Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Елшісі епсіз патшаның бағы жанбайды.

Ілмектер: елші, бақ, патша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Сараң бек ел билей алмайды.

Ілмектер: Сараң, бек, ел, билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Бек деген от: жақын жүрме — күйесің.

Ілмектер: бек, от, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Бақыт этикасы мынаған сендіреді (оның теориясы мынадай): егер сіз, бақытты адамдар сияқты әрекет етсеңіз, сіз бақытты адамдардағы бар нәрселерге ие боласыз, егер сіз бақытты адамдардағы бар нәрселерге ие болсаңыз, содан кейін ғана сіз бақытты бола аласыз. Бірақ бұл рас па? Бұған сенуге бола ма? Оған дейін бақытты болу мүмкін емес дегенге сенбеймін. Негізі адамның осы өмірде болғанының өзі бақыт. Бірақ біз болғанның бағасын білмейміз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, бақыт, этика, бақытты болу, адам, әрекет ету, ие болу, рас, өтірік, сенім Нарша Булгакбаев

Бізден тыс ештеңе, бізден тыс орта – бізді бақытты етпейді, өйткені бақыт – бұл іштен сыртқа бағытталған тәжірибе. Ал көп адамның бойындағы жалған сенім – бақыт, сырттан ішке жиналуы керек уақытша тәжірибе.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, қоршаған орта, бақыт, ішкі дүние, тәжірбие, жалған, сенім, уақытша Нарша Булгакбаев

Болу – бұл ішкі өмірлік тәжірибе, ол сіздің ішкі жағдайыңыз. Сіз сыртқы жағдайларға сіздің болмысыңызды анықтауға мүмкіндік бере аласыз, бірақ сіз нақты қауіпке тап боласыз, себебі сізді қоршаған сыртқы жағдайлар, сіздің өміріңізді басқарады және сіздің өзіңізді қалай сезінетініңіз де сыртқы факторларға байланысты.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, болу, ішкі дүние, өмірлік тәжірибе, жағдай, сырт, болмыс, қауіпті, қоршаған орта, Өмір, басқару, сезіну, фактор Нарша Булгакбаев

Жаратушының өзі, жаратылып қойған энергияны (жаратылыстарын) жоя алмайды, себебі Жаратушы бір қабылдаған шешімді ешқашан өзгертпейді, өйткені ол барлығының толық салдарын алдын ала біледі.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, жаратушы, жаратқан, жаратылыс, энергия, Шешім қабылдау, себеп, салдар Нарша Булгакбаев

Ханның ақысы болса, қараның хақысы бар.

Ілмектер: хан, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Қылыш қан төксе, иесі ел билейді.

Ілмектер: қылыш, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Ханмен қоңсы отырма, таситын судың бойына қонба, қамалға таяп барма!

Ілмектер: хан, су, нақыл, қамал, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Қара халық — қорғаншақ.

Ілмектер: халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Өткен күн ертегімен таласқандай,
Уа, дүние, ол күндерде алаш қандай?!

Ілмектер: күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дүние Мағжан Жұмабаев

Нәтежие белгілі бір амал-әрекеттің нүктесі. Бірақ егер біз өз болмысымыздың мінсіз екенін түсінсек, нәтиже біз үшін әдетте сөйлемнің соңында қойылатын нүкте емес, көп нүкте болады. Сонда адам өз болмысының – мәңгілік, жойылмайтындай етіп жаратылғанын сезінеді.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, нәтиже, амал, іс-әрекет, Нүкте, болмыс, мінсіздік, сөйлем, Өмір, мәңгілік, жаратқан, сезім, сезіну Нарша Булгакбаев

Жалпы бір-ақ қана бақытсыздық бар – ол сыналу (сынақ), бірақ бұның өзі бақытқа апаратын жол, себебі біз, бұл Жаратушының методикасы арқылы шыңдаламыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, бақыт, бақытсыз, сынақ, сынаушы, жол, жаратушы, Методика, шыңдалу Нарша Булгакбаев

Бақытсыздық түбінде бәрібір ұмытылады, сіз жеңіп шығасыз, себебі сіз мәңгілік бақытты болу үшін жаратылғансыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, бақыт, бақытсыздық, жеңіс, мәңгілік, жаратылыс Нарша Булгакбаев

Жаратылыс заңдылығы бойынша адам өмірі болмыстан нәтежиеге, яғни бір нәрсе істеу, сосын бір нәрсеге қол жеткізуге дейін жалғасады. Болмыс деген сөзді басқаша адамның қазіргі шынайы ішкі жағдайы деп атайын.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, жаратылыс, заңды білу, адам, Өмір, болмыс, нәтиже, жағдай Нарша Булгакбаев

Үш тағанның бірі қисайса, қалғандары құлайды.

Ілмектер: таған, тірек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Рақат іздесең — бейнетінен қорықпа,
Қуаныш іздесең — қайғысынан қашпа.

Ілмектер: Қуаныш, Рақат, бейнет, қайғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Жылуы жоқ жүрек те — бір, қуыс кеуде — бір.

Ілмектер: жылу, жүрек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Қайғы басса, ағаш атқа жайдақ мінерсің.

Ілмектер: Қайғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни