Кейде бір ғана сөз адамның ойын өзгертіп, өмірге деген көзқарасын жаңарта алады. Бұл бөлімде түрлі тақырыптағы ұлағатты сөздер, терең мағыналы нақыл сөздер және адамға ой салатын даналық ойлар жинақталған.
Егер сіз өмір, адам, тәрбие, достық, білім туралы әсерлі ұлағатты сөздер іздесеңіз, осы беттен табасыз. Мұнда мазмұнды нақыл сөздер мен қысқа да нұсқа ойлар тұрақты түрде толықтырылып отырады.
Сіз ақыреттік сауапты амалдарды да, дүние тұрмыс-тіршілігін де – тек бір ғана өмірде жасай аласыз – ол "Дүние" деп аталатын осы өмір. Екі өмірді (дүние мен ақырет) біртұтас, үйлесімде екенін өз-өзіңізге дәлелдеу үшін, екеуін қатар сүйіп, ең бастысы бірі себеп екіншісі салдары екенін түсінсеңіз жетіп жатыр.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ақырет, сауап, амал, дүние, тұрмыс, тіршілік, Өмір, түсінік Нарша Булгакбаев
Ұрыста тәуекел ету де — ерлік.
Ілмектер: ерлік, ұрыс, соғыс, тәуекел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Жігіт болсаң, жігеріңді жасытпа, қайратыңа қайта мін.
Ілмектер: жігіт, жігер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Қиын сәтте тізгініңді босатпай, шапшаң да шебер қимылда.
Ілмектер: қиындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Жауыңды жапыра біл,
Ілмектер: жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Баудай түсіре біл.
Талпынатын арман-мақсатыңыз бекер, егер де ниет – Ізгі, Әділ, Адал, болмаса. Сіз нені қаласаңыз, соның салдарын көресіз. Сондықтан болымсыз бір нәрсені қалап, артынан өкінгеннен гөрі, екеуін де жасамай-ақ қойған дұрыс, тым көп энергия жоғалтасыз.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, арман, мақсат, ниет, ізгілік, әділдік, адал, қалау, өкіну, өкініш, энергия Нарша Булгакбаев
Ерлік елеусіз қалмасын.
Ілмектер: ерлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Өжеттіліктен не пайда,
Ілмектер: Өжеттілік, ерлік, ақыл, батыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Ерлігі мен ақылы
Көпті батыр етпесе.
Өмір үшін өлгенше күрес.
Ілмектер: Өмір, өлім, күрес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Жақсы сөз жан сүйсіндіреді,
Ілмектер: Жақсы, сөз, жан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Бойға қуат бітіреді.
Кітаптың тірі организм сияқты жаны бар деп ойлаймын. Себебі оларды ақыл мен жүрек иелері жазды. Кітап дегеніміз сыртқы әсемделген дизайн ғана емес, ойландыруға шақыратын әріптер, сөздер, сөйлемдер, идеялар әлемі.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, кітап, тірі организмдер, жан, ақыл, жүрек, дизайн, әріп, сөз, сөйлем, идея Нарша Булгакбаев
Берік болмай ерік жоқ.
Ілмектер: берік, ерік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Қарабет болып қашқанша,
Ілмектер: қайрат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Қайрат көрсетіп өлген артық.
Әдіссіздік — әлсіздік,
Ілмектер: ептілік, ерлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Ептілік те ерлік.
Тәртіпті — елдің ұлы.
Ілмектер: тәртіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Позитивті ойлау – баянсыз, құбылмалы, тұрақсыз, уақытша болып келеді, ал дұрыс ойлау – байыпты, шынайы, дәлелді және нақты болып келеді. Позитивті ойлау – бұл әдемі шабыттандыратын ертегі, ал дұрыс ойлау – бұл нақты нәтижелерге қол жеткізу.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Позитивті ойлау, дұрыс, ойлау, ертегілер, нәтиже Нарша Булгакбаев
Айғаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен басқар.
Ілмектер: ақыл, айла, айғай, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Ежелден ер тілегі — ел тілегі. Адал ұл ер боп туса — ел тірегі.
Ілмектер: ел, тілек, ер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Орынды зіркілдеу — сабақ, орынсыз зіркілдеу — азап. Орынды зіркілдеу жастарды дұрыс жолға, орынсыз зіркілдеу бұрыс жолға салады.
Ілмектер: сабақ, азап, жастар, насихат, зіркілдеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Адамның көзқарасы мен түрі — жан дүниесінің рентгені.
Ілмектер: Адам, көзқарас, жан, дүние, рентген, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Адамның өз қабілеттерін іске асыруға арналған ЖАН ҚҰШТАРЛЫҒЫ бар. Бұл адамның СЫРТҚЫ мақсаты. Проблема мынада, бұл өсуге және дамуға деген ұмтылыс — бақытты болуға және қанағаттануға кедергі келтіреді. Бізде өмір туралы қате сенімдер көп. Мысал: Қалауым орындалса бақытты боламын!
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, бақыт, сенім, қалау Нарша Булгакбаев
Символдық сыйлықтарды қара бастың құлқынына құрбан ету — қасиетсіздік.
Ілмектер: қасиетсіздік, сыйлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Жалтақтардың көбі ақымақ, әкімқұмар келеді.
Ілмектер: ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Біреудің қатесін орынсыз кешіруге болмайды.
Ілмектер: қате, кешірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Жақсы солдат командирге ұстаз, ал, жаман, ақымақ генерал командир түгілі солдатқа ұстаз бола алмайды.
Ілмектер: Жақсы, солдат, командир, ұстаз, жаман, генерал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Байлық және кедейлік адамның таңдауына берілмейтін нәрселердің бірі. Оны ешбір адам таңдап ала алмайды. Материалды құндылық надан, дым көрмеген тұлғалардың өмірінде ғана аса бағалы. Ал өмірлік көзқарасы бар, оқыған-тоқыған кісілердің өмірінде түкке тұрмайтын нәрсе болып саналады. Сондықтан бай болсаң да, кедей болсаң да адамгершілікпен қарапайымдылығыңды өмір бойына сақтап қалу қажет. Алда не боларын ешкім де білмейді. Құдайдың өзі әрі беруші, әрі тартып алушы. Әрбір жан осыны ұғынып алғаны жөн! Өз-өзіңе бекем бол!
Ілмектер: бақыт Әмір Әділет Нұркенұлы
Осы уақытқа дейін мен және көпшілік адам жасап келген қателіктер – дұрыс қабылдамау (өзін, қоршаған ортаны, Құдайды) дұрыс ойланбау (немесе мүлдем ойланбау), дұрыс әрекет етпеу (яғни дұрыс таңдау жасап, дұрыс шешім қабылдамау), өзін-өзі дұрыс басқара алмау (нәпсісіне ие бола алмау) және өзін-өзі тура жолда алып жүре алмау (адасу мен шатасу).
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, қателік, адам Нарша Булгакбаев
Ақылды кісінің сөзі де, өзі де сүйкімді.
Ілмектер: ақыл, сүйкімділік, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Солдаттың анасы — Отанның анасы.
Ілмектер: солдат, ана, отан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр.
Ілмектер: Жауынгер, тәрбие, әскер, киім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жөргек Бауыржан Момышұлы
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі