Өлең, жыр, ақындар

admin

  • Ұпайы: 7571
  • Тіркелген уақыты: 17.05.2023 22:04
  • Соңғы кірген уақыты: 08.12.2025 02:07
  • Аты-жөні:
  • Жынысы:
  • Пікірлері саны: 0

Жариялағандары

Мақалалар Өлеңдер Жоспарлар Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер

Айдан алқа. Жұлдыздан жүзік іздеме.

Ілмектер: ай, алқа, жұлдыз, жүзік Әбділдә Тәжібаев

Кім қанша төмен түссе де, сен өз биігіңде қал.

Ілмектер: биіктік, төмен түсу Бауыржан Момышұлы

Ұрпақ тәрбиесі елу пайыз сенің мойныңда. Ұлың өзіңнен озатын болсын. Қызың саған қарап серігін тауып, бақытты болсын.

Ілмектер: тәрбие, бақыт, ұл, қыз, ұрпақ Бауыржан Момышұлы

Өміріңнің сапасына тек сен жауаптысың!

Ілмектер: өмір, сапа, жауапкершілік Бауыржан Момышұлы

Өнер үйрен. Мамандығыңда мықтысы бол.

Ілмектер: өнер, мамандық Бауыржан Момышұлы

Пенденің пендеден айырмашылығы — адамгершілігі мен білімінде. Таны, оқы!

Ілмектер: адамгершілік, білім, оқы Бауыржан Момышұлы

Өкпелеме. Өш алма. Санасына бер. Аллаға тапсыр!

Ілмектер: өкпелеме, өш, сана Бауыржан Момышұлы

Уайымға салынудан алшақ бол. Арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін шешім қабылда. Тез шешім қабылда. Тәуекел түбі — жел қайық, жүзесің де өтесің. Уайым түбі — тұңғиық, батасың да кетесің.

Ілмектер: уайым, шешім, тәуекел Бауыржан Момышұлы

Жүйкең әлі талай қажет болады. Болмашыға тоздырма. Шешуші сәттерге бапта.

Ілмектер: жүйке, сәт Бауыржан Момышұлы

Қайтарымынан үмітті болсаң, жақсылық жасама.

Ілмектер: үміт, жақсылық, қайтарым Бауыржан Момышұлы

Саяхатта. Дүниетанымыңның аясы кеңейеді.

Ілмектер: саяхат, дүниетаным Бауыржан Момышұлы

Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің толатындай өмір сүр.

Ілмектер: көңіл, өмір Бауыржан Момышұлы

Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес.

Ілмектер: сйылау, құл, төмендеу Бауыржан Момышұлы

Үйретері мол мықтылардан ұстаздарың болсын. Бірақ, ешкімді пір тұтпа!

Ілмектер: пір, ұстаз Бауыржан Момышұлы

Құмар ойын — əлсіздің əлегі. Мықтының рухы биік, денесі шымыр.

Ілмектер: Құмар, ойын, рух, дене, шымыр Бауыржан Момышұлы

Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тәрбиелей бер.

Ілмектер: есеп, тәрбие Бауыржан Момышұлы

Өзіңді сыйла,
Өзгелер сыйласын.

Ілмектер: сый Бауыржан Момышұлы

Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын.

Ілмектер: мақтаныш, мақтану Бауыржан Момышұлы

Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады.

Ілмектер: ренжіту, қарғыс Бауыржан Момышұлы

Таспен атқанды аспен ат — жеңісің. Содан кейін алшақ жүр.

Ілмектер: жеңіс, тас, ас Бауыржан Момышұлы