Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Өлеңдер (23) Мақал-мәтелдер (78) Ұлағатты сөздер (60)

Жұрт — Ұлағатты сөздер жинағы - 2-бет

Бұл бөлімде "жұрт" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Өмір сахнасындағы патша, уәзір, қолбасы, әскер, қызметші және басқалар сыртқы ерекшелік жағынан ғана бір-бірінен өзгеше, ал, түрлі образдардың мәні бірдей: жұрттың бәрі әлденені аңсаған және өз тағдырынан алаңдаған актер.

Ілмектер: өмір, сахна, әскер, патша, қызметші, жұрт, тағдыр, алаңдау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр
WhatsApp Telegram

Терiн сатпай, телмiрiп көзiн сатып,
Теп-тегiс жұрттың бәрi болды аларман.

Ілмектер: тер, көз, сату, еңбек, аларман, жұрт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Билiк басындағы адамдар жұрт өзiнiң әрекетiнде тек зорлықты басшылыққа алады деп ойлайды, сондықтан қазiргi тәртiптi сақтау үшiн зорлықты батыл қолданады. Қазiргi тәртiптi зорлықпен ұстап тұра алмайсың, оны зорлықпен бұзылатын қоғамдық пiкiр сақтайды.

Ілмектер: билік, зорлық, жұрт, адам, тәртіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой
WhatsApp Telegram

Жұрттың өзi туралы не айтатынын естiген адам сабырлы бола алмайды.

Ілмектер: жұрт, сабыр, есту, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой
WhatsApp Telegram

Қақсауық бар, ділмар бар, оттампаз бар, шешен бар: төртеуі — төрт жұрттан.

Ілмектер: қақсауық, ділмар, шешен, жұрт, оттампаз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Жұрт сүйгенді құдай да сүйеді.

Ілмектер: жұрт, сүю, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл-Хорезми
WhatsApp Telegram

«Хан сарайынан қашықтау жүрген жөн» деп айтады жұрт.

Ілмектер: жұрт, өсиет, нақыл, афоризм Құтып
WhatsApp Telegram

Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел — қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туашығына көзі жетпейді.

Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.

Ілмектер: Тарих, халық, жұрт, ел Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

Көшіп-қонып көрмеген - жер қадірін не білсін, көшсе қона білмеген, қонса көше білмеген, ақылыңа көнбеген - жұрт қадірін не білсін?!

Ілмектер: жер, қадір, жұрт, нақыл, афоризм Асан қайғы
WhatsApp Telegram

Жұртқа әділ би пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тындаған, билігін орнына жұмсайтын, арам жемейтін, іс білетін, ел мүддесін ашық қорғай алатын болыс пайдалы.

Ілмектер: жұрт, әділдік, халық, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов
WhatsApp Telegram

Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды, байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар - қысты күні үңгірде жатып өз аяғын өзі сорған аю тәрізді.

Ілмектер: әділдік, халық, жұрт, нақыл, афоризм, береке, бірлік Әлихан Бөкейханов
WhatsApp Telegram

Дүние билігі күннен-күнге ақылды, ұста жұрт қолына ауып барады.

Ілмектер: дүние, жұрт, билік, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов
WhatsApp Telegram

Өзіне-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу-өнер болмайды.

Ілмектер: оқу, өнер, жұрт, ел Әлихан Бөкейханов
WhatsApp Telegram

Жаманның аузына жұртта қалған сөз түседі.

Ілмектер: жаман, сөз, жұрт Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.

Ілмектер: жастар, тәрбие, оқу, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Жер жүзіндегі езілген жұрттардың бірі біздің қазақ-қырғыз екені рас болса, бұл жұртты теңгеру үшін көзін ашып, өнер-білім үйретіп, үгіт-насихат тарату қажет болса, қазақ-қырғыз тіліне тоқтаусыз жол ашып, бүгіннен бастап «тілмаш жоқ, мінекей, тақсыр, тілмаш жоқ дегізіп, қазақ-қырғызды енді сандалтпау керек».

Ілмектер: жұрт, тіл, қазақ, қырғыз Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, хәттә жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ өмірінің ішінде һәр халықтың дағдылы тұтынып келе жатқан сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып түзілетін дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады. Һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады.

Ілмектер: халық, тіл, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Мәдениетіміздің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады.

Ілмектер: мәдениет, білім, тіл, жұрт, бай Халел Досмұхамедұлы
WhatsApp Telegram

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.

Ілмектер: тіл, ұлт, сөз, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар,
Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар.
Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар,
Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар.

Ілмектер: адам, өмір, абырой, кәрілік, бай, ас, тамақ, жұрт Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram