Өкпелеп өткенге-кеткенге
Өкпелеп өткенге-кеткенге
Өштеспе, жек көрме, кектенбе.
Өмір ғой, ақылдым, қайтесің,
Өкпешіл бақытқа жеткен бе?
Өкпелеп өткенге-кеткенге
Өштеспе, жек көрме, кектенбе.
Өмір ғой, ақылдым, қайтесің,
Өкпешіл бақытқа жеткен бе?
Елестет мені жатарда, ұйықтарда.
Ұнатсаң ұнат, бірақта сүйіп қалма.
Мендік сезімнің жалыны тас балқытар,
Жазықсыз талай нәзік жан күйіп қалған…
Ұқсатар ем тал бойыңды шынарға,
Көктем күні мақта шашып шулатты.
Нәзіктігің құралайдай деп едім,
Соңғы кезде киіктерді көп атты.
Жастық шақ өткенің бе қайран боп,
Оралыңа шарам да жоқ, айлам жоқ.
Естелікпен күн өткізіп өткенше,
Бір күніңді сыйға берші қайтан кеп.
Жазсам ба - жазбайын ба?
Келемін қалай ымға.
Оқталып - қалтарам көп,
Бейнеңе қараймын да.
Теңеп жүрмін өзіңе көп сын есім,
Бірақ менен зат есімдер қалайсың,
Сан есімнің шаштым талай кәдесін,
Етістіктен біреу қашан сыйлайсың.
Том-том дүние шаң басып,
Тұр өзара шуласып,
Дауласып тұр даналар,
Ақындар тұр мұңдасып.
Қиялында түнеуге бар ақынның,
Қарағым-ау ерекше жаратылдың.
Бірақ соның ішінде көңіліңді,
Дәл өзімдей жаным-ау табатын кім?
Ойланып - ойды таба алмай,
Жайланып - жайды таба алмай,
Баптанып - бабың шаба алмай,
Бақ тауып бағың жана алмай
Қалғаныңда қайтер ең?
Естігенде биліктің былықтарын,
Жамай алмай жүрсе ел жырықтарын,
керең болғым келеді, керең болғым,
Түсінбейтін тұрса да көріп бәрін.
Шабыт жоқ дейсің несіне,
Шықпасаң дала төсіне?
Арқырап, тайдай секіріп,
Ойнақтамасаң көсіле.
Сені көрген көздерім де
кінәлі,
Сені сүйген жүрегім де айыпты.
Бар болғаны көңіліңді ұрладым,
Жазаңды бер жаным енді лайықты.
Демесін қазағымның сағы сынды,
Айтайын жігіттерге алғысымды,
Жер жерден жұдырықтай жомарт жандар,
Жұмылып қамқорлық пен қол ұсынды.
Екеуміздің жолымыз тоғыспады,
Тоғысуға Құдай да болыспады.
Оның көңлін табу да қиын екен,
Қиын дағы тағдырдың ағыстары.
Күннен күнә іздеткіш, Айдан күдік,
Қайдан жұққан мінез — бүл?
Қай заңдылық?
... өмір сүріп жүрмін сол әдетімше:
Бір қалада, жұмыста, құрылыста
Қалың ойда жүреді кіл бір ұста,
Тыныққанда шегеді шылымын да
ойға батып отырып бір бұрышта.
Бақытты өмір сыйлағаны үшін,
Алғыс Әкем мен Анама.
Жетектеп бірге ойнағаны үшін,
Алғыс Әпкем мен Ағама.
Қыран құстай самғаймыз.
Өлең жазсақ талмаймыз.
Айтыңдаршы,ақындар,
Шын өмірде қандаймыз?
Жылатпайтын - жұбататын,
Көп сөйлемей - дөп айтатын,
Көп ойланып - бір айтатын,
Мұңайтпайтын - қуантатын
Түсінеміз бірімізді-біріміз,
Қашықтықтан сөйлесеміз ымдасып.
Арамызда қалар ма екен сырымыз,
Махаббаттың тыңшысындай бір ғашық?
Ақын болып тудың ба,
Батыр болып тудың ба?
Қазағыңның жанына -
Жақын болып тудың ба?
-Сәлеметсіз бе!
-Сәлемет болсын, кім едің?
-Жарнама жайлы, өзіме жүрек іздедім.
Беремін депсіз, жақсы бір жанға ақысыз.
Іздемеген дос - дос па, кім айтады?
Қанша менің көңілім құлайды әлі?
Хал сұрамай құдайкүн , еш себепсіз
Кетпеуші еді жоғалып бұлай бәрі.
Жаралса да бір-бірінің бағы үшін,
Дегенменен тоғыспаған жолдары,
Біреу жүрді аралаумен бақ ішін,
Бақыт құсын байқамастан қолдағы.
Күйін білмей, шашылатын қазақ бар,
Бай болуға асығатын қазақ бар.
Шашылатын-асығатын қазақты,
Берешекке батыратын қазақ бар.
Пенде едім мұңға көп малынбайтын,
Бір уайымнан болыппын арылмайтын.
Соңғы кезде жақынның ұялыма,
Қоңырауы болыпты шалынбайтын.
Сен аман бол, менің жақсы адамым,
Сен қуансаң, мен дағы мәз боламын.
Тоқтамасын жүрегіңнің соғысы,
Тоқтатқанша айналуды ғаламым.
Толассыз күз жауыны құты кеткен,
Салқын самал ырқымен сіркіреткен.
Тіршілікті меңзейді ақ қайыңдар,
Саусағының ұштары дір-дір еткен.
Екі түрлі неліктен аспанымыз?
Бір жұмыр жер емес пе басқанымыз.
Көңілдегі сезімдер егіз болып,
Қосылмай жүр, қалайша бастарымыз?
Сенбесең - сенбе, өзің біл!
Сағына күткен күзім бұл.
Өзіңді қайдам, өзіме
Сыйлайды ғажап сезім бір.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі