2 микробқа айналуда. Бір сағатта бір стаканды толтыра алатындығына қарағанда 2 микроб бір стаканды қанша минутта толтырады?59 минутта.
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
![]()
Суретте неше панда бар?9 панда
Санаты: Cуретті жұмбақтар
Биіктігі 3 метр, ені 20 метр, салмағы 3 тонна болатын бетоннан құйылған қабырға бар. Осы қабырғаны ешнәрсенің көмегінсіз қалай құлатуға болады?Мұндай қабырғаның қалыңдығы 2 см-ден аспайды. Демек, қолмен итере салсаң құлап қалады.
Санаты: Математикалық жұмбақтар
Жағаға екі адам келді. Жағада жалғыз адамды ғана көтере алатын қайық тұр. Екі адам да қарсы жағаға өтті. Сұрақ: қалай?Нұсқаңызды жазыңыз
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
![]()
Қоянды тап.
Санаты: Cуретті жұмбақтар
Бір бөлмеде 3 лампа бар, ал бұлардың қосқышы басқа бөлмеде. Лампалардың барлығы сөнік тұр. Лампалар тұрған бөлмеге бір рет қана баруға болады. Қай қосқыш қай лампаға тиесілі екенін бір рет қана барып келіп қалай анықтауға болады?Әуелі бір қосқышты басып, 5 минуттай күткеннен соң оны сөндіріп басқа қосқышты басамыз. Бөлмеге келгенде сөніп тұрған бірақ ыстық лампа әуелгі қосып өшірген бірінші қосқышқа тиесілі. Жанып тұрған лампа екінші қосқышқа, ал сөніп суық болып тұрған лампа еш тимеген үшінші қосқышқа тиесілі.
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
3 адамға екеуі қызыл, екеуі қара түсті болған 4 баскиімнен кездейсоқ үшеуін кигізеді. Баскиім киген кісілер өздерінің басындағы бас киімнің түсін көре алмайды. Алдындағы екі адамдікін көреді. Әркім өздерінің басындағы баскиімнің түсін табуы керек және бір рет қана айту мүмкіншіліктері бар. Басындағы баскиімнің түсін қалай таба алады?Алдындағы екеуі бірдей түсті баскиім кигенін көрген адам өзінің басындағының басқа түс екенін түсініп айтады. Онан соң қалған екеуі де өзінің баскиімінің қай түс екенін біледі.
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
![]()
Суреттен жылқыны табыңыз.
Санаты: Cуретті жұмбақтар
Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген?Өйткені 2000 теңге кітаптың ішінде болған.
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Серік әкесінің бүгінгі жасына жеткен кезде, қарындасының жасы қазіргі жасынан 2 есе үлкейеді. Ал қарындасы әкесінің бүгінгі жасына жеткенде, Серіктің жасы бүгінгі жасынан 2 есе үлкейеді. Үшеуінің жастарының қосындысы 100 болса, әр бірінің жасы қаншада?Серікпен қарындасы 25 жаста, әкелері 50 жаста.
Санаты: Логикалық жұмбақтар мен сұрақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі