Кейде бір ғана сөз адамның ойын өзгертіп, өмірге деген көзқарасын жаңарта алады. Бұл бөлімде түрлі тақырыптағы ұлағатты сөздер, терең мағыналы нақыл сөздер және адамға ой салатын даналық ойлар жинақталған.
Егер сіз өмір, адам, тәрбие, достық, білім туралы әсерлі ұлағатты сөздер іздесеңіз, осы беттен табасыз. Мұнда мазмұнды нақыл сөздер мен қысқа да нұсқа ойлар тұрақты түрде толықтырылып отырады.
Жанайқайда туа біткен өзімшілдік бар, одан кез-келген ақпаратқа қалай болса солай бейжай қараушылық пайда болады.
Ілмектер: жанайқай, ақпарат Жорж Батай
Мен құмардан шығуға — қаншалықты құштар болсам, басып- жаншу дегенді — соншалықты жек көремін.
Ілмектер: құмар Жорж Батай
Егер мораль бар болса — бəрібір мəңгі өмір сүре алмас еді.
Ілмектер: мораль, өмір, мәңгілік Жорж Батай
Бақытына қарай балалар біраз уақыт ересектер əлемінің не екенін білмей өседі: бірақ кейін олар бəрібір сол сұрқия əлемнің тұрғынына айналады.
Ілмектер: бақыт, балалық шақ, ересек, әлем, тұрғын Жорж Батай
Егер Жақсылықтың көз қарыр жарқылы Жамандықтың қою қараңғылығын одан əрі қоюлатып көрсетпесе — екіншісінің көз тартарлық ештеңесі де қалмас еді.
Ілмектер: жақсылық, жамандық Жорж Батай
Адамның даңқын шығаратын — тек оның дарыны ғана.
Ілмектер: даңқ, дарын Жорж Батай
Жай ғана бар болудың өзі — қасірет.
Ілмектер: қасірет Жорж Батай
Кез-келген тіршілік иесінің толымдығы — жақын-жұрағаттары тарапынан сенімсіздік туғызады.
Ілмектер: тіршілік, сенімсіздік Жорж Батай
Асқақ сөздер теріс көзқарасқа оң мағына береді: сөйтіп нағыз бос қуыс жарқылдық құндылықтар сыртында көлегейленіп қалады.
Ілмектер: сөз, көзқарас, құндылық Жорж Батай
Сөйлеу — өзіңше білемін деп ойлау.
Ілмектер: сөйлеу, білу Жорж Батай
«Қорлық» қылмыс пен «құштарлық» қылмыс — бір-біріне қарама-қарсы.
Ілмектер: қорлық, қылмыс, құштарлық Жорж Батай
Экстаз кезінде босаңсуға болады: сол сəтте нағыз қанағаттанғандық, бақыт, бейбастақтық сияқты сезімдер оянады
Ілмектер: қанағат, бақыт, сезім, экстаз Жорж Батай
Біздің тіршілігіміздің бəрі — болмысты тəмамдаудан басқа ештеңе де емес.
Ілмектер: тіршілік, болмыс Жорж Батай
Уақыт — шындық сияқты, көрінгеннің бəрінің тұра қашуынан басқа түкті де білдірмейді.
Ілмектер: уақыт, шындық Жорж Батай
Діннен поэзияда жоқ ештеңе де таба алмаймыз.
Ілмектер: дін, поэзия Жорж Батай
Күйінген кезде күйремей қалуың қиын.
Ілмектер: күйіну, күйреу, қиын Жорж Батай
Ең ізгі əдебиетте де ессіз құштарлыққа орын табылады.
Ілмектер: әдебиет, құштарлық Жорж Батай
Ариадна жібі де үзілетін сəттер бар.
Ілмектер: үміт, сәт Жорж Батай
«Тыныштық» деген сөздің өзі шу шығарады.
Ілмектер: тыныштық, сөз, шу Жорж Батай
Сүйіспеншілікте — қанағатсыздық деген ең соңғы секіріске ертіп апаратын жолбасшы жəне кез-келген көзбояушылыққа нүкте қоятын көр қазушы тəрізді.
Ілмектер: Сүйіспеншілік, қанағат Жорж Батай
«Құдай — адамның бойында жан тапсыруы керек» — масқараның көкесі осы! Адам үшін өлімге пара-пар шектен шыққандық осында жатыр!
Ілмектер: масқара, өлім Жорж Батай
Жалпыға бірдей жалпақшешейлік бəсекелестіктің бəсін түсіреді.
Ілмектер: бәсеке Жорж Батай
Қайғырған ақыл — қайратының кемдігін көреді.
Ілмектер: қайғы, ақыл, қайрат Жорж Батай
Тиым — неғұрлым дəл болмаса, уақытша шекара бұзу — солғұрлым жеңілдей түседі.
Ілмектер: тиым, шекара Жорж Батай
Мағынасыздық — кез-келген ықтимал мағынаның сарқылуы.
Ілмектер: Мағынасыздық, ықтимал, мағына Жорж Батай
Тəртіпсіздік — адамдық моральді құртуды көксеушілердің өлшемі, міне, осы.
Ілмектер: Тəртіпсіздік, адам, мораль Жорж Батай
Шектен шығып, асып-тасып жатпаған өмір — ұзақ-сонар алдап-арбау мен көзбояушылықтан басқа түк те болмай қалады.
Ілмектер: өмір, алдау, арбау, көзбояушылықтар Жорж Батай
Ессіздік — əлсіз келеді: өйткені оның бойында ақылдың қалдықтары сақталып қалады.
Ілмектер: Ессіздік, ақыл Жорж Батай
Бейжайлық пен шаршау — өтірікшілердің қатарын көбейтеді.
Ілмектер: бейжайлық, шаршау, өтірікші Жорж Батай
Зұлымдық шыңырауы — жаман əрекетпен табатын пайдасыз-ақ тартымды.
Ілмектер: Зұлымдық, жаман, әрекет Жорж Батай
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі